Салық органы салық төлеушінің қателіктерін анықтаған кезде хабарландыруға және жіберілген бұзушылықты өзі түзетуді ұсынуға міндетті



Дата29.02.2016
өлшемі64.55 Kb.
Салық органы салық төлеушінің қателіктерін анықтаған кезде хабарландыруға және жіберілген бұзушылықты өзі түзетуді ұсынуға міндетті

( үзінді)

Салық Комитетімен кешенді тексеру жүргізу барысында салық төлеуші "Т." ӨК-не төлем жасауға 17 111 080 теңге салық сомасы, 4 182 069 теңге өсімпұл есептеліп, оларды төлеуге 2004 жылғы 2 қыркүйектегі тексеру актісінің негізінде сол күнгі нөмірмен және заңды шығыспен ескертпе хабарлама жолдаған.

Шығыс Қазақстан облысының салық комитеті салық төлеушінің шағымын қарау нәтижесімен оның дәлелдерін ішінара негізді деп танып, төленуге тиісті салықтардың мөлшері 15 358 573 теңгеге, өсімпұл 3 764 088 теңгеге төмендетіліп, салық комитетінің 2004 жылғы 22 қазандағы жаңа ескертпе хабарламасы берілген.

Салық төлеуші "Т." ӨК-і салық органдарының қорытындыларын негізсіз деп есептеп, салық тексерісінің актісі мен салық комитетінің 2004 жыл-ғы 22 қазандағы хабарламасын жарамсыз деп тану жөнінде сотқа арызбен жүгінген.

Аталған іс сот сатыларында бірнеше рет қаралған.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 6 мамырдағы шешімімен "Т." ӨК-нің тексеріс актісі мен Семей қалалық салық комитетінің хабарламасын даулау туралы арызы ішінара қанағаттандырылған. Құжаттық салық тексерісінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі актісі мен Семей қалалық салық комитетінің 2004 жылғы 22 қазандағы хабарламасы резидент заңды тұлғалардан 12 415 593 теңге мөлшерінде корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі- КТС), соның ішінде 9 941 734 теңге салық, 2 415 593 теңге өсімпұл; 864 873 теңге мөлшерінде қосымша құн салығын (бұдан әрі-ҚҚС), соның ішінде 541 948 теңге салық, 322 925 теңге өсімпұл; 5 300 696 теңге мөлшерінде әлеуметтік салықтың, соның ішінде 4 499 053 теңге салық, 801 643 теңге өсімпұл есептеу туралы бөлігі заңсыз деп танылып бұзылған, ал арыздың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 7 шілдедегі қаулысымен сот шешімі өзгертілген. Жоғарыда көрсетілген құжаттық салық тексерісінің актісі мен хабарламаның резидент заңды тұлғалардан 2002-2003 жылдар үшін 4 499 053 теңге көлемінде КТС, 801 643 теңге өсімпұл; 2002-2003 жылдар үшін әлеуметтік салық есептеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы талаптарды қанағаттандыру бөлігінде бұзылып, арызды осы бөлігінде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарыл-ған.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасымен 2006 жылғы 4 қаңтардағы "Т." ӨК өтінішін қарау нәтижесімен облыстық соттың қадағалау алқасына апелляциялық сатының бірінші саты сотының шешімін өзгерту туралы қаулысын бұзу туралы наразылық келтірілген.

Облыстық соттың қадағалау алқасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен облыстық сот азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 7 шілдедегі қаулысы өзгеріссіз, прокурордың наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алайда, Шығыс Қазақстан облыстық соты қадағалау алқасының судьяларымен 2006 жылғы 11 қыркүйектегі "Т." ӨК-нің қадағалау шағымы негізінде қадағалау өндірісі қозғалған.

Қадағалау алқасының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 7 шілдедегі қаулысының күші жойылып, ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 6 мамырдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысына наразылық келтірілген. Наразылықта қадағалау алқасымен 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулының қайтадан қабылдануы заңсыз, өз өкілеттігін бұза отырып қабылданған деген негізбен қадағалау алқасының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысын бұзуды, осы соттың азаматтық істер жөніндегі алқа-сының 2005 жылғы 7 шілдедегі қаулысын және қадағалау алқасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы қаулысын өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Наразылық уәждерін, отырысқа қатысушы тараптардың өкілдерінің дәлелдері мен қарсылықтарын, наразылықты қолдаған сотқа қатысушы прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерт-теп алқа келесі қорытындыға келген. АІЖК-нің 387-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға сот материалдық не процессуалдық нормаларды елеулі түрде бұзған жағдайда ғана жол беріледі.

Наразылық дәлелдері мұндай елеу-лі заң бұзушылықтардың сот сатыларында орын алғанын көрсетеді, сондықтан Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы қадағалау алқасымен мәні бойынша қаралған.

АІЖК 386-бабына сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының құзіретіне аудандық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына және облыс-тық және оған теңестірілген соттардың азаматтық алқаларының істі апелляция-лық тәртіпте қарау қаулыларына қадағалау шағымдары, прокурор наразылықтары істі бойынша қарау жатқызылған.

Іс құжаттарына қарағанда бірінші және аппеляциялық сатылардағы сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі Шығыс Қазақстан облысы прокурорының наразылығымен тексерілген, қадағалау алқасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған.

Облыстық соттың қадағалау сатысымен іс бойынша тараптардың бірінің шағымы, сондай-ақ шағымның жаңа дәлелдері бойынша істерді қайта қарау қолданыстағы АІЖК-мен қарастырылмаған.

Осы көрсетілген мән-жайлар бойынша облыстық соттың қадағалау сатысы 2006 жылғы 20 қыркүйектегі іс бойынша тараптың қадағалау шағымы негізінде істі қайта қарауға құқығы жоқ болатын. Осыған орай наразылықтағы соттың қадағалау шағымын соттылықты бұза отырып, облыстық сот судьяларының өкілеттіктерін асыра отырып қараған деген дәлелдер негізді болып табылады, АІЖК 7-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 1-бөлігінің 1) тармағына сәйкес қадағалау алқасының 2006 жыл-ғы 20 қыркүйектегі қаулысының күші жойылуға жатады.

Сонымен қатар, АІЖК 397-бабына сәйкес АІЖК 25-29-тарауларымен көзделген істер бойынша қадағалау сатысының соты бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың қабылдаған қаулыларының заңдылығы мен негізділігін шағым мен наразылықтың дәлелдерінен тәуелсіз толық көлемде тексерген.

Бұл іс салық төлеушінің салық органының актісі мен хабарламасын даулау туралы арызы негізінде сотпен қозғалып, АІЖК-нің 27-тарауымен белгіленген тәртіппен қаралған. Сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі қадағалау алқасымен толық көлемде тексерілген.

Іс құжаттарынан көрінгендей, салық төлеуші "Т." ӨК-і 2002-2003 жылдары құрылыс жөндеу жұмыстарын субмердігерлік ұйымдарды тартумен жүзеге асырып отырған.

Салық комитетімен жүргізілген қарама-қарсы тексерулердің актілеріне сәйкес кооперативпен байланыста болған заңды тұлғалармен шарттар негізінде орындалған жұмыстардың құны 2002 жылы 69 111 951 теңгені, 2003 жылы 91 757 783 теңгені құраған.

Салық төлеушінің тапсырыс беруші-ден алған, бірақ субмердігерлерге төленген ақша қаражаттарын өз табысы ретінде санамай өзінің салықтық есебінде көрсетпегені анықталған.

Бұл жерде салық комитеті "Т." ӨК-нің есеп шотына түскен барлық ақшаны табыс ретінде танып салықтарды табыстың барлық сомасынан оңайлатылған әдіс бойынша есептеген.

Бірінші саты соты "Т." ӨК-нің 2004 жылғы 22 қазандағы салық тексерісінің актісі мен хабарламаны жарамсыз деп тану туралы арызын қарай отырып, 2005 жылғы 06 мамырдағы шешімінде салық комитетінің тексеру актісінде салық төлеушінің салық төлеудің оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимінің орнына жалпы белгіленген тәртіпті қолдануы керектігін құқыққа сай көрсеткен деп таныған. Сонымен бірге, сот салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес КТС мен әлеуметтік салықты төлеу кезінде де жалпы тәртіппен салық төлеуі керек деп таныған. Алайда, салық комитеті салықтарды есептеу кезінде барлық түскен ақшаны салық төлеушінің табысы деп танығанымен шегерім жасамаған, ал сот істе қарсы тексеріс туралы мәліметтер болса да мұны салықты екі рет төлеуден қате есептеп салықты есептеу дұрыс жүргізілмеген деген негізбен тексеріс актісі мен хабарламаны заңсыз деп таныған.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші саты сотының шешімін осы бөлігінде күшін жоя отырып, салық төлеуші оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ деп көрсеткен. Алайда, салық төлеуші салық режимін өзгерту туралы өтініш жасамағандықтан салықты есептеудің жалпы тәртібіне өтпеген, сондықтан бұл саты сотының пікірінше салық комитеті Салық кодексінің 376-бабының 3-тармағын және 377-бабының 5-тармағын басшылыққа алып салық сомасын есептеуді ешқандай да түзетулер мен шегерімсіз құқыққа сай дұрыс жасаған.

Сонымен қоса, салық органы қарсы тексеріс нәтижесінде салық төлеушінің қателіктерін анықтаған кезде салық төлеушіні хабарландыруға және жіберіл-ген бұзушылықты өзі түзетуді ұсынуға міндетті. Оған қоса салық төлеушінің қызметін тексеру кезінде салық органы салықтарды есептеу мен төлеудің тәртібі дұрыс қолданылмаған фактісі анықталған жағдайда, бұл бұзушылықты жоюы және салық салудың тиісті режимін қолдана отырып салықты дұрыс есептеуі тиіс.

Осыған байланысты, алқаның пікірі бойынша бірінші саты соты өз шешімін-де салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес Салық кодексінің 92-бабының талаптарын ескере отырып, КТС мен әлеуметтік салықты төлеу кезінде жалпы тәртіпті қолдануы қажеттігін дұрыс көрсеткен. Жалпы жылдық табысты алумен байланысты шығындар салық салынатын табысты анықтау кезінде алынып тасталуға жатады. Аппеляциялық саты сотының салық органдары салық сомасын ешқандай түзетулер мен шегерімсіз дұрыс есептегені туралы қорытындылары салық заңнамасының салық салудың анықтылығы мен әділдігі туралы талаптарына қайшы келеді. Бұл сот сатысының қаулысын заңды және негізді деп тануға болмайды.

Мазмұндалғандарды ескеріп, АІЖК 398-бабын басшылыққа алып алқа:



Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 7 шілдедегі қаулысының, Шығыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасының 2006 жыл-ғы 14 қаңтардағы және 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулыларының күшін жойып, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 6 мамырдағы шешімін күшінде қалдырды.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандырылды.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> c1eb23fbefed9edd46257375002e9a27 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың екінші жартыжылдығындағы заңдарына шолу Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары
$FILE -> Обзор судебной практики по спорам, вытекающим из договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев автотранспортных средств
$FILE -> Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасында Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандырудан бас тартылды


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет