«Сантики, Фантики, Лимпопо»



Дата17.01.2023
өлшемі14.57 Kb.
#468481
ойындар


  1. «Сантики, Фантики, Лимпопо».

Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.



  1. «Кім жылдам» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер, ЖЕЛ, ЖАҢБЫР» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам
- «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың аттарын
- «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың аттарын
- «жер» дегенде аңдардың аттарын
- «жел» дегенде гүлдердің аттарын
- «жаңбыр» дегенде адамдардың есімдерін
айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет