Саяси мәдениет пен мінез-құлық. Саяси сана мен саяси идеология



Дата10.04.2023
өлшемі0.72 Mb.
#472001
түріСабақ
СПЗ


Саяси мәдениет пен мінез-құлық.
Саяси сана мен саяси идеология.
Саяси мәдениет
Қоғамдағы саяси идеялар
Принциптер
Құндылықтар
Саяси дәстүр
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы.
Саяси мәдениет қызметтері
Реттеушілік
Тәрбиелік
Сабақтастық
Біріктірушілік
Қорғау
Танымдық
Саяси мәдениет типтері (Г.Алмонд және С.Верба ұсынған)
Патриархалды
Боданды
Активисттік
Патриархалдық саяси мәдениет жергілікті құндылықтарға негізделіп, соған орай жалған патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, рушылдыққа жетелеуі ықтимал. Мұндай саяси мәдениет иегерлерінің қоғамның саяси жүйесі туралы түсінігі шамалы, олардың саяси өмірге қатынасы да шектеулі, нақтылы саяси рөл атқаруға деген құлшынысы төмен болмақ.
Бодандық саяси мәдениетке жататын адамдардың қоғамның саяси жүйесі туралы белгілі бір түсінігі болғанымен, олар саяси өмірге енжар ғана араласып, көбіне билікке, заңға мойынсынып өмір сүреді. Олар, бір жағынан, биліктен жасқанып, бодандық мінез танытса, екінші жағынан, оған иек артып, әртүрлі игіліктер, әлеуметтік жәрдемдер күтумен болады.
Активисттік мәдениетіне саяси белсенділік тән, сондықтан оны басқаша азаматтық мәдениет деп те атайды. Азаматтар саясатқа белсенді араласып, саяси талаптар қою арқылы саяси жүйенің қызметіне заңды түрде әсер етіп отырады.
Саяси сана
Өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейді.
Адамдардың бұл саладағы іс-әрекетіне бағыт бағдар береді.
Әлеуметтік сезімдер, түсініктер,көзқарастар жиынтығы
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.
Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, коммуникативтік, идеялық.
Саяси сананың құрылымы
Қарапайым саяси сана
Теориялық саяси сана
Психологиялық саяси сана
Идеологиялық саяси сана
Саяси сананың түрлері,қызметтері
Арнайыланған саяси сана Бұқаралық саяси сана
Танымдық (когнитивтік)
Идеологиялық
Тәрбиелік
Болжамдық
Коммуникативтік
оның басты мақсаты белгілі бір бағдарлар мен қағидаларды қалыптастыру, дамыту және оларды қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе партиялар мен козғалыстардың қатардағы мүшелерінің санасына енгізу болып табылады.
ол қоғам мұқтаждықтарының мазмұны мен деңгейін айқындап, саяси шындық жөніндегі қоғамдық білімнің тұрпатына, нақтылы тарихи ахуалдың мазмұнына сай, үнемі өзгеріп отырады.
Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:
а) танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;
ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;
б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;
в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;
г) тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі.
"Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеологияның қызметтері
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет