Семинар және ф.ғ. к., доцент Ж.Қ. Смағұловтың «Бата сөздердің тағылымдық табиғаты»



Дата07.07.2016
өлшемі15.86 Kb.
түріСеминар
«Басқару тілін қалыптастырудағы бата-тілек сөздерінің рөлі» атты семинар
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 5 маусымында «Басқару тілін қалыптастырудағы бата-тілек сөздерінің рөлі» атты семинар және ф.ғ.к., доцент Ж.Қ.Смағұловтың «Бата сөздердің тағылымдық табиғаты» зерттеу еңбегінің тұсаукесерін өткізді.

Семинардың мақсаты - мемлекеттік тілді үйренушілердің сөздік қорын байыту және ұлттық дәстүрді кеңінен насихаттау үшін мемлекеттік басқару тілін қалыптастырудың бір жолы – бата-тілек сөздерінің мәнін ашу және ф.ғ.к., доцент Ж.Қ.Смағұловтың «Бата сөздердің тағылымдық табиғаты» атты зерттеу еңбегімен таныстыру, насихаттау, сонымен қоса, аталған еңбек төңірегінде ой бөлісу болды.

Семинарға Қарағанды облысының басқармалары, ғалымдар мен студенттер, қазақ тілі оқытушылары, облыстық және жергілікті БАҚ өкілдері шақырылды.



Семинарды облыс әкімінің орынбасары Р.Әбдікеров салтанатты түрде ашты. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің доценті С.Жұмағұлов «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы фольклортану ғылымының өзекті мәселелері», ф.ғ.к., доцент С.Такиров «Қазақ фольклоры шағын жанрының теориялық мәселелері», ал ф.ғ.к., доцент Ж.Смағұлов «бата сөздердің тағылымдық табиғаты» тақырыбы бойынша баяндамалар жасады. Бүгінгі күнде өте өзекті болып табылатын бата-тілектерге қатысты ой бөліскен ғалымдар мен мемлекеттік мемкеме қызметкерлері ұсыныстар айтып, ризашылықтарын білдірді.







Каталог: files upravlenie -> upravleniya -> uprrazyaz
uprrazyaz -> Болашағымыз – мемлекеттік тілде
uprrazyaz -> Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысына
uprrazyaz -> Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысына
uprrazyaz -> «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ » атты өзге ұлт өкілдері арасындағы облыстық Абай оқулары байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 29 мамырында «Шалқыма» концерттік залында «Мақсұтым – тіл ұстартып
files upravlenie -> «Метод Сильва» официальное представительство в Санкт-Петербурге


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет