Сәрсеке, М. Мәскеу-"жзл" сериясы. 7-ші кітап/ М. Сәрсеке; әңгімелескен Ж. Аупбаев //Егемен Қазақстан. 2007. 28 қараша (№367-370)



Дата23.02.2016
өлшемі152.93 Kb.
Сәрсеке, М.

Мәскеу-"ЖЗЛ" сериясы. 7-ші кітап/ М. Сәрсеке; әңгімелескен Ж.Аупбаев //Егемен Қазақстан. - 2007. - 28 қараша (№367-370)
Кешігіңкіреп түскен алғашқы қар Астана көшесін қымтай жауып, көңіл желпініп отырған мерейлі күн еді. Кабинет есігі айқара ашылып, Медеу Сәрсеке ағай кіріп келді. Сәлемдесуден соң: "Не шаруамен жүрсіз?" деп едім: "Жанболат, жаңа кітабымды көрсете келдім... - деп портфелінен "Евней Букетовті" суырып, алдыма қойды.- Сүйінші данасы, Мәскеуден кеше ғана алдым. Бес мың дана таралымы бірер аптада Қазақстанға әкелінеді..."

Қалыңдығы кірпіштей, 600 бет дүние. Оның ішіндегі 32 парак, қымбат қағазға академик Е. А. Бөкетовтің ғұмыр белестерін бейнелеген суреттер беріліпті. Мұқабасы да аса көркем, алты түрлі бояумен безендірілген: Ебіней Арыстанұлының парасатты бейнесінің астына Есілді жағалап келе жатқан түйелі көш; оған қатарласа Қарағандыда тұрған қос шахтердің әдемі мүсіні берілген... "Молодая гвардия" баспасының әлемге әйгілі "ЖЗЛ" сериясының 1292-ші кітабын кызыға қарап отырмын. Еңбектің беташарына Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: "Қазақ кауымына... академиктер Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетовтің есімдері етене мәлім. Олар біздің ұлттық, мақтаныштарымыз. Республиканың бұрынғы басшылары оларды ұзак; жылдар бойы ел жадынан ұмыттыруға тырысты. Қазірде біз нақақтан кұрбан болған, жазықсыз жапашеккен ардақтылар есімін сүйіншілікке толы һәм кешірілмес кінәлі сезіммен халыққа қайтардық... Соны ертерек жасағанымыз жөн еді, сөйтсе де ештен кеш жақсы емес пе?!"- деген, 1990 жылғы сұхбатында айтқан сөзі берілген.

- Медеу аға, мына кітабыңыз ұлт мерейін биікке көтеретін игі іс! Қайырлы болсын, мұны сіз кашан, қай уақытта әзір еттіңіз? Аса мәртебелі бұл сериядан ұлттық алты тұлғамыз - Сәкен, Қаныш, Шоқан, Кенесары, Нәзір ұлықталып, ал Мұхтар Әуезов ағамыз былтыр ғана шықты. Сіздің "Евней Букетов" - осы серияда жарияланған жетінші тұлға!...- деп қуаныш білдіріп, диктофонды қостым. - Ал, ағасы, осы дүниенің туу хикаятын елге жеткізейік.

-"ЖЗЛ" сериясына сіз екінші мәрте шығып отырсыз. Рас, "Сәтбаевты" ширек ғасырдан ; кейін "Қазақстанның Ресейдегі жылы" аталған 2003 жылы қайыра бастырдыңыз. Соған орай менде өзгеше ой туып отыр: Қазақстан ғылымының көш басында болған алып тұлғалар өмірін ұлықтауды өзіңізге шығармашылық мұрат еткен сияқтысыз. Мына кітабыңыз маған бұрынғы ғүмырнамаңыздьщ занды жалғасы сияқганып көрініп отыр...

- Ту баста мен өзіме ондай мақсат қойғам жоқ, көп жылдар бойы жүйелі түрде жүрген зерттеу мен шығармашылық еңбегімді солай бағаласаң - не деймін, қисынды уәж. Тегінде мен кеңестік қызыл үгіт өсерлі болған заманда ес біліп, білім алған адаммын. Қаныш ағадай білікті инженер болғым келіп, Қазақстандағы бірден-бір техникалық оқу орны - Қазақ кен-металлургия институтына түстім. Сол ұжымда студент болып жүріп, Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтен "Сирек металдар металлургиясы" пәнінен дәріс тыңдадым. Бұл 1956жыл,Ебекең ол кезде доцент, отыз жастың өріне шыққан қайратты кезі...

- Сонда болашақ кітабыңыздың кейіпкерін сіз студент кезіңізден біліп, жете танығансыз ба?

- Ебекеңнің ұстаздық ұлағатымен үшін екі жақты болды. Сол жылдары ол кісі білгір әдебиетші атанып, қазақша ғана емес, "Ленинская смена", "Ка-захстанская правда" газеттерінде белгілі ақын-жазушылардың шы-ғармаларын талдаған сыны жиі шығып тұрды. Кімді болсын, абырой-атағына қарамай аяусыз жөне әділ сынайтын. Ал, олар кімдер дейсің ғой? Тайыр Жароков, Қалижан Бекхожин, Қабыл Боранбаевтың өлеңдері, Әбділда Тәжібаев, Шахмет Құсайыновтың драмалары. Бір жолы Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлке" романын талдаған етектей мақаласы "Казправданың" екі бетінде жарық көрді. Мені ерекше таңғалдырған жәйт: сол мақалаларды техникалық ілім соңында жүрген ғалым-металлургтің жа-зуы.... Әрине осы гәп маған да ықпал етті. Өйткені мен де "Лениншіл жас" газеті мен балаларға арналған мерзімді басылымдарға техника туралы сол кезде танымдық әңгімелер жазып, қаламымды үштай бастағанмын. Не нәрсе болсын еліктеуден туады, ұстазымның әмбебап өнері, әрі екі тілде бірдей жазатын қабілеті ерекше әсер етіп, "болмасам да ұқсап бағуға" тырыстым. Бертін-де мына кітапты жазу үстінде Ебекең каламы өрген әдеби еңбектерін шұқшия оқып, кейбірінен үзінділер келтірдім. Бүгінгі күннің төрінен қарағанда, әдеби деңгейінің жоғары екендігіне шүбөсіз сендім.



- Демек, Ебіней Арыстанұлымен рухани жақындасуыңыз студент кезіңізде өрбіген. Қызық жағдаят?! Әрине, елу жылдан кейін ұстазыңыз туралы ғүмырнама хикаят толғаймын деп ойлаған жоқсыз...

- Өз қатарынан оқ бойы озып, ғылыммен бірге әдеби еңбектерімен де жұртты сүйсіндіріп жүрген сақа жігіт, әрі баяғының батырлары сияқты алып тұлғалы, келбет-пішіні, кесек тұрпаты да тусаң осылай ту дегендей нар азаматқа еліктеуім өмір шындығы. Әлқисса, инженер-металлург дипломын иелендім, Ебекеңмен жақындасқаным сонша, бесінші курста ол кісі менің диплом жұмысымның жетекшісі болды. Әдебиетке әуестенуді де тастағам жок, институтты бітірерде аяқтаған алғашқы ғылыми-фантастикалык, хикаятым "Ғажайып сәуле" жеке кітап болып жарық көрді... Сол кітапшаны парақтап отырып, Ебекең марқүм: "Түбінде сен әдебиетші боласың, қазірдің өзінде өз жанрыңды таптың - деп сүйсініс білдірді. Сөйтсе де мен, жас кезім ғой, бір жылдай уақыт ері-сөрі ойда жүріп, ақырында инженер маман-дығымды игеру үшін өндіріс орнына аттандым. Бірақ, алты жыл істеген соң өдеби еңбекке біржола ауыстым. Сөйтуіме әсер еткен Ғабең (Мүсірепов), Әлекең (Марғүлан) тәрізді үлкендер де болды, қысқасы, Каныш ағаның ғүмыр жолын өдеби әспеттеуге бет бұрдым. Одан не шыққаны жүртшылыққа мәлім... Ал, сол еңбекті біржола аяқтаған кезде, "Егемен Қазақстанда" жарық көрген сұхбатымда ұлы Қаныштың ілімін жалғастырған, адамзат қауымына өшпес еңбектер берген ізбасар інілерін хал-қадерімше ұлықтап жазамын дегемін.

- Ебіней ағамыз болса Қанекеңнің тікелей тапсырмасымен 1960 жылы Орталық Қазақстанда жаңа ғылым ошағын өркендетпек болып, Қарағандыға қоныс аударды. Сол жерде шаңырақ көтерген Химия-ме-таллургия ғылыми зерттеу институтын басқарып, одан соң Қазақ-стандағы екінші университет Қар-МУ-дің тұңғыш ректоры болды. Сіз де, басқалар да бұл турасында соңғы жылдары жеріне жеткізе жазды-ңыздар. Мысалы, бізде жарық көрген үлкен суреттемеңізді "Қаныштың ізбасар інісі" деп атағансыз...

- Осы атаудан-ак, Ебіней Бөкетовтің қандай ғалым екені атойлап тұр емес пе? Тегінде академик атанған, елеулі жаңалықтар ашқан ғылым докторларының бәрін бірдей Қаныштай ұлының қасына қосып, ері ізбасар інісі деп ұлықтауға болмайды. Сөйту үшін мықты дәлел керек! Қаныш Имантайұлының басты еңбегі - Үлкен Жезқазғанды қайыра ашып, әлемдік мыс қорын әйгілеуі дейміз. Алайда ол кісінің есімін осы күнге дейін геология ілімінде алға шығарып, ғүлама атандырып отырған іс - Жезқазған емес, жер қыртысында металдар қорының жаралу тегін анықтау арқылы қандай металдың қай жерде, қандай терендікте шоғырланғанын нақты болжайтын металлогения ілімін негіздеуі. Бұл турасында РАН-ның академигі А.Н.Шило 1999 жылы:"Металлогениялық болжам карталарын жасаған кезде Сәтбаев өз қатарынан елу жыл алға шығып кеткен еді, ал қазір, XXI ғасырға өткелі тұрғанымызда ол бізден тағы да елу жыл алда тұр!.." дегені текке айтылған сөз емес... Ебіней Бөкетов болса ұстазы негізін бекемдеген металлогения ілімін екінші қырынан дамытып, яки жер қойнынан табылған кен қоймалары кұрамындағы барлық металды түп-түгел айырып, техника қажетіне пайда-лану ісімен өмір бойы шұғылданып, ақыр аяғында сол меселені ұтымды шешкен ғүлама. Әрине, жас та дарынды ғылыми қызметкерлерді ХМИ-ге жиып, ғылыми мектеп түзу арқылы көздеген түп мақсатына жеткен.Оған айғақ: Ебекеңнің жетекшілігімен 1960-1983 жылдарда 63 адам ғылым кандидаты болып шығыпты, соның 23 саңлағы қазір-де ғылым докторы; соңғылардың қатарынан 13 адам - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды... Бөкетов түлектерінің катысуымен Қазақстан өндірісінде (Өскеменде, Балқашта, Жезказғанда, Теміртау қара металлургия алыбында, Екібастұз, Ақсу жөне Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарында) соңғы ширек ғасырда техникалық жаңару ісі жүзеге асты. Бұрын мыс, мырыш, қорғасын, кадмий сияқты ауыр металдарды тонналап өндіретін зауыттар енді қоқыспен кететін, иә түтін құрамында ауаға тарайтын сирек және шашыранды металдар (ал олардың әр грамы мыңдаған АҚШ долларымен бағаланады) өндірілетін болды. Бұл да мемлекетке миллиондаған кіріс берді...

- Осыларға бірер мысал келтірсеңіз... Әңгіме міне, сонда тіпті түсінікті болар еді.

- Селен мен теллурды мыс өндірісінің қалдығынан айырумен Ебіней Арыстанұлы шұғылданған кезде, бұл зерттеуді ол кісі 1957 жылы Алматыда бастаған, химиялық элементтер кестесінің галогендер тобына жататын қос халькогеннің (мыстың латынша атауы - халько, ал соған еріп жүретін элементтерді халькогендер дейді) шығымы небәрі 60 пайыздан аспайтынды. 1966 жылы ғалым селен айыру технологиясын жетілдіру жайында Мәскеуде докторлық диссертация қорғап, өзі ашқан жаңа технологияны өндіріске енгізу үшін тағы да он-шақты жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры өз дегеніне жеткенде - селенді айырудың мөлшері 90 пайыздан асқан. Енді мына ғажапқа қараңыз: анау алдыңда жатқан қалақтай қалта телефонның бірде-бірі бұл металсыз істемейді!.. Демек, Ебекең өткен ғасырдың 60-жылдарында-ақ селеннің адамзат үшін қаншалықты қажет екендігін және оған деген сұраныс жүздеген есе өсетіндігін болжаған! Тағы бір мысал, бұл да - біздің кешегі кеңестік өндірістің мешеу дамуының, бюрократтық жүйенің кереғарлығының салдары: осы элементтерді кептеп айыруды автоклавта (өте жоғары қысымда жене бітеу қондырғыда жүмыс істейтін жарақ) жүзеге асыруды Ебіней ағамыз 1961 жылы ұсынған, сол жайында одақтық "Түсті металдар" журналында мақала жариялаған. Алайда автоклавты пайдалану КСРО өндірістерінде кәдеге асқан жоқ, тіпті сондай жарақ бізде болмаған. Ал Германияның Мансфельд қаласындағы зауыт ХМИ ғалымдары ойлап тапқан жаңалықты 70-жылдары қолданып, шаш-етектен пайда көріпті. Осы мысалдан-ақ аңғарған боларсың, Бөкетов мектебі Кеңес Одағы ғана емес, күллі дүние жүзінде сирек жөне шашыранды элементтерді айырудың ең озық технологиясын ойлап тауып,көш басына шыққан.Ғылымның осы саласы бойынша, тәубе делік Қазақстан химиктері әлі де алда. Бұл мәселе жайында бес мәрте шақырылған халық аралық ғылыми конференцияның Қарағандыда өтуі де (алғашқы екеуіне Ебекең төрағалық еткен) көп жайтты аңғартса керек...Тағы бір мысал: Жезқазған кенінен осьмийдің изотопын айыратын Жезқазғансирекметалл кәсіпорны 99,99 пайыз таза өнім алады, ал Америка осьмийінің тазалығы 70 пайыз шамасында болыпты. Нәтижесінде Қазақстан оны Америкадан үш есе артық бағаға сатып отыр.Бұдан үш жыл бұрын қолыма түскен ресми деректен мен бір грамм осьмийдің құны 36 мың АҚШ доллары болғанын оқып едім,қазір одан да қымбат деседі.Бұл мақтанарлық та, шаттанарлық та өнеге емес пе?!

- Түйіндеп айтқанда, академик Бөкетов өзінің Сәтбаев секілді ұлы ұстазының металлогения ілімін ілгері дамытып, нақты зерттеумен пайдалы іске айналдырды дейсіз ғой?

- Бұл жерде, бауырым, бір жәйтті ашып айтқан жөн: бізде ғылымның әр саласын жете меңгерген ғалымдар бар, бірақ солар өзі шұғылданған салада дүние жүзілік деңгейге жетіп, Сөтбаев, Бөкетов сынды ғылыми мектеп түзген жоқ. Осы арада тағы бір сұрақ туады: Ебіней Бөкетов осынау таңғажайып жетістікке калай жеткен?.. Ғұмырнама кітабымда мен бұл гәпті жеріне жеткізе сипаттадым. Ал, түйіндей айтсам: біріншіден, Қазақ кен-металлургия институтында аса көрнекті металлург ғалымдар ұстаздық етті - Аветиян, Стендер, Цефт, Смирнов, Пономарев сияқгы түсті металлургия ілімінің сол замандағы дүлдүлдерінен Ебекең студент, аспирант кезінде дәріс алған; екіншіден, Ебіней Арыстанұлы Алматыда отырып қалмай, Қарағандыға 35 жасында қоныс аударып, дербес институтқа жетекші болды, ХМИ-да еңбек еткен 12 жылда ол өз ілімі саласында көшелі зерттеу бастап және сол ұжымға небір дарынды жастарды жиған, ең ғажабы, соларға ешкім бөгет болмай, тың

зерттеумен емін-еркін шұғылданған, әрі өндірістік сынақпен үзбей айналысқан. Бейнелеп айтқанда, өндіріс қазанында ертелі-кеш пісіп-қатқан. Зерттеушіге бұл ерекше таным, білгірлік дарытатыны әлми-сақтан мәлім; үшіншіден, ғылыми әріптестерінің айтуынша, Ебіней Арыстанұлында зерттелген істің өрісін болжай білетін қабілет болған... Төртінші гәп: аспирант кезінде болмаса, ол кісі зертханада тап-жылмай отырып, тәжірибе жүргізбеген; тегінде ол - ғалым-теоретик. Сынақты шәкірттері жасайды, Ебекең өзі соған бағыт сілтейді. Болжамы бекімесе екінші бағытты нұсқайды. Әрі бір бағытты бірнеше адамға бөліп беріп, жан-жақты іздеттіреді және соны бірнеше жыл жасатудан жалықпайды. Сайып келгенде жетекшінің болжауы дұрыс болып шығады... Сөйтіп, табиғат сый еткен ерекше дарын, көрегендік қабілет, әрі ауыр еңбектен жалықпайтын төзім мен ғылымға деген адалдық ол кісінің өз қатарынан қара үзген ғұлама атануына жеткізген...

- Медеу аға, әңгіме желісін мына кітабыңызға аударайық. Өзіңіз былтыр маған сыйлаған "Тандамалы шығармаларыңыздың" 6 томдығының 5-ші кітабын сіз "Қайран Бөкетов" деп атаған едіңіз. Ал ол хикаят ұстазыңыздың туғанына 80 жыл толуына арналған 2005 жылғы мерейтойға шашу ретінде "Қазақстан" баспасы шығаратын "Ғибратты ғұмыр" сериясы бойынша жарық көрген "Ебіней Бөкетовтің" екінші басылымы. Соған іле-шала осы ғұмырнаманы Астанадағы "Фолиант" баспасы әдемі мұқабамен көркемдеп, тағы да бір мәрте шығарып, "Нар-тұлға" атаған сериялы басылымның № 1 кітабы етіп жұртшылыққа ұсынғанын білемін..



- Нақ осы баспа биылғы көктемде Ебіней Бөкетовтің орысша нұсқасын жарыққа шығарды.Оның ішкі бетіне мен Феномен Букетова деген өзгеше атау жазғыздым.

- Демек, үш жылда Бөкетов ғұмырнамасы Қазақстанда төрт рет басылған. Бесіншісі мынадай үлкейген көлеммен Мәскеуден шығып отыр. Бұл енді біздің әдеби, рухани өмірде сирек кездесетін оқиға! Соның да жөн-жосығын тарқатып айта кетсеңіз...

- Еңбегім ерекше сәтті болғандықтан жолды болып отыр... деген күпір ойдан аулақпын.Бірақ сол кітаптардың осындай сұранысқа ие болуы-шынтуайтын айтқанда, ұлтымыздың біртуар перзенті,Қазақстан ғылымының мақтанышы, академик Е.А. Бөкетовтің соңғы 15-16 жылда бақ жұлдызы жарқырап, ардақты есімінің халыққа кең тарап, ұлан-ғайыр ғылыми еңбектерінің туған еліне миллиондап (әрине, АҚШ доллары есебімен) табыс өкеліп, әрі үлттық мерейімізді биікке көтеріп, сирек және шашыранды металдар өндіру саласында Ресей, Германия, Америка, Канада, Швеция, Қытай, Австралия сияқты (ұзын саны 14 ел) техникасы озық елдермен иық теңестіріп, кейбір элементтер бойынша ең үздік технологияға ие болып отырғанымыздың арқасы деймін... Алып тұлғаның ортамызда жүргенде бағаланбауы, бағалау қайда, кермегенсіп, білмегенсіп, көпе-керінеу шетқақпайға түсіп еленбегені - өкінішті жәйт, амал канша!? Бұл да өзіміз бастан кеш-кен кешегі кертартпа заманның кешіруге болмайтын оспадар ісі.

- Сөйтсе де сол қателік қазір түзелді. Академик Бөкетовтің ғылыми мұрасы нешеме том болып жарыққа шықты. Өзі негізін қалаған ҚарМУ біртуар тұлғаның есімімен аталады. Ғалым жұмыс істеген оку ғимаратында мұражайы жұмыс істейді. Қарағанды мен Петропавлдың орталық көшелеріне Е.А.Бөкетов есімі берілді. Есіл жағасындағы Шал ақын ауданында өзі оқыған ортаорталық көшелеріне Е.А.Бөкетов есімі берілді. Есіл жағасындағы Шал ақын ауданында өзі оқыған орта мектеп сол кісінің атында. ҚарМУ-дың бас ғимаратының алдында зәулім қола ескерткіші бой көтерді. Менің білуімше, Қаныш Сәтбаев болмаса, қазақ ғалымдарында бірде-бір тұлға мұндай зор құрмет пен айырықша ізетке ие болған жоқ!..

- Сірә, бұл жерде бір жәйтті ашып айтқан жөн. Қадірменді Ебіней Арыстанұлының өмір жолын зерттеуші ретінде мен бұл құрметтің неден басталғанын, қалай өрбігенін жақсы білемін. Ебекеңнің еңбегін, ардақты есімін туған халқына қайтару, шәкірттері, ниеттес достары күткендей бірден сәтті бола қойған жоқ. Мысалы, Қарағанды ғалымдарының, зиялы қауымның Алматыға жолдаған хатына Қазақстан КП Орталық Комитетінің бір хатшысы: "Жазушылар одағына мүше немесе ғылым адамы екен деп, марқұм болған әрбір докторға көше үлестіре алмаймыз, мына арызды сөзбұйдаға салып, жауып тастаңдар..." - деген сипатта жеку естірткені 1987 жылдың жазы болатын. Бірақ, Қарағандының зиялы қауымының күресі тоқтаған жоқ, теледидар мен газет беттерінде бір жарым жылдай үзбей жүрді. Мен де сол күреске ішінара атсалыстым. Бірақ, ғалым мұрасына бейтарап көзқарас өзгере қоймады... Сөйтіп, салымыз суға кетіп жүргенде, 1990 жылдың басында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Правда" газетінде сұхбаты жарияланды. Нұрсұлтан Әбішұлының жоғарыда келтірілген жүрекжарды лебізі сол басылымда айтылды. Бұл арада мәселенің турасын айту керек, өйтпесек шындықка тағы да қиянат жасаған боламыз, осыдан соң-ақ академик Бөкетовтің есімін де, еңбегін де халыққа қайтару ісінде шұғыл бетбұрыс басталды. Әлгінде өзің түгендеп санаған игі шаралардың бәрі де содан кейін жүзеге асты.

- Қандай кітап болсын, әсіресе тұлғалар туралы деректі ғұмырнама хикаят толғау оңай емес. Оның үстіне есімі, еңбегі жұртқа мәшһүр ғалым туралы еш нәрсені ойдан құрап, жүйрік қиялмен өруге болмайды... Мына кітабыңызды жазуда неден қиналдыңыз, жалпы "Ебіней Бөкетов" қалай жазылды?

- "Сәтбаевты" қырық жылдан астам уақыт толғағанда үйренген, деректерді сұрыптап, таңдауда машық еткен тәжірибем бар. Соның да септігі тиген шығар, қалайда Ебіней Арыстанұлының барлық архиві, хаттары, қолжазбасы, ғылыми һәм әдеби еңбектері қолыма тиген соң, сірә, жас күнімнен ол кісіні жақсы білетінім, әрі өмір бойы аралас-құралас болғаным, өзара жазысқан хаттарым мен әңгіме-сұхбаттар... ой қозғап, сан алуан оқиғалар көкейімде мені жаз деп сайрап тұрды да, алғашқы тарауларды төрт-бес айда қиналмай қағазға түсірдім. Кідіріс Ебекеңнің ғылымына жеткенімде басталды. Қарағандыға барып, апталап жатып, ХМИ-дағы шәкірттерінен металлургия ілімінің маған бейтаныс құпиялары туралы дәріс тындап, түсінік алуға тура келді. Қысқасы, оны да еңбекпен жеңдім. Шешуі қиын күрделі қиындық маған басқа шаруадан кезікті...

Оны ұтымды түсіндіру үшін әлем әдебиетінен мысал келтірейін. Өмірбаяндық кітаптардың майталман шебері Андре Моруаның антибиотиктерді тұңғыш ойлап тапқан ғалымның жұбайына: "Француз әдебиетінде қандайда ұлы тұлғаның өмір жолын ол адам қайтыс болғаннан 50 жылдан кейін ғана айқын суреттеп жазуға болады... деген қатаң қағида бар. Ал сіз маған арамыздан кеше ғана кеткен еріңіз туралы кітап жаз дейсіз. Жазар едім, сэр Флемингтің ғылымдағы жанқияр ерлігін ұлықтау - мен үшін абыройлы іс болар еді. Алайда еріңіздің сол ісіне кедергі жасаған, ғұмырын қысқартқан әріптестерінің кезін бақырайтып қойып, қалай жазамын?!.." деген сипатта ұзақ хат жазып ақталған. Мен осы хикаятты бастағанда Ебекеңнің арамыздан кеткеніне небәрі 20 жыл өткенді. Ол кісіге қызғаныш отына өртеніп, қастандық ұйымдастырған әріптестерінің дені тірі ғана емес, биік лауазымға ие болып, бәз-баяғы шаш-шадыман қалпында өмір сүріп отырды. Ащы шындықтың бүркеулі бетін ашып жазбасам, сол қиянаттан бес жылда үш мәрте инфарктқа ұшырап, 1983 жылдың желтоқсанында опат болуының себеп-салдарын айтпасам - "Қайран Бөкетов" ай-күні жетпеген нәрестедей шала-ғай дүние болып шығар еді. Оған қоса шындықты айтқан кісінің оңбаған атанар жәйті тағы бар... Сөйтсе де көп қиналып, әр түрлі деректерді, Ебекеңмен замандас адамдардың естеліктерін келтіріп... бұл гәптің де түйінін шештім. Қалай шешкенім - ұзақ әңгіме, оны енді оқырман қауым кітаптың өзінен оқысын....

- Мәскеуден шығып отырған мына кітап жайында не айтасыз? Мұның да өзіндік тарихы бар шығар?

- Әлбетте. Осы жылдың бас кезінде кітаптың орысша нұсқасы әзір болды. Демеушісі - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі. 2005 жылы Е. А. Бөкетовтің туғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми конференцияда сол кездегі облыс әкімі Т.А.Мансұров: "Медеке, мына кітапты тездетіп орыс тіліне аудартыңыз. Орысша басылымының шығынын Ебекеңнің жерлестері көтереді..." - дегенді. Сол уәде бойынша, "Ебіней Бөкетовтің" орысшасы "Фолиант" баспасында теріле бастағанда, мені бір желік билеп, қолжазбаны интернет арқылы Мәскеуге жолдадым. Біршама уақыттан соң "Молодая гвардия" баспасынан: "Қолжазба бізге ұнады, қаржы тапсаңыз биыл-ақ шығарып береміз..." деген сипатта жауап алған соң, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулиннің қабылдауына сұрандым. Бұрын-сонды көрген кісім емес. Сөйтсе де Ебекеңдей алып тұлғаны ескерткішті тұрғызуға мол қаржы бергенін естігенмін.. Нұрлан Зайроллаұлы мені жылы шыраймен қарсы алды. Кейбір еңбектерімді оқыпты, "Сәтбаевты" ұлықтау жолында басымнан кешкен мехнатты да біледі екен. Мәскеудің ресми хатын, кітаптың есеп-қисабын ұсынып: "Нұрлан шырағым, осы кітапты "ЖЗЛ" сериясынан шығарсақ, саған да, маған да үлкен абырой! Әлемге әйгілі сериядан шығатын жетінші ұлттық тұлғамыз - Ебекең ағамыз болады..." - дедім. Әкім алдында жатқан есептегішті алды да, Ресейдің сомын өзіміздің теңгеге аударып, маған қарады. "Медеу аға, нақ осы шаруамен маған келгеніңізге зор рахмет! Академик Бөкетов - Елбасы Нұрекең айтқандай, ел мақтанышы! Ол кісі шолақ ғұмырының 24 жылын Қарағандыда өткізіп, осы өңірде ғылым, білім ошақтарын құрып, Ғылым академиясының жаңа орталығын ашуға арнаған ғалым. Ол кісінің ғылымы біздің облыстың алып өндірістерінде күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр, миллиондаған доллар табыс беруде. Сіздің мына кітап үшін сұраған қаржыңыз сол кірістің бір-ақ тамшысы... Қысқасы, бұл кітапты шығарамыз және тап биыл, ағасы. Әрі сіз бар шаруаны тындырып, дайын есеп-қисаппен келіп отырсыз..." - деп көңілімді демдеді.



Сөйтіп "Ебіней Бөкетовтің" бес мың данасына тапсырыс берілді. Тамыздың аяғында Мәскеуге аттандым. Неше жылғы еңбектің бір жері қақаста кесіліп кетсе немесе жері қақаста кесіліп кетсе немесе әлдекімнің есімі қате түссе өзіме-өзім кешпейтін өкінішке айналады. Сол себепті мүндай жауапты кезеңде аянбай, өз қаражатыммен барып, екі апта отырып, редактормен жұмыс істеп қайттым... Көріп отырсың, бір қатесі жоқ, көркемделуі өзгеше, Ебекенің әруағы риза болғандай калың кітап дүниеге келді... отырып, редактормен жұмыс істеп қайттым... Көріп отырсың, бір қатесі жоқ, көркемделуі өзгеше, Ебекенің әруағы риза болғандай калың кітап дүниеге келді...

- Әңгімеңізге рахмет! Ел мерейін асыратын жаңа кітабыңыз ғұмырлы болсын !
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Е. а букетова в развитие Казахстанской науки советского периода/ А. Е. Даниярова //Степной край Евразии историко-культурные взаимодействия и современность. Тезисы
Files -> Уәлиев Д. Академик Бөкетов есімі орталық көшеге лайық / Д. Уәлиев // Орталық Қазақстан. 2004. 23 желтоқсан
Files -> Жақсыбаев А. Жарқын тағдыр тауқыметі/А. Жақсыбаев//Егемен Қазақстан. 2008-№168-169 (5)
Files -> Исабаев, Қ. Адал достық: Е. Бөкетовтің туғанына 80 жыл / Қ. Исабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 13 қазан
Files -> Әуезов, м қалаулылар көп, таңдаулылар аз [Текст] / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. 2009. 28 тамыз 3 қыркүйек (№37).
Files -> Литература о жизни и трудах Е. А. Букетова // Евней Арыстанович Букетов (23. 03. 1925 13. 12. 1983): Библиограф указ. Қарағанды, 1992. С. 141-147
Files -> «Алыстан сермеп, жүректен тербеп» Ебіней Бөкетовтің хаттары бойынша эссе [Мәтін]/ М. Сәрсеке // Егемен Қазақстан. – 2013. – 30 қаңтар
Files -> Бөкетов, Қ. Асыл аға бейнесі / Қамзабай Бөкетов // Жастар əлемі. 2006. 21 наурыз (№4)
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Files -> Оразалықызы, Г. Тұғырлы тұлға / Гүлсім Оразалықызы // Ақиқат. 2006.№11-12. 98-105 б


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет