Северное селолық округі әкімінің 2012 жылдағы жұмысы туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі52 Kb.
Северное селолық округі әкімінің

2012 жылдағы жұмысы туралы

есебі
Северное селолық округін 3 елді мекен қосады – Феклистовка, Северное, Ермаковка, жалпы есеп бойынша - 751 адам. Олардың ішінде ер адам – 310, әйел адам – 336, оқушылар – 64, мектепке дейінгі балалар саны – 41. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны- 480 адам. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер – 284 адам, өзін – өзі қамтитындар- 176 адам. Аз қамтамасыз етілген отбасы саны- 3. Жағдайы төмен – 3 отбасы. Барлық зейнеткерлер саны- 110 адам.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша округ халқының қосалқы шаруашылығы мынадай:

Ірі қара мал- 920 бас, ұсақ мал-1112, шошқа саны-568, жылқы саны-378, құстар- 8600, қояндар – 63, омарта – 551. 2013 жылы ІҚМ және ұсақ мал басының көбейту жоспарланып отыр. Есеп бойынша округте 3066 ц.ет , 14731 ц сүт сауылса, 168350 дана жұмыртқа алынған.

Округ аймағында 30 субъект шағын бизнес тіркелген, соның ішінде 4 дүкен, 2 жолаушыларды тасымалдайтын жеке кәсіпкерлер.

Округте негізгі бағытта ауыл шараушылық өнімі орын алады. Осы бағытта 16 шаруа қожалығы мен серіктестік жұмыс атқарады. 2012 жылы дәнді дақылдар мен күнбағыс көлемі - 4770 га, күнбағыс -1377 га, картоп – 5,0 га жерге салынды. Орташа бункер салмағымен астық өнімі -13,7 ц/га, күнбағыс- 11,1 ц/га, картоп-130 ц/га болды. 2013 жылдың астығына күзде 116га қара бидай, 180 га қысқы бидай салынды. Шаруашылықтарда 4273 га жер жыртылды. Шағын бизнес шаруашылығында 120 адам жұмыс істейді.

Жыртылатын жердің барлығы шаруа қожалықтарына бөлінген, бос қалған жерлер ағымдағы жылда конкурсқа қойылып, ұтылды. «Еламан» ЖШС есеп беру жылының желтоқсанында мал сою алаңына берілген ғимаратқа реконструкция жасады, ағымдағы жылда осы алаң эксплуатацияға кірді.

Есеп беру жылында Северное ауылында «Тандем - Север» несиелі бірлестік құрылып , «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында, несиеге алынған 12 млн теңгеге және 3,0 млн құрайтын өзінің жеке қаржысына тауықтың балапандарын, жем және техника құрылғыларын сатып алынып құс өсіретін ферма ашылды. 17 жұмыс орындары ашылды. Ағымдағы жылдың соңында ең алғашқы жұмыртқалар партиясы алынды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында округтің 7 тұрғыны 10,5 млн теңге көлемінде мал өсіру мақсатында несие алды. Алынған несие сомасына мал, техника және құрылыс материалдары алынды.

Северное селолық округінде 4 дүкен жұмыс істейді, олар халықты нанмен, ет- сүт, ұн тағамдарымен қамтамасыз етіп отырады. Үнемі сатылымда жеміс- жидектер, кондитер тағамдары болып тұрады.

Округ кәсіпкерлері ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі сұрақтарға белсене қатысады. Жыл сайын шағын бизнес кәсіпорын басшылары әр түрлі шаралар мен мереке күндеріне демеушіліктерін ақшалай көмекпен көрсетіп тұрады. Ол «Мектепке жол» акциясы, ҰОС ардагері Орлова А.М. отынмен көмек, жалпы жұртшылықпен өткізілген барлық мерекелік шаралар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта округ кәсіпкерлері мешіт ашуға ыңғайлы орын сатып алды.

Округ аумағында «Таулы – Үлбі орман шаруашылығы»ММ орналасқан, (басшысы Воробьев А.Ю.) ауылдағы тұрғындардан 24 адам жұмыс істейді. 2010 жылы пирамидалы терек ағаштарын отырғызу қолға алынған, көшет отырғызу кеңейді: теректен басқа алма, қайың, емен, жөке көшеттері отырғызылып, қайың тұқымы шашылды. Жыл сайын көшеттерді біздің республикамыздың қалаларына жөнелтеді. Орман шаруашылығындағы қызметкерлер ҰОС ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуге, басқа да мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көрсетеді.

2012 жылы «Зырян ауданы жұмыспен қамту орталығы» ММ есепте тұрған тұрғындар саны 8 адам болды, қоғамдық жұмыспен 8 адам қамтылды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 12 адамнан тұратын бақшашылық бригадасы құрылып, олар картоп отырғызып, қажетті өнім ала алды.

Жаз уақыттарында жеке меншік малдарды жаюмен 3 адам айналысты.

Северное және Феклистовка ауылдарындағы су құбырлары иесіз қалып округ әкім аппараты балансына берілген. Барлық ауылдарда су құбырлары істен шыққан.Бүгінгі таңда округ тұрғындары бұлақ, құдық суларын пайдаланады. Ауыз су сапасы Санитарлық ереже нормаларының талабына сай. Ағымдағы жылы Киров орта мектебінде ауыз су және дәретхана мәселелері шешілді.

2012 жылы тұрғындар денсаулығын сақтау жөнінде үлкен көлемде жұмыстар атқарылды. Басты назарда тұрғындарды қолжетімді және тегін алғашқы медико - санитарлық көмекпен қамту мәселесі. 5 жасқа дейінгі

балалар тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Есеп беру жылында 18 және одан үлкен жас аралығындағы ер адамдар мен әйелдер барлығына алдын ала тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысына байланысты құрамында темір мен йоды бар жабдықтар беріліп отырылды. Азаматтардың аурушаңдығына байланысты дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

2012 жылы округ бойынша 6 адам дүние салды ( егде жастағы адамдар), 2012 жылы округ бойынша 7 нәресте дүниеге келді, дамуларында ауытқулар жоқ, екпелерін дер кезінде алып жатыр. Округ бойынша флюрографиядан тұрғындардың 90 % -ы өтіп,құрт ауыруымен ауыратын науқас – 1. Диспансерлік есепте 100 адам, барлығы тексеруден өткен, жеңілдік бойынша дәрі – дәрмекпен жабдықталған. Аурулар есебі тізімде тұрған науқастар 2013 жылы тегін дәрі- дәрмекпен қамтылады. ФАП медициналық қызметкермен қамтылған. Фельдшерлік нысан жөнделген, ағымдағы жылда Феклистовка ауылының ФАП- ның шатырын жөндеу жұмысы жүргізілді.

Әкім аппараты төтенше жағдайлар орын алып, науқасқа көмек қажет болғанда үнемі ауруханаға жеткізу шараларында көмек қолын ұсынып отырады.

Жыл сайын жас бойынша зейнеткерлікке шыққандарға, асыраушысынан айырылғандарға, мүгедектерге арналған әлеуметтік жәрдемақы өсіп отыр.. Феклистовка және Северное ауылдарында қартайған жалғызбасты азаматтардың тұрмысын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың қамқорлығында - 8 адам.

Қамту орталығының қызметінің арқасында округ бойынша жұмыссыздар саны жыл сайын төмендеуде. «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 4 адам еңбекпен қамтылды, 12 адам картоп отырғызды, 8 адам қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді. Округ бойынша тұрақты жұмыс орыны жоқтар -7 адам. Жұмыссыздықты азайту мақсатында, 2013 жылы аз қамтылғандарға арналған құрамы 10-12 адамнан тұратын бақшашылық жұмысын жалғастыру, қамту орталығы арқылы саны 11 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыспен қаматамасыз етіледі, Северное ауылындағы «Тандем-Север», «Тан» ЖШС жұмыс орындары табылатын болады және жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға несие беру үшін құжаттар даярланып жатыр.

Округтің әкім аппаратында 2011 жылы 11 адам жұмыс істеді, олардың 4-еуі мемлекет қызметкері. Ағымдағы жылда мал ауруларының алдын алу бойынша белгілі жұмыстар атқарылды, мәселен, идентификация , мал басының өсуі мен есепке тіркеу жұмыстары. 2013 жылы малды идентификациялау жұмысы жалғастырылады, сонымен қатар мал сою алаңын іске қосу, мал жемтіктерін тастайтын орынның құрылысын анықтау жұмыстары атқарылмақ. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында иесіз иттерді жою бойынша жұмыстар өткізіледі.

Әкім аппаратында өз құзіретіне лайық сенімді жұмыс атқаруда мамандар арасында міндеттер бөлінген.

Округтегі белгілі жұмыстарды атқару үшін әкім аппаратында Жұртшылықпен кеңес және әлеуметтік экономикалық даму бойынша комиссиялар құрылған. Комиссия отырыстары өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, ішімдікке әуес әрі жұрттың шырқын бұзатын адамдармен кездесулер, округ дамуы бойынша мәселелер де қаралады.

Халыққа көмек көрсету мақсатында 2012 жылы аппарат қызметкерлері келесі құжаттарды ресімдеді: СТН -23, ӘЖК -19, қайта тіркелген адамдар саны –14, зейнеткерлер құжаты -8. 1 – адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алуға дәрігерлік сараптамадан өтті. Сонымен қатар жаңа туған сәбилерге берілетін жәрдемақы – 7 адамға, тұрғын үй субсидиясы – 1 іске, мекенжайлық әлеуметтік көмек – жоқ, ал 18 – ге дейін төленетін жәрдемақы - ешкімге тағайындалған жоқ.

2011 жылы әкім аппаратына 157 шағым, ұсыныс, үндеу түсті. Оның 147 жеке иелік туралы анықтамаға байланысты өтініш- 2(жер комитеті), өзге -8. Олардың бәрі қанағаттандырылып, толық ақпараттандырылды.

Северное селолық округі әкім аппараты өз құзырлығында Қазақстан Республикасы заңдарын орындауда, соның ішінде әскери міндеттер, азаматтық қорғаныс сауалдары бойынша өз уақытында мәліметтер беріліп отырылады.

Жылдық есеп бойынша барлық салық түрлері 100 пайызға жиналды . Әкім аппаратының бюджеті 100% игерілді.Төлемақы төлеу бойынша қарыздар жоқ.

Северный селолық округіндегі учаскелік полиция инспекторы елді мекендердегі санитарлық тазалық пен аббаттандыру бойынша жұмысқа бақылау жүргізеді. Жалпы округтегі санитарлық тазалық қанағаттанарлық. Кейбір отбасылардың ауласы үнемі тазалықта болады, есік алдарында әр түрлі гүлдер отырғызылғанына қарап қуанасың. Ол семьялар- Удовиктер, Пешковтар,Воробьевтар, Мисиновтар, Кунапьяновтар, Капасовтар,Сердюковтар, Утешовтар, Филипповтар, Бурнашовтар, Какаулиндер, Дмитриевтер т.б. Үнемі тазалықта Северное селосының дүкені, дәрігерлік пунк, білім мекемелері. 2012 жылы санитарлық тазалық, көгалдандыру мен абаттандыруға 26 000 теңге бөлінді. Ол қаражат қатты қоқыс қалдықтарын жоюға жұмсалды.

2012 жылы мәдениет және білім мекемесінің қызметкерлері адамның рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жолында өз жұмыстарын жалғастыруда. Феклистовка мен Северное ауылдарында кітапханашы және музыка жетекшілері жұмыс істейді. Барлық мейрам күндері мен мемлекеттік мейрамдарда мерекелік концерттер, КВН, спорт шаралары,дөңгелек үстел мен мерекелік дастарханда кездесулер өткізіледі. Жыл сайын аудандық және облыстық деңгейде өтетін сайыстарға қатысып тұрамыз.

Ауыл тұрғындарының рухани дамуын арттыруда біздің мектептер көмек көрсетіп келеді. Округте 2 мектеп бар: Феклистовка ауылында аралас орысша- қазақша мектеп, ал Северное ауылында толық емес орта мектеп. Мектептептерді жұмыс өтілі жоғары педагогтар басқарады.

Мұғалімдер білімінің көрсеткіштері – жоғары. ҚР тілі мен білімі туралы заңдар орындалады. Мектеп оқушылары мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. .

Жыл сайын Киров орта мектебінің түлектері ҰБТ өтеді. 2011 жылы мектеп қабырғасынан бір түлек шықты, сертификат бойынша орта балл 78 құрады. 2012 жылы 7 түлек жіберіліп, орта бал көрсеткіші 60– ді құрады.

Дайындық тобы өз жұмысын жалғастыруда. 1 қыркүйектен бастап шағын – орталық жұмыс істеп жатыр. Дегенмен ыстық тамақпен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ. Северное ауылында 4 жастан балалар дайындық тобына барады. Үкіметтік бағдарлама бойынша мультимедиялык кабинет, физика кабинеті, медицина кабинеті, информатика кабинеті жұмыс істейді. Округ мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, Киров орта мектебінде ауыз су мен дәретханалар жөнделіп, іске қосылған.

Мектепішілік бақылауда оқушылар жоқ, құқықбұзушылыққа жол беруге қауіпті оқушы да жоқ. Жаз уақыттарында мектепте сауықтыру лагері ашылады. Аз қамтамассыздандырылған отбасыларға оқу қорынан қаражат бөлініп тұрады.Ағымдағы жылда бұл мақсатқа Киров орта мектебіне 452500 мың теңге бөлініп, ал Северное орталау мектебінеде аз қамтылған отбасы балалары жоқ. 16 бала азық – түлік, 7 бала киім – кешекпен қамтылып,20 бала сауқтыру лагеріне ( 1-7 күн аралығында) барып қайтты.

Жергілікті жерді жолмен қамту округ әкім аппаратына жүктелген. 2012 ж. жолды тазалауға 2195 мың теңге бөлінген (1830 мың теңгесі игерілді). Облыстық және аудандық орталықтармен көліктік қатынас бар. Қыс уақыттарында жолдарды тазалап тұруға «Еламан» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалды. «ОблШығысжол»ЖШС Северное аулына дейінгі жолға тазалық жүргізеді. Автобус қатынасы округте жоқ. Жолаушылар жеңіл көлікпен жол жүреді.

Қысқы уақыттарда жол жақсы.

Округте телефон мәселесі шешуін тауып, барлық тұрғындарға радиотелефондар орнатылған.

Северный селолық округінде қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Учаскелік полиция инспекторы тағайындалып, қызметтік автокөлік бөлінді. 2012 жылы округте келесі құқықбұзушылық анықталды: жеке мүлікке 7 ұрлық жасалды: 2 қылмыс ашылды, отбасы - тұрмыстық жағдайға байланысты қорғауға 12 хаттама ҚР әкімшілік – құқықтық Кодексінің 1 бөлім 75-5 бабы бойынша жазылды, ұсақ - түйек бас бұзақылық (1 б.330 бап.), - 4 адам, қоғамдық орындарда мас күйінде болғандар – 15 адам, (ҚР әкімшілік – құқықтық Кодекстің 1 бөлім 336 бап.).

Жыл көлемінде толтырылған хаттама – 94, байламай ит ұстағандар – 14, аулаларының ластығы үшін – 38, тыныштық бұзғандар (1 б. 333б.) - 3, құжатсыз жүргені және құжаттың мерзімінің өтуіне байланысты – 6 адамға хаттама толтырылды.

Біздің округте қазіргі уақытта 22 ҚХР көшіп келген отбасы тұрады. Олардың ішінен зейнеткер – 4 (жасы бойынша -3, 1 –і көпбалалы ана), медаль алған – 1, жұмыс істейтіндер – 15 адам. Азаматтық статусты – 19 отбасы алды, оралман деп танылады – 2 отбасы, 2 отбасы ЖСН бар. Әр отбасы картоп отырғызып, бақшашылықпен айналысуда және мал асырайды. 12 адам қоғамдық жұмысқа алынды. Көбінде ҚХР- нан әкелген және Қазақстанда сатып алған техникалары, автокөліктері бар. ҚР Заңдарына сай оралмандармен түсіндіру жұмыстарына байланысты отырыстар болып тұрады. Осы отырыстарда аудан әкімінің аппарат бөлімінің басшылары мен көші- қон басқармасы қатысып тұрады. Кез келген мерекелік шараларға белсене қатысады, әсіресе аудан және облыс көлемінде өткізілген қолөнер бұйымдары көрмелеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

2011-2012 жылдарда Феклистовка ауылына тұрғылықты мекенжайда – 2 оралман отбасы көшіп келді. Соңғы 2 жылда округтен ҚХР келген 2 отбасы шығып кетті, «Нұрлы – Көш» бағдарламасы бойынша-1 отбасы, Ахмиров ауылына – 1отбасы.



Округтің әкім аппаратының мамандары көшіп келушілер құжаттарын ресімдеуде үлкен көмек көрсетеді – СТН, ӘЖК, жеке куәлік, әлеуметтік жәрдемақы, туған балалардың жәрдеақысы, жұмысқа тұру сияқты.

2012 жылға міндеттер:
Округ аумағындағы елді мекендерді кешенді абаттандыру және көркейту жұмыстарымен, инфрақұрылым қызметімен қамтамасыз ету. Иесіз үйлердің санын азайту және әкім аппараты мекемесіндегі қызметкерлер үшін материалды-техникалық базаны жақсарту,округ бойынша жұмыссыздар санын азайту, мал шаруашылығын кеңейту үшін несиелеуді арттыру, негізгі рейтингті мониторинг көрсеткіш үшін жаңа бағдарлама енгізу, округтің даму тұрақтылығы мен тұрғындардың өмір сүру ортасына тиімді жағдай жасау, округтегі қаражатты толықтай меңгеріп, халыққа жүргізілген жұмыс туралы ақпараттарды жеткізу.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет