Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным және шығармашылық



бет1/2
Дата19.03.2022
өлшемі57.46 Kb.
#456404
  1   2
Философия 5 неделя (Ислямова А)

Сезімдік және рационалдық таным.Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным және шығармашылық.

Дайындаған: “Қазіргі заман хореография педагогикасы” 2 курс студенті, Ислямова Ажар.

Тексерген: Қ.Т және Ә.Т кафедрасының доценті, филос ғ.к. Б.М.Божбанбаев.

Жоспар:

  • Сезімдік және рационалдық таным.
  • Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр.
  • Таным және шығармашылық.
  • Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным жәнерационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелегендеңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы, бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерібар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
  • Сезімдік таным;
  • Тікелей бейнелеу;
  • Сыртқыны бейнелеу;
  • Жекеніі бейнелеу.
  • Рационалдық таным;
  • Жанама бейнелеу;
  • Ішкіні бейнелеу;
  • Жалпыны бейнелеу.
  • Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсырационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықтытікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстрактыойлаумен тығыз байланысты.
  • Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мензаттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортадаеркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады.Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлаубір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзарабайланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипаттаболады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдардаәлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалықұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыстақолданылады.
  • Сезімдік таным түрлері:
  • Түйсік;
  • Қабылдау;
  • Елес.
  • Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
  • Ұғым;
  • Пікір;
  • Ой-тұжырымы.
  • Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезіндетуындаған сезімдік эсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктеробъектілердің жекелеген қасиеттерін бейнелейді-қызыл, қатты, тәтті т.б.Қабылдау-затты, құбылысты толық бейнелеу.Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсетеалмайды. Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз- шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелепжинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндіктабиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. "ұғым сезімнентолық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкіқажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тәнжалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды".Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тәнболудың формасын анықтау. Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтауемес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілінанықтайтын іргелі жалпылау.Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір-заттар менқұбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау нетерістеу түрінде болады. Пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарынкөрсетеді.
  • Ой-тұжырымы деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғыбелгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңыздыформасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феномендеайқын көрінеді. Ойдан ой туады - деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілібілімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған. Ой-тұжырымы "үш түрлі білімдерден немесе ойлардан құралады: бастама ой(посылка), яғни түйіннің (заключение) шығатын көзі, шығатын (туатын) ой(выводное знание), яғни бастама ойдан шығатын ойға өтудің мүмкіндігінкөрсететін ой не білім"Ой-тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысынбілдіреді. Қарапайым ой тұжырымының мысалы: "Адам ақылды жан.Сондықтан ол дүниені тани алады". Таным және практика.Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпымағлұматтар алдық. Таным-адамның ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі.Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді.Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласынжетілдіре түседі, жетілген сайын ол таным көкжиегін кеңейте, ұлғайтабереді.
  • Таным екі деңгейден тұрады:үйреншікті, қарапайым танымғылыми таным.Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндіктәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаныңерекшеліктері де маңызды роль атқарады. Дегенмен, дүниенің тереңбайланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшінадамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады.Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғнитанымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.Ғылыми таным дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары менқасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным.Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақтыдәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болыптабылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге,функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жекебөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесініңқалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі дегейін-эмпириялықтаным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.
  • Эмпириялық таным-бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу.Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктерімен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объекттүсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтарыашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық танымғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теорияэмпириялық материалды түсіндіреді.Эмпириялық білім-теориялық зерттеулер мен ғылыми мәселелерді қоюдыңмаңызды стимуляторы. Тәжірибенің мәліметтерінің негізінде диаграммалар,карталар, жобалар жасалады, алғашқы болжамдар мен қорытындылартұжырымдалады, алынған мәліметтердің өзара байланыстары анықталады.Зерттеудің теориялықдеңгейіжоғары деңгейдегі жинақтаумен,идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстардыбейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады.Метод дегеніміз-зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылғанғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу,эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық,аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеусияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру,индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейдеде кеңінен қолданылады. Бақылау-сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрдеқабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындауға тиіс:Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннентексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты беруге тиіс.Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижеменсалыстыруға мүмкіндік береді.
  • Өлшеу зерттеліп жатқан объектің сандық сипатын анықтауға мүмкіндікбереді. Экспериментдегеніміз-белгілі бір құбылыстарды зерттеумақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпалету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытына өзгерту арқылызерттеу. Тарихи тәсіл заттың барлық тарихын жан-жақты, әртүрлікөріністерімен баяндап, жаңғыртады. Ал логикалық тәсіл заттың дамуыныңтек жалпы қисыны мен бағыттарын және қайшылықтарын ғана қарастырады.Моделдеу деп зерттеу мақсатында арнайы жасалған бір объектіде басқа біробъектінің сипаттамасын қайта жаңғыртуды айтамыз. Мысалы, қоғамныңнарықтық қатынастарға өтуінің теориялық моделін жасап, оның барлықкөріністерін бақылап отыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет