Үш фазалы синхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын тәжірибелік сипаттамаларын түсіру және құру жолымен зерттеу



бет1/2
Дата16.12.2022
өлшемі225.36 Kb.
#467369
  1   2
Imanbaev Magzhan lab4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Электр машиналары және электр жетегі» кафедрасы



«Электр машиналары» пәні
Зертханалық жұмыс №4

Тақырып: «Үш фазалы синхронды генераторды зерттеу»


Мамандығы: 6В07119- «Электр энергетикалық жүйелер»
Орындаған: Иманбаев Мағжан
Тобы: ЭЭСк-20-1
Қабылдаған: Аманбек Думан
Алматы 2022

Зертханалық жұмыс №4 Үш фазалы синхронды генераторды зерттеу


Жұмыстың мақсаты: үш фазалы синхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын тәжірибелік сипаттамаларын түсіру және құру жолымен зерттеу.


Жұмыстың бағдарламасы
1. Синхронды генератордың сипаттамаларын түсіру үшін схеманы оқып үйрену;
2. Генератордың бос жүріс сипаттамасын түсіру;
3. Генератордың үш фазалы қысқаша тұйықтау сипаттамасын түсіру; 4. Генератордың шықпалық сипаттамасын түсіру;
5. Генератордың реттемелік сипаттамасын түсіру; 6. СГ синхронды индуктивті кедергісін анықтау. Жұмысқа түсініктеме
Берілген лабораториялық жұмыста келесі модульдер дайындалады: - стендті қоректендіру модулі (МПС);
- қоректендіру модулі (МП);
- автотрансформатор модулі (ЛАТР);
- қосымша кедергілер модулі №1 (МДС №1); - қосымша кедергілер модулі №2 (МДС №2); - өлшеу модулі (МН);
- күштік модулі (СМ);
Зерттелетін синхронды генератор (М1) электр машиналық агрегат құрамына кіреді, ол сондай- ақ тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток машинасынан (М2) және айналужиілігінің импульстік дачигінен (М3) тұрады.
Жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына қою керек: - ЛАТР модулінің тұтқасын алынатын кернеудің минимум мәніне қою
керек (сағат тіліне қарсы ең шеткі қалпы);
- ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалпына ауыстырыңдар;
- МДС №1 және МДС №2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойыңдар;
- МДС №2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек.

1. Синхронды генератордың бос жүріс сипаттамасы.


СГ бос жүріс сипаттамасы статор орамасындағы ЭҚК ротордың айналу жиілігі тұрақты және жүктеме болмаған кездегі қоздырушы токқа тәуелділігін көрсетеді:
Е  f (Iо ), Ic  0, 0  const .
Тәжірибені жүргізуге арналған схема 7.1 суретте берілген.

7.1 сурет - Бос жүріс тәжірибесі үшін берілген схема


Жетектік қозғалтқыш ретінде қолданылатын тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегі ЛАТР модуліне қосылады, ал қоздырушы орама реттелмейтін тұрақты кернеу көзіне  220В қосылады.


Синхронды генератордың қоздырушы тогын реттеу үшін қоздырушы орама тізбегіне МДС №1 модулінің реттелетін кедергісі қосылады.
Генератордың қоздырушы тогы мен кернеуін өлшеуіші ретінде өлшеу модулінің РА1 амперметр және сандық мультиметр қолданылады.
Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:
- барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар;
- стендті қоректендіруші модуьлдердің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарын қосып ЛАТР-ға кернеу беру керек;
- ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрау арқылы, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин болатындай кернеу беру керек;
- МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышының тұтқасын бұрап, генератордың шықпалық кернеуін Uæã бақылай отырып, синхронды генератордың қоздырушы тогын өсіру керек. Қоздырушы токты, статор кернеуі 380В тең болғанға дейін өсіру керек.
Тәжірибе нәтижесін 7.1 кестеге жазыңдар.
7.1 кесте

I



















U



















Тәжірибені орындап болған соң МДС №1 модулінің SA ауыстырып қосқышын «» қойып, тұрақты ток қозғалтқышын тоқтатып, QF2,QF1 автоматтарын ажыратыңдар.


2.Үш фазалы қысқаша тұйықтау тәжірибесі
Бұл тәжірибе қалыптасқан үш фазалы қысқаша тұйықтау сипаттамаларын алу үшін жүргізіледі, ол статор орамасындағы Iê тоқтың генератор тұрақты жиілікпен айналып тұрған кездегі СГ қоздырушы тогына тәуелділігін көрсетеді.
Iк  f (I о ) , U  0,  0  const.
Тәжірибе жүргізу үшін арналған схема 7.2 суретте берілген. Тәжірибені орындау тәртібі:
-барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, сонан соң МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын 0 Ом кедергіге қою керек;
- стендті қоректендіруші QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарын қосып ЛАТР-ға кернеу беріңдер;
- ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрап, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин тең болатындай кернеу беру керек;
- МДС №2 модулінің RP1 және RP2 резисторының көмегімен генератордың қоздырушы тогын өзгертіп генератордың статор орамасындағы тогын бақылау керек, нәтижелерін 7.2 кестеге жазыңдар. Статор тогы генератордың номинал тогынан аспауы керек. Қоздырушы токты бірқалыпты реттеу үшін МДС №2 модулінің RP2 кедергісінің бір мәні үшін RP1 кедергісін өзгерту керек;
- тәжірибені орындап болған соң тұрақты токтың электр қозғалтқышын тоқтатып, QF2, QF1 автоматтарын ажырату керек.

7.2 кесте



I



















I



















3. СГ шықпалық сипаттамасы.
Генератордың шықпалық сипаттамасы генератордың қысқаштарындағы кернеудің СГ қоздырушы тогы, қуат коэффициенті және айналу жиілігі тұрақты болған кездегі жүктеме тогына тәуелділігін көрсетеді:


7.2 сурет - Үш фазалы қысқаша тұйықтау тәжірибесі үшін арналған схема


Шықпалық сипаттаманы таза активті жүктеме үшін кернеуді төмендетіп түсіреді, яғни бос жүріс кезінде кернеу мен СГ қоздырушы тогы қойылады және олар бұл кезде өзгеріссіз ұсталыптұрады.
Тәжірибе жүргізу үшін арналған схема 2 сур. келтірген. Тәжірибені жүргізу реті:
- барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, сонан соң МДС №2 модулінің RP1 кедергісін 160 Ом қою керек;
- стендті қоректендіруші және қоректендіруші модульдердің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарды қосып ЛАТР-ға кернеу беру керек;
- ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрау арқылы, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин болатындай кернеу беру керек;
- МДС №2 модулінің SA1 және SA2 ауыстырып қосқышымен, бұл кезде генератордың шықпалық кернеуі 380 В тең болатындай генераторға қоздырушы ток беру керек. Егер қоздырушы ток Iо  0,3А болса МДС №2 модулінің RP2 кедергісінің «0» қойып, қоздырушы токты МДС №2 модулінің RP1 кедергісімен реттеу керек. Қоздырушы ток 1 А аспау.
МДС №1 модулінің RP1 кедергісін өзгертіп, Iс тогын және UГ кернеуін бақылап отырып, генераторға жүктеме беру керек. Статор тогы 1 А аспауы керек. Нәтижелерін 7.3 кестеге жазу керек;
- тәжірибені орындап болған соң МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойып, тұрақты ток қозғалтқышын тоқтатады, QF2,QF1 автоматтарды ажыратады.
7.3 кесте




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет