Шамасында болуы тиіс



Дата24.03.2023
өлшемі12.21 Kb.
#471058
тығыздық


Сүттің тығыздығы әр түрлі себептерге байланысты 1,027-1,032 аралығында ауытқып отырады. Сүттің орташа тығыздығы – 1,030. Көк сүттің тығыздығы едәуір жоғары – 1,033-1,036. Кілегейдің тығыздығы бірге жуықтайды және ондағы май мөлшеріне қарай 1,005-1,020 аралығында ауытқып отырады.
Сүттің кілегейін алғанда немесе оған көк сүт қосқанда тығыздығы арта түседі. Сүтке су қосқанда оның тығыздығы төмендейді.
Сүттің тығыздық көрсеткіші ондағы құрғақ заттарды және майсыз құрғақ сүт қалдықтарын анықтау үшін керек. Тығыздық көрсеткіші арқылы сүтті литрден килограмға және керісінше айеалдыруға болады.
Сүттің тығыздығын сиыр сауылғаннан кейін ең кемі екі сағаттан кейін анықтайды. Бұл уақытта жаңа сауылған сүттегі газ үшып кетеді. Тығыздқты анықтар алдындағы сүттің температурасы 10-250 шамасында болуы тиіс.
Сүттің тығыздығын анықтау үшін шыны цилиндрдің қабырғасы арқылы 200мл сүт құяды. Осыдан кейін сүтке ареометрді батырады да, 1-2 минуттай қойып қояды. Осыдан кейін екі түрлі есеп жүргізеді: біріншісі термометр және ареометр шкаласы арқылы. Соңғы есептеуді жарты бөлігіне дейін дәлме-дәл есептеу керек.
Егер сүттің температурасы 200 болса, ареометр шкаласының көрсеткіші сүттің нақты тығыздығымен сәкес келеді. Егер сүттің температурасы 20 градустан артық не кем болса, онда таблица бойынша температураға түзету енгізеді. Бұл таблицада сүттің нақты тығыздығы, яғни ареометр градусы бойынша тығыздығы көрсетілген. Мәселен, нақты тығыздығы 1,0305 болса, онда сүттің ареометр градусымен көрсетілген тығыздығы 30,50А болады.
Айталық, сүттің температурасы 180, осы температурада ареометрдің көрсеткені 1,0288 немесе ареометр градусы бойынша 28,80А делік. Сүттің тығыздығын 20 градус температура бойынша есептеу үшін бірінші тік бағанадан 28 цифрын, ал көлбеу бағанадан 18 градус температураны табады. Осы линиялардың қиылысқан жерінде 27,5 цифры болады. Бұл шамаға алғашқы алынып тасталған цифрды, яғни 0,8-ді қосады. Демек, ареометр градусы бойынша сүттің тығыздығы 27,5+0,8=28,3, ал нақты тығыздығы - 1,283 болады.
Жұмыс аяқталған соң ареометрді таза жылы сумен шайқап, сүртеді. Судың температурасы 35 градустан аспауы тиіс, өйткені су одан ыстық болса термометр түтігі сынып кетуі мүмкін.
Сүттің жылу өткізгіштігі мен оның қайнау нүктесін ондағы құрғақ заттың құрамы бойынша анықтайды. Қалыпты сүттің қайнау нүктесі 100,2 – 100,5°С – қа тең.
Сүттің шала – шарпы тартылуы ондағы ақуыздың көлеміне байланысты. Жаңа сауылған сүтте пайда болған көпіршік шала – шарпы тартылуымен түсіндіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет