Шығыс Қазақстан облысының АӨК 2011 жылғы даму қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі47 Kb.
Шығыс Қазақстан облысының АӨК 2011 жылғы даму қорытындылары

2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 206,8 млрд. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғандағы өсім 35 % болды.

2011 жылға арналған стратегиялық жоспар бойынша физикалық көлем индексі 101,7 % жоспарланды. ФКИ-нің нақты мәні 102 %, оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 103,3 %, мал шаруашылығы бойынша 101,4 %.

2010 жылмен салыстырғанда өсім мынадай болды: астық бойынша 15,5 %, күнбағыс 11,3 %, картоп өткен жылғы деңгейде, көкөніс және бақшалық дақылдар

4 %, ет 2,9 %, сүт 1,7 %, жүн 5,1 %, жұмыртқа өндіруден басқа (66 %).

Өндірілген өнімдер көлемі облыс халқын негізгі тамақ өнімдері: ұн, өсімдік майы, картоп, көкөніс, ет және сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Мал шаруашылығында аталған кезең ішінде тірі салмақта 213,6 мың тонна ет, 723 мың тонна сүт, 4,75 мың тонна жүн және 176,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ет өндіру бойынша өткен жылмен салыстырғандағы өсім 2,9 %, сүт бойынша 1,7 % және жүн бойынша 5,1 % құрайды.

Облыс шаруашылықтарында жылқы (2,4 %) және шошқа саны (3,4 %) өскені байқалады.

Ауыл шаруашылығының басым салалары ретінде марал шаруашылығын және омарта шаруашылығын дамытуға баса назар аударылып отыр. 2011 жылы аталған салалар бойынша көзделген өнім өндіру көлемі орындалды. Аталған салаларды кеңейтіп қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттен 59,3 млн. теңге субсидия бөлінді.

Мал шаруашылығында инфрақұрылым дамып келеді. Облыста 52 СТФ және 245 мал бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеуде. Оның ішінде 2011 жылы 29 бордақылау алаңы құрылды.

Малдың тұқымдық сапасын жақсарту және оның өнімділігін арттыру үшін облыста 197 асыл тұқымды шаруашылық, оның ішінде 75-і 2011 жылы құрылды.

Бүгінгі күні облыста асыл тұқымды мал басының үлес салмағы мынадай: МІҚ– 6,9 %, қой мен ешкі – 8,6 %, жылқы 7,2 %, шошқа 1,7 %, марал 57 %, бұл стратегиялық жоспар бойынша көрсеткіштердің орындалғанын көрсетеді.

Аралардың тұқымдық сапасын жақсарту бойынша нысаналы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ветеринария саласында эпизоотиялық ахуалды және ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 100 % орындалды. 2011 жылы облыста көзделген 50 ветеринариялық дәріхананың орнына 95 дәріхана құрылды, 60 мал сою нысананың орнына 90 пункт ашылды. Облыс аудандарының мал сою нысандарымен қамтылуы 123% құрайды. Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жоспары орындалды.

Өсімдік шаруашылығы.

2011 жылы ауылшаруашылық дақылдарының егістігі 80,8 мың га артып, (өсім 7,5 %) 1177,1 мың гектарды құрады.

Оның ішінде ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша егістік 289,5 мың гектарды алады, бұл өткен жылғы деңгейден 28,5 % артық.

Алынған астық бастапқы салмағы бойынша 540,2 мың тоннаны, күнбағыс 211 мың тоннаны құрап, 2010 жылмен салыстырғандағы өсім тиісінше 15,5 % және 11,4% болды.

374,7 мың тонна картоп және 248 мың тонна көкөніс пен бақшалық өнім жиналды, 2010 жылғы деңгейдің тиісінше 100 % және 104 % құрайды.

Мал азығының қорын нығайту мақсатында мал азықтық дақылдар егістігі 210,2 мың га немесе өсім 5 %.

2226 мың тонна пішен немесе тапсырманың 116%, пішендеме 51 мың тонна немесе тапсырманың 86 %, сүрлем 167 мың тонна немесе тапсырманың 79 % және 101 мың тонна сабан дайындалды.

Облыста суармалы егіншілікті жаңғырту және жаңа ирригациялық технологияларды енгізу қолға алынды. Өткен жылы суармалы жерлердің аумағы 7,7 мың га артып, 75,6 мың га құрады.

Тамшылатып суару 339 га енгізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе артық.

5,1 мың га ылғал сақтау технологиясы (жаңбырлату) енгізілді.

Суармалы егіншілікті мемлекеттік қолдау үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге суару суын жеткізу қызметінің құнын субсидиялау ға 37 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Гидротехникалық құрылғыларды жаңалауға 2011 жылы 250 млн. теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Қазіргі уақытта «ШҚО Бесқарағай ауданында гидромелиоративтік кешен құрылысымен бірге 3000 га «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік алаңын құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленіп жатыр.

Облыста тұқым шаруашылықтарын құру жұмыстары жалғасуда. Облыста 34 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді, оның 3-і бірегей тұқым өндіруші, 8 –элита тұқымын, 23 –1,2 және 3 репродукциядағы тұқым шығаратын шаруашылық статусын алған. 2011 жылы 16 тұқым шаруашылы құрылды, оның ішінде қайтадан құрылғаны – 8.

өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға 2011 жылы 2 млрд. теңге субсидия бөлінді.

Көкөніс қоймаларын және жылыжай шаруашылықтарын құру жұмыстары жалғасуда.

2011 жылы Ұлан ауданы «Екімбаев» ШҚ-да сыйымдылығы 5 мың тонналық көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды. Құны 64 млн. теңге және Семей қаласында «Мұздыбай-1» ШҚ-да құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Үржар ауданының «Тастақ» ШҚ-да аумағы 350 ш. м, құны 15 млн. теңге және Ұлан ауданында (Гасанов А) құны 8 млн. теңге жылыжайлар өз қаражаттарына салынды.

Глубокое ауданында (Агрофирма Интерпоиск) аумағы 420 ш.м. гелиожылыжай тұрғызылды.

Ұлан ауданы «Хан» ШҚ-да 2 млн. теңгеге жылыжай жаңаланды.

АӨК-нің техникалық жарақтандырылуын жақсарту үшін 3,3 млрд. теңгеге 680 жаңа техника сатып алынды, бұл өткен жылғы деңгейден 50 % артық, оның ішінде КАФ арқылы 1,4 млрд. теңгеге 220 бірлік сатып алынды.

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу.

Саладағы тауарлы өнім көлемі 2011 жылы 62,3 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылғы жоспардың 114,5

Аталған салада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіру және жаңа өндірістер ашу жұмысы жалғасуда. 2011 жылы Өскемен қаласындағы «Шығыс Сүт» ЖШС-да «Ультрапастерленген сүт шығару» жобасы іске қосылды.

«Семей тамақ өнімдері комбинаты» ЖШС-да қысқа кесілген макарон өнімдерін шығаратын, қуаты 800 кг/сағат цехты жетілдіру жобасы аяқталды. Жобаның құны - 184,9 млн. теңге;

Шемонаиха ауданының «Триумф Агро» ӘКК-де күнбағыс дәнін өңдейтін және өсімдік майын шығаратын желіні құру, орнату және іске қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Құны 360 млн. теңге.

«Восток Бизнес Трейд» ЖШС-да балық өңдеу өндірісін жетілдіру жұмыстары кәсіпорынның өз қаражаттары есебінен жүргізілде.

«Қалиқанұлы» ШҚ-да сүт өнімдерін қораптайтын желі орнатылды.

Күршім ауданы «Алгуль» ШҚ-да жаңа наубайхана, Зайсан ауданының «Икеп» ШҚ-да жаңа ұн өндірісі іске қосылды. Глубокое ауданы «Мейір» ЖШС-да наубайхананың қуаты арттырылды (4000 бөлкеге дейін).

2011 жылғы 9 желтоқсанда Елбасының қатысуымен болған телекөпір аясында Семей қаласындағы «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС-да «Тері өндірісін жаңалау және жетілдіру» жобасы іске қосылды. Өндірістің жылдық қуаты 25 мың ш. дм.

Ауылдық тұтыну кооперативтерін құру жұмысы жалғасуда. Бүгінгі күні облыс көлемінде 32 ауылдық тұтыну кооперативі, оның ішінде 5-і 2011 жылы құрылды.

Бүгінгі күні облыста 24 қайта өңдеу кәсіпорнына ИСО енгізілді, оның 1-і 2011 жылы енгізді, 6 кәсіпорын енгізу үстінде.

АӨК инвестжобаларын іске асыру

Облыста агроөнеркәсіптік кешенді бұдан әрі дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына 12 жоба, оның ішінде 2 республиклық маңызы бар жоба енгізілді. Оның ішінде 2010 жылы 3 жоба, 2011 жылы 3 жоба енгізілді, 2012 ж. және 2014 жылы 3 жобадан енгізу жоспарланып отыр.

Индустрияландыру картасына енгізілетін жобаларды іріктеу мақсатында облыста Картаны толықтыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

2011 жылы Индустрияландыру картасына 4 жоба енгізілді:

-«Семей құс» ЖШС. «Кәсіпорынды жұмыртқа өндіруден құс етін өндіруге қайта жабдықтау». Құны 2800 млн.теңге;

- «Ақсай-Нан-Өскемен» ЖШС. «Әлеуметтік нан пісіру үшін өндірістік қуатты жетілдіру». Құны -64,4 млн.теңге;

- Аягөз ауданының «Мұхамеджанов» ЖК. «Тамшылатып суаруды енгізу және сыйымдылығы 500 тонналық картоп қоймасын салу». Құны -25 млн.теңге.

- Аягөз ауданының «Аягөз-Суырлы» ауылдық тұтыну кооперативі. «Киіз және киіз бұйымдарын шығару». Құны -77,5 млн.теңге.

Жалпы құны 5,2 млрд. теңге болатын, 2011 жылы аяқтауға жоспарланған т-ртинвестициялық жоба белгіленген мерзімдерге сәйкес іске қосылды:

- Өскемен қаласындағы «Шығыс Сүт» ЖШС-да «Ультрапастерленген сүт өндіру»;

- Шемонаиха ауданындағы «Триумф Агро» АТК-де «Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, өткізу, өсімдік майын, ұн-жарма және құрама жем өнімдерін өндіру»;

- «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС-да «Тері өндірісін жаңалау және жетілдіру» инвестициялық жобасының 1 кезеңін іске қосу;

- «Ақсай-Нан-Өскемен» ЖШС. «Әлеуметтік нан пісіру үшін өндірістік қуатты жетілдіру».

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Көкпекті ауданының «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешені» жобасы келісуде жатыр.

Индустрияландыру картасына енгізу үшін мынадай жобаларды қаралып, оларға салалық қорытындылар әзірленуде:



- Ұлан ауданының «Ертіс Агроөнім» ЖШС-да «Ет комбинатын салу». Жобаның құны 1492 млн.теңге;

- Бесқарағай ауданы «Арбиев» ШҚ-да қазақтың ақ бас және герефорд тұқымды ірі қара малын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық-репродуктор құру». Жобаның құны 1 071,6 млн.теңге.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет