«Сыпайылық – адамгершілік айнасы» Тәрбие сағатының мақсаты



бет1/3
Дата15.03.2023
өлшемі274.77 Kb.
#470832
  1   2   3
«Сыпайылық – адамгершілік айнасы» Тәрбие сағаты


«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»


Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Ақын жазушылардың сыпайылыққа, әдептілік туралы ойлары
ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.
IV. Ойын «Жалғастыр»
V. “Құпия хаттарға” жауап беру
VІ. Шығармашылық тапсырма
VІІ Ойын “Саяхатқа шығу”
VIII. Қорытынды
ІІ.Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет