Социология



Pdf көрінісі
Дата15.12.2023
өлшемі174.63 Kb.
#486741
Ерлан,Бөж



қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті 
Топ:ЭЕА-011
Пән: Бухгалтерия саласындағы қолданбалы
зерттеу әдістері 
БӨЖ
Тақырыбы:Зерттеу обьектісі ретінде берілген
мәліметтерге кореляциялық
және регресиялық талдау жасау.
Дайындаған: Дуйсенкулов Ерлан
Қабылдаған:Гулнур Султанханова


Жоспар
01
02
03
Кіріспе
Негізгі
бөлім
Қорытынды


К
р
сп
е
Коррелляциялық-регрессиялық талдау
Корреляциялық-регрессиялық әдіс – әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар арасындағы
байланыстарды зерттейтін негізгі әдіс. Бұл әдістің
көмегімен байланыс бағытын, тығыздығын,
аналитикалық формасын, сонымен қатар нәтижелік
белгіге факторлардың тигізетін тура ықпалын, басқа
факторлар арқылы тигізетін жанама ықпалын
анықтауға болады. Бірақ корреляциялық
регрессиялық әдісті кез-келген статистикалық
мәліметтерге қолдана беруге болмайды.
Корреляциялық-регрессиялық әдісті мынадай
шарттар орындалғанда ғана қолданған жөн: 



ш
ар
т
1. Негізгі жиынтықтан бақылауға алынатын бірліктер кездейсоқ іріктелуі қажет. Олай
болмаған жағдайда бақылауға алынған бірліктер негізгі жиынтықты толық, дұрыс
сипаттамайды, сондықтан корреляциялық регрессиялық талдау нәтижесі де дұрыс
қорытынды бермейді;
2. Бақылауға алынатын жиынтықтағы бірліктер саны факторлар санынан ең кемінде 5-
6 рет артық болуы керек (8-10 есе артық болғаны тіптен жақсы), себебі корреляциялық
байланыс үлкен сандар заңына сәйкес бақылау саны көп болғанда ғана байқалады;
3. Зерттелетін жиынтық біртекті болуы қажет. Егер жиынтық біртекті болмаса, регрессия
теңдеуінің параметрлері дәл есептелмейді;
.4. Жиынтықта факторлық және нәтижелік белгілердің таралуы қарапайым таралу заңына
бағынуы керек. Бұл шарт регрессия теңдеуінің параметрлерін анықтау үшін ең кіші
квадраттар әдісін қолдануға байланысты қойылады. Ең кіші квадраттар әдісі қарапайым
таралу заңы сақталғанда жақсы нәтиже береді. Бірақ іс жүзінде бұл заң толық орындалмаса
да ең кіші квадраттар әдісін қолдана береді;
5. Факторлық белгілер арасында функционалды байланыс болмау керек. Егер факторлық
белгілер арасында айтарлықтай байланыс болса, регрессиялық үлгі сенімсіз болады, яғни
талдау нәтижесі бұрмаланады.


нег зг бөл м:
Талдау м ндеттер
Корреляциялық талдаудың міндеті болып факторлық
белгілер мен нәтижелік белгі арасындағы байланыс
тығыздығын, байланыс бағытын анықтау саналады.
Регрессиялық талдаудың міндеті – корреляциялық байланысты неғұрлым дəл
сипаттайтын байланыс формасын, яғни регрессия теңдеуі түріндегі статистикалық үлгіні
анықтау. Регрессия теңдеуін құрғанда ең негізгі мəселе болып үлгіге қосатын факторлар
санын анықтау саналады. Регрессиялық үлгі сапасы, талдау қорытындыларының дəлдігі
факторлар санына тікелей байланысты болады. Егер жанама, аса маңызды емес
факторларды үлгіге қоспаса, зерттеу нəтижесінің сапалы болуының ықтималдылығы
жоғары болады, бірақ аз өлшемді үлгі құбылысты толық сипаттамауы да мүмкін.
Сондықтан регрессия үлгісінде нəтижелік белгіге айтарлықтай əсер ететін факторлар
толық болғаны жөн. Үлгіге қосатын факторларды анықтау кезінде ең алдымен
көрсеткіштер арасындағы 198 байланыстың себеп-салдарына жеткілікті мөлшерде көңіл
бөлу керек, өйткені олар зерттелетін құбылыстың мағынасын түсінуге мүмкіндік береді.
Сол сияқты факторларды таңдауға аналитикалық топтастыру, параллель қатарларды
салыстыру, график əдістері де көмектеседі. Олардың көмегімен құбылыстар арасында
байланыстың бар-жоғын, байланыс бағытын, формасын анықтауға болады.


ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙДА КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ-
РЕГРЕССИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ МЫНАДАЙ
РЕТТІЛІКПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ
1) 
нәтижел к белг ге әсер етет н көптеген факторлардың
ш нен ең маңыздыларын р ктеп алу
2) 
факторлық және нәтижел к белг лер арасындағы
байланыс тығыздығын, байланыс бағытын анықтау; 
3) 
нәтижел к белг н ң факторларға тәуелд л г н
сипаттайтын математикалық функцияны табу;
4) 
анықталған регрессия үлг с н бағалау; 
5) 
құбылыстар дамуына болжам жасау.


Қо
ры
ты
нд
ы
Осы аталған жұмыстардың алғашқы екеуі корреляциялық
талдау, ал қалған үшеуі регрессиялық талдау міндеттері болып
саналады.
Құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу үшін алынған
үлгідегі факторлар санына байланысты корреляциялық
байланыс жұптық және көптік корреляция деп бөлінеді. Ал
регрессия теңдеуінің аналитикалық формасына байланысты
корреляциялық байланыс түзу сызықты және қисық сызықты
болады. 
Корреляциялық-регрессиялық талдау әдісі экономиканың әр
түрлі саласында, әлеуметтік ғылымдарда (әсіресе психология,
әлеуметтану), басқа да салаларда кеңінен қолданылады.


Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Ы.ӘМІРЕҰЛЫ, "СТАТИСТИКАНЫҢ
ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ ". А:
ЭКОНОМИКА - 1998.
2. МҰХАНБЕТОВА СТАТИСТИКА
HTTP://EMIRSABA.ORG


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет