Сөж тақырыбы: Өз-өзіне қол жұмсау және оның негізгі түрлері Орындаған: Қаирбекқызы А



бет1/4
Дата28.11.2023
өлшемі72.24 Kb.
#484661
  1   2   3   4
өз-өзіне қол жұмсау

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті « География және табиғатты пайдалану »
Кафедрасы « География,кадастр және жерге орналастыру »

СӨЖ
Тақырыбы: Өз-өзіне қол жұмсау және оның негізгі түрлері
Орындаған: Қаирбекқызы А.
( кадастр 2- топ)
Тексерген: Арын Д. А.

Алматы, 2023ж

Жоспар:



Өз-өзіне қол жұмсау
Өз-өзіне қол жұмсау — өзін өмірден қасақана айыру, саналы түрде өмір сүруін тоқтату. Яғни, суицид дегеніміз адамның саналы мінез-құлқының актісі болып табылады. Көбінесе суицидті «аутожарақат», «аутоагрессия» терминдерімен байланыстырады. Егер аутоагрессия актісінің соңғы мақсаты- өз-өзіне қол жұмсау болса, онда аутоагрессияны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Бірақ психоз кезінде немесе есі дұрыс емес адамның абайсыз әрекеттерінің нәтижесінде өмірмен қоштасуы суицидке жатпайды. Себебі бұл әрекеттер өз-өзіне қол жұмсауға бағытталмайды. Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлық деген анықтама бар. Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойлардың психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары : ішкі нысандар- суицидтік ойлар, уайымдар; ал сыртқы нысандар- суицидтік көріністер, суицид жасауға әрекеттену жатады. Адамның өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлауын кейбір сыртқы іс-әрекеттерінен білуге болады:

  • үмітсіздік, жалғыздық туралы жиі айтуы

  • олардың өмір сүруге деген ешқандай себеп-мақсаттары жоқ екенін айтуы

  • тым көп, не болмаса тым аз уақыт ұйықтауы

  • тым аз тамақтану немесе керісінше тым көп тамақтану нәтижесінде салмақ қосуы немесе жоғалтуы

  • басқалармен әлеуметтік қарым-қатынастардан алыс болуы

  • көңіл-күйінің күрт өзгеруі

  • өзіне зиян келтіру құралдарын іздеуі және т.б.

Суицидке әрекет етуге тек бір емес, бірнеше факторлар әсер етеді және бұл ұзақ уақыт бойы қалыптасуы мүмкін, мысалы: депрессия, шизофрения, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет