Сот үкімінде тұжырым бір-біріне қарама-қайшы болғандықтан күші жойылып, соттың басқа құрамында жаңадан қарау үшін жолданды



Дата25.02.2016
өлшемі57.07 Kb.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында
Сот үкімінде тұжырым бір-біріне қарама-қайшы болғандықтан күші жойылып, соттың басқа құрамында жаңадан қарау үшін жолданды

( үзінді)

Жамбыл облыстық сотының үкімімен Г. ҚК-нің 96-бабының 2-бөлі-гінің "ж, и" тармақтарымен, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен сотталған.

Жамбыл облыстық сотының үкімімен Қ. ҚК-нің 96-бабының 2-бөлі-гінің "ж,и" тармақтарымен, ал ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен және осы соттың қаулысымен А., Д., Ш. ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен айыпты деп таныл-ған, бірақ 09 қаңтар 2006 жылғы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын қолданып, Қ-ны қылмыстық жауапкершіліктен босатқан және Қ., А., Д., Ш. жөніндегі қылмыстық істі өндірістен қысқартқан.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі алқа-сы төмендегі мән-жайларды анықтады.

Жамбыл облыстық сотының 19 сәуір 2006 жылғы Г-ні Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлі-гінің "ж, и" тармақтарымен айыпты деп танып соттаған үкімнің бөлігі заң талабына сай және істе жиналып сотта жан-жақты, толығымен зерттелген дәлелдемелерге негізделгендіктен өз күшінде қалдырылуға жатады.

Сотталған Г-нің жәбірленуші Б-мен төбелесті бастап, қалтасынан пышақ алып, соңғыны бірнеше рет пышақпен ұрғанын сотта жәбірленуші Д. немесе куә ретінде жауапталған И. және Х, сотталушы А. да айтқан және өздерінің жауаптарын сотталған Г-мен беттес-тіргенде де қуаттаған.

Сотта жәбірленуші М. да оқиғадан кейін осы қылмыстық істің басында болған куә И-ден “өзінің баласын кім пышақтап өлтірді? - деп сұрағанымда, соңғы сотталған Г.-деп айтты,”- деп көрсеткен.

Осы тектес жауапты сотта куә Ә. да айтқан.

Бірінші сатыдағы соттың сотталушы А., Ш. және Қ-лардың сотталған Г-ге қарсы, зиян келетіндей жауап бермегендеріне сын көзімен қарағанын алқа негізді деп санайды, себебі істе жиналған мәліметтерге қарағанда олардың араларында расында да туыстық қатынастың барлығы анықталған.

Сот дәрігерлік сараптамасының қорытындысына қарағанда жәбірленуші Б-ның өлімі тез арада көп қан жоғалтудан пайда болған геморагиялық шоктан, ішкі ағзаларының, кеуде және құрсақ іш қуысына және сыртқа қан кетуімен тікелей байланысты болған.

Сотталушы Д., Ш., А. және соттал-ған Қ. алдын-ала тергеудегі бірінші жауаптарынан бастап және сотта да өздерінің сотталған Г-мен бірге алдын-ала сөз байласып, сотталушы Д-ның өтінішімен "Ойтал" кафесіне жәбірленуші Б-мен кездесуге (разборкаға) бар-ғандарын айтқан.

Жәбірленуші Б-ның сотталушы Д-мен "Ойтал" кафесінде кездесуіне (разборкаға) ағайынды И. мен Х-лерді, Д-ны ертіп барғанын, куә ретінде бірнеше рет жауапталған ағайынды И. мен Х-лер, жәбірленуші ретінде жауаптал-ған Д. да мақұлдаған.

Бұндай жағдайларда сотталған Г-нің жәбірленуші Б-мен төбелескен жоқпын, пышақпен ұрғаным жоқ, мүлдем бұл қылмысқа қатысым жоқ деген және өзін ақтауды сұраған уәждерін алқа негізсіз деп санайды.

Бірінші сатыдағы сот сотталған Г-нің қылмыстық әрекетіне заңды баға беріп, оның қылмыстық ісін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "ж, и" тармақтарымен, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен дәрежелегенін алқа дұрыс деп табады.

Сотталған Г-ге жаза тағайындағанда бірінші сатыдағы сот оның қылмыс-тық ісінің сипаты мен қоғамға қауіптілігін, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, қорғаушы С-ның апелляция-лық шағымында көрсетілген де мән-жайларды ескергендіктен, алқа соттал-ған Г-ге тағайындалған жазадан ауыр және жеңіл жаза белгілеуге ешқандай негіз жоқ деп санайды.

Қ. жөніндегі бөлігін, яғни Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2 бөлігінің "ж, и" тармақтарымен, қылмыс жасауға қатысқандығы дәлелденбеді деп ақтағанын және ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен кінәлі деп, 09 қаңтар 2006 жылғы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабын қолданып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға және ол жөніндегі қылмыстық істі өндірістен қысқартқанын бұзып, күшін жойып, істі осы бірінші сатыдағы сотта, соттың басқа құрамында, жаңадан қарау үшін жіберілуге жатады.

Бірінші сатыдағы сот сотталған Қ-ны ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "ж, и" тармақтарымен, ақтау үшін төмендегі себептерді негіз етіп алған.

Яғни, сотта жауапталған бірде - бір сотталғандар, жәбірленушілер немесе куәлар сотталған Қ. жәбірленуші Б-ны пышақпен ұрды деп айтпаған, көрсетпеген" дейді. Одан бөлек істе жиналып сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен оның бұл қылмысы дәлелденбейді, сол себепті ол ақталуға жатады деген тұжырымға келген.

Бірақ, бірінші сатыдағы сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 24-бабының: өндірісте қаралып жатқан істің дұрыс шешілуіне қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да мән-жайларды анықтауға міндетті, барлық мәліметтерді тексеруге тиіс деген талаптарына немқұрайлы қарап, көңіл бөлмеген.

Себебі, істегі жиналған дәлелдемелерді саралап, зерттегенде сотталған Қ-ның жәбірленуші Б-мен төбелескенін, артынан пышақ салғанын көрдік деген куәлар анықталып отыр.

Мысалға, куә И-дің бір емес бірнеше рет "Х-ның артынан аласа бойлы бір жігіт пышақпен ұрды, ол Қ. екенін таныдым" деген жауаптары бар.

Сот трассологиялық сараптаманың қорытындысына қарағанда жәбірленуші Б-ның денесіне кем дегенде екі пышақпен дене жарақаты салынғандығы анықталған.

Сотта, сотталған Қ. төбелес болған жерде болғандығын жоққа шығармайды, бірақ төбелескен жоқпын, әншейін қарап тұрдым, жәбірленуші Б. мен сотталушы А. төбелесті, соңғының қолында пышақ сияқты зат болды деп көрсеткен.

Алқа, бірінші сатыдағы сот бұл жауаптарды және басқа да істе жиналған дәлелдемелерді сот мәжілісінде толығымен, жан-жақты заң талабына сай зерттеп, оған заңды баға беріп, негізге алатындығын немесе алмайтындығын, сын көзбен қарайтындығын, қарамайтындығын ашып, ешқандай күдік қалдырмауы керектігін көрсетіп, Қ-ның қылмыстық ісін ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігінен ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағына ауыстырып дәрежелеп, жаза тағайындап рақымшылық заңын қолданғандығын алқа заң талабына қайшы және ертерек деп санайтындығын атап өткен.

Аталған іс бойынша А., Д., Ш . жөніндегі қылмыстық іс жүргізуді өндірістен қысқартуға деген қаулысын алқа толығымен бұзып, яғни күшін жойып, бұл қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотқа соттың басқа құрамында жаңадан қарауға қайтарды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкімі туралы" 2002 жыл-ғы 15 тамыздағы №19 нормативтік қаулысының 8-тармағының талаптарына сай, бірінші сатыдағы сот, рақымшылық актісін қолдануға кедергі келті-ретін мән-жайларды негіздеп және сотталушылардың рақымшылық актісін қолданумен келіскенін көрсетпеген. "Келісу" дегеніміздің мағынасын, яғни сотталушылардың өздеріне тағылған айыпты толық мойындауы деп есептелетінін бірінші сатыдағы сот түсінбеген.

Егер сот тергеуі барысында сотталушыға әлдеқайда ауыр айып тағу үшін істі қосымша тергеуге жіберу туралы жәбірленушінің өтінішін қанағаттандыруға негіздер немесе рақымшылық актісін қолдану үшін кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар анықталмаса, онда сот істі рақымшылық актісіне байланыс-ты ҚІЖК-нің 324-бабына сәйкес қыс-қартуы керек.

Бірінші сатыдағы сот үкімінде "сотталушы А. адам өлтіруге қатысы жоқ деп тұрып, жәбірленуші Б-ны өлтіргені үшін айып тағу керектігін жоққа шығармаймыз" деген тұжырымы бір-біріне қарама-қайшы болғандықтан күші жойылып, үкімнен шығарылып тастауға жатады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 411-бабының 4-бөлігі, 422, 423-баптарын басшылыққа алып, алқа Облыстық соттың 19 сәуір 2006 жылғы үкімінің Г. жөніндегі бөлігін өзгеріссіз өз күшінде қалдырды, ал оның апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.



Үкімнің Қ-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "ж, и" тармақтарымен қылмыс жасауға қатысуы дәлелденбегендіктен ақтауды және ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен кінәлі деп танып, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы" заңның 8-бабын қолданып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға және ол жөніндегі қылмыстық істі өндірістен қысқартты” деген бөлігін толығымен бұзып, яғни күшін жойып істі бірінші сатыдағы сотқа соттың басқа құрамында жаңадан қарау үшін жіберді.

Жамбыл облыстық сотының 19 сәуір 2006 жылғы А., Д. және Ш-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның 8-бабын қолданып, олар жөніндегі қылмыстық іс жүргізуді өндірістен қысқартуға” деген қаулысын толығымен бұзып, яғни күшін жойып, бұл қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотқа соттың басқа құрамында жаңадан қарау үшін жолдады.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 3e883f9f56e7bd2d4625720e00265883 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары "Лицензиялау туралы"
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың екінші жартыжылдығындағы заңдарына шолу Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары
$FILE -> Ұйымдасқан топ құру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет