Ұстаздық – ұлы қызмет



Дата04.03.2016
өлшемі9.81 Kb.
#41224

Ұстаздық – ұлы қызмет


09 октября 2013 / 

Мереке

Қазан айының алғашқы жексенбісі – бізде Мұғалімдер күні ретінде атап өтіледі. Соған орай, еліміздің әр түкпірінде түрлі мерекелік шаралар болып өтті. Ұстаздық – ең қиын мамандықтың бірі. Бар өмірін бала тәрбиесіне, білім беру саласына арнаған адамдар ең жоғары құрметке лайық.


Ұстаз – қай кезде де оқу ордасының жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны жетілдіруге барынша ынталы болса, болашақта сол тұлға қоғамды дамытуға бар жігерін аямай, күш салатыны аян. Сондықтан қоғам дамуында сапалы білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.
Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің ұжымы да бұл күні үздік ұстаздарын марапаттап, салтанатты концерт ұйымдастырды. Мұғалімдер күнінде колледжге келген қонақтарды ұлттық киім киген қыз-жігіттер қарсы алып, өнерлерін паш етті. Қазақ, ұйғыр және орыс аспаптарының фольклорлық ансамбльдерімен танымал ұлттық классикалық композициялар орындалды. Мейрам қонақтарына О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі студенттерінің көркемдік экспозициялық жұмыстары таныстырылды.

Айдын Олжабаев
Каталог: storage -> pressa
pressa -> С. Гусейнов: Моя музыка пропитана любовью к Казахстану
pressa -> Аталмыш ұлт аспаптар оркестрінің негізін Ахмет Жұбанов 1933 жылы қалаған екен. Алғашқыда ансамбль болып құрылған оркестр 1935 жылы ашылған Жамбыл филармониясына жұмысқа шақырылған
pressa -> Виртуозы-музыканты
pressa -> Баспасөз хабарламасы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының
pressa -> Халықаралық ақпараттық агенттiгі
pressa -> Өнерге ықылас өзгеше
pressa -> Жас музыканттар сыйы
pressa -> Саят Ақбасов: Өнерде кімнің мықты екенін мойындау да ерлікпен пара-пар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет