Стол теннисі 1



Дата02.01.2022
өлшемі257.57 Kb.
#452189
docx1548127051

Стол теннисі

1.Стол теннисінін көлемі 274-152,5 см, биіктігі 76см тік бұрыш столда ойналады. Тор столды тең екі бөлікке бөледі.

Ойын үшін кішкентай доп (шеңбері3,72 немесе 3,82см) және арнайы доп ұратын қалақша(ракетка) пайдаланылады.

Стол теннисі ойынынжалғыз (екі қарсылас ойыншы)және жұппенен (столдың әрбір жағында екі ойыншыдан ойнайды. Ойынның мәні мынада. Ойнаушылардың әрқайсысы ракетканың соққысымен қарсыласының столының кез келген бөлігіне допты тордан асырып, қарсы ойыншы столдың екінші жағынан тор арқылы допты қайтара алмайтын есеппен жібереді. Осы мақсатта жылдам орын ауыстыруымен үйлестіре отырып, ойыншылар күші мен сипаты жағынан әр түрлі болатын соққыларды қолданылады.

Стол көлемінің бір шама шағындағы, доптың үлкен шапшаңдықпен ауысуы,ойын жағдайларының жылдам алмасуы ойыншылардан қарсыластың іс – әрекетіне кенеттен қарсы іс – қимылмен жауап беруді, қозғалыстың жоғары үйлесімділігін,жан – жақты дене және ерік –күш даярлығын, ойын жағдайларын жылдам және дұрыс бағалау біліктілігін және осыған байланысты ең оңтайлы техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-әрекеттерді қолдануды талап етеді.



Стол теннисінің алдында кішкентай доппенен бастапқыда еденде, кейін стол үстінде ойналатын әр түрлі ойындар болады. Пинг – пинг (стол теннисі ойыны ертеде осылай аталған) Европада, Америкада, Австралияда, Азияда кең тараған.

2. Бейне таспа көру.Бейне таспада ойын ережелері және екі жақты ойын бейнеленген

3.Топпен жаттығу.Оқушыларды 1және2ге санатып 2қатар шығарып алу.Ракетканы ұстау онымен жұмыс жасау тәсілдері.


   

а

 

Ракетканы ұстау тәсілдері

а-тігінен, б-көлденең

4. Шабуылдау тәсілі. Аяқ,қол қимылы. Қалыпты жағдай.Ыңғайлы қолдарын көтеріп,бір қадам алға, Қайта бастапқы қалыпқа келу. Қорғану тәсілі. Бастапқы қалып.Аяқты бір адым артқа қою және бастапқы қалыпқа келу.



5. Қиып алу тәсілі. Бастапқы жағдайы.Артқа шегіну,алу және қалыпқа келу т.б жаттығулар

     

а

   

б

оң жақтан қию

а - бүйірден қаралған көрініс, б - алдынан қаралған көрініс

     

а

   

б

сол жақтан қию

а - бүйірден қаралған көрініс, б - алдынан жоғарыдан қаралған көрініс

Қиып тастау (Срезка) қиып алу тәсілі секілді орындалады, тек үстелдің үстінде немесе үстелден жақын арақашықтықта және қысқа қиып тастауда қолдың қимыл - қозғалысында орындалады. Ойында бұл техникалық тәсіл дайындық ретінде қолданылады және шығып көтеріліп келе жатқан допқа қарсы жақын қашықтықта орындалады.

Накат – жақсы дайындалған техникалық тәсілдің бірі болып табылады, оны барлық теннисистер меңгеруі қажет. Накат қолдың алға – жоғары – жан – жаққа (оңға және солға) қимыл – қозғалыстар жасау арқылы орындалады. (сурет. 33, 34). Иық алға бір мезгілде жоғары қозғалады. Қол білезігінің бұрылу мәнері арқылы ракетка допты үстіңгі бетінен жасырады. Допқа жоғарғы жағынан айналып алға түсетін серпін беріледі. Дене салмағы артта тұрған аяқтан алдыда тұрған аяққа ауыстырылады. Қолдың қозғалысы дененің бір мезетте бұрылумен орындалады. Соққы доптың жоғарғы – бүйір бөлігіне жасалады.


   

Оң жақтан накат әдісін қолдану

   

Сол жақтан накат әдісін қолдану


Свеча: а-оң жақтан, б-сол жақтан



Свеча – тәсілі бұрын күшті соққылардан қорғану тәсілі ретінде қолданылған болатын. Қазіргі таңда свеча тәсілі – тиімді, нәтижелі қорғаныс тәсілі болып табылады, оны қарсыласын қолайлы позициядан, тұрыстан шығару үшін қолданады. Спортшы допты төменнен-жоғары – алға, допты жоғары айналдыра және үстелдің әр бағытына соққы бағыттайды. Қол белден сәл төмен орналасқанда, доп ракеткаға қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет