Стоматит кезіндегі ауыз қуысын өндеу



бет1/6
Дата03.01.2022
өлшемі90.53 Kb.
#451725
  1   2   3   4   5   6
Стандарт педиатрия



Стоматит кезіндегі ауыз қуысын өндеу.




Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: Емдік




2

Көрсеткіштері: ауыздың уылуы және ойылуы




3

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




4

Әзірле: 2% натрий гидрокарбонат ертіндісі немесе 10-20% натрий тетраборат глицеринде, саңылауқұлаққа қарсы антибиотик, ағаштан жасалған мақта шиырқтары, мақталы шариктері, дәкелер,резенкелі баллон немесе шприц, қысқыш, стирильді матаға арналған лоток, қолданылған материялға арналған лоток, ыдыс, жөргек, алжапқыш, клеенка, дез ертіндімен ыдыс ,резенке қолғап, құрал- жабдықтар үстелі.




5

Емшараның өту барысы мен мақсатын анасына түсіндіру.




6

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




7

Құрал – жабдыққа арналған үстелге керек жабдықтарды қой.




8

Шаюға арналған емдік ертіндіні дайында: 1 ас қасық ас содасын 200мл суға езу.




9

Ауыз қуысын стерильді дәне немесе мақта шиыршығы мен шаю.




10

-Баланы жөргектеу үстелине жатқызу, көмекші баланы ұстап тұру.




11

-Стерильді дәкенні қысқышпен алып, қысқышты айналдыра орау, дәкені ертіндіге салып, абайлап қақты алу.




12

Ауыз қуысын резенкелі баллонмен(шприц) шаю

  • Көмекші баланы алдына отырғызып аяқтарын өз аяғымен қысып ұстау, бір қолымен басын, екінші қолымен қолдарын ұстап тұрады.




13

  • Мойны мен кеудесіне алжапқыш, иек астына лоток қою.




14

  • Резенкелі баллонға (шприц) дәрілік ертінді сорып алып, баланың аузын ашып ,балланды (шприц) ауыз қуысына енгізу.




15

  • Баллонды қысып,қатты таңдайға бағыттау.




16

  • Баланың басын бірінші бір жағына содан екінші жағына шалқайту.




17

Баланың бетін құрғату.




18

Қолданылған құралдарды ертіндісі бар ыдысқа салу.




19

Жұмыс аланың диз ертіндімен өндеу.




20

Қолғапты шешіп КБУ-ға салып, қолды жуып, өндеу.





Периальды қатпардан энтеробиозға жабысқақ таспамен жағын алу



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі.

Баға

1

Мақсаты: острицалардың жұмыртқасын анықтау үшін




2

Көрсеткіштері балаларды тексеру:

-ауруханаға жатқызу үшін;

-мектепке дейінгі мекемелерге бару үшін;

-энтеробиозға күдіктенгенде;

-суға түсу бассейнға бару үшін;

-дегельминтациядан кейін қайта тексеру үшін






3

Қарсы көрсеткіштері: анальді тесік айналасының терісі зақымданғанда.




4

Әзірле: резенке қолғапты, шыны, жабысқақ таспа кесіндісі, маркер, жолдама бланкі, дез ертіндісі бар ыдыс.




5

Емшараның өту барысы мен мақсатын анасына түсіндіру.




6

Маркермен шыныны номерлеп жазыңыз




7

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




8

6 айға дейінгі балаларды арқасына жатқызып, екі аяғын көтеріңіз. 6 айдан жоғары жастағы балаларды сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын тізе буынында бүгіңіз.




9

Сол жақ қолдың 1 ,2 саусақпен бөксесін ашу.





10

Оң қолыңызға кесінді жабысқақ таспаны алыңыз







11

Оң қолдың саусақғымен жабысқақ таспаны анальді тесік айналасының терісіне бірнеше секундқа жапсырып қойыңыз




12

Теріден жабысқақ таспаны алыңыз, оны шыныға тығыз жапсырыңыз (ауа көпіршіктері болмау керек)




13

Қолды қолғаппен бірге антисептикалық ертіндімен жуып,қолғапты шешіп КБУ-ға салу.




14

Қолды жуып, кептіру.




15

Материялды жолдамамен зертханаға жіберу.






Ескерту: тексеру алдында шат арасын жумау керек.


Мұрынан қан кету кезінде шұғыл жәрдем көрсету алгоритмі



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі.

Баға

1

Мақсаты : мұрын қан кетуді тоқтату




2

Көрсеткіштері : мұрынан қан кету




3

Қарсы көрсеткіштері: дәрілік препараттарды жеке көтере алмаушылық




4

Әзірле: 3%, су асқын тотығы, викасол 1%, марлілі турунда, салфеткалар, лоток,мүз, резенке қолғапты




5

Емшараның өту барысы мен мақсатын анасына түсіндіру.




6

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




7

Баланы тыныштандырып, басын алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз




8

Пациентке лотокті қан жинау үшін беріңіз




9

Бала терең ауыз арқылы дем алуын сұраймыз, қысып тұрған киімін шешіңіз




10

Қан аққан мұрын қанатына қолмен басып отыру




11

Суық компрессті мұрын қырына және желкеге 30 минутқа басып отыру керек (қан тамырлардың рефлекторлы тарылуы үшін)




12

Салфетканы 3% су асқын тотығына немесе 0,1% адреналин ерітіндісіне, немесе 1% викасол немесе 5% аминокапрон қышқылына батырып қан аққан мұрын қуысына енгізіңіз.




13

Егер қан ағуы басылмаса 25-30см ұзындығы турунданы алып 3% су асқын тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына батырып қан аққан мұрын қуысына енгізіңіз. . Турунданы 12-24 сағатқа қалдырыңыз




14

Викасол, (кальция хлорид, аминокапрон қышқылы, дицинон, витамин «С») ерітіндісін бұлшық етке енгізіңіз




15

Егер жоғарыдағы айтылған шаралардан соң қан тоқтамаса тез арада лор бөлімшесіне тасмалдаңыз.






Шала туылған баланы зонд арқылы тамақтандыру.



Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: шала туылған баланы тамақтандыру.




2

Көрсеткіші: Сору мен жұтыну рефлексіні жоқ болуы,жана туған баланын ауруы(асфиксия,гемолитикалық ауру).




3

Қарсы көрсеткіштері: жалпы жағдайы өте ауыр, терең тыныс алу жетіспеушілік, қан айналымының бұзылысы бар шала туылғандық




4

Әзірле: Стерильді: :полиэтиленді асқазан зонд,шприц 20мл,салфеткалар, резенке балон, қысқыш, қолгаптар, бет перде; ыдыс ана сүтімен, лоток сумен 40-60 С,лейкопластырь, КБУ,дез ертіндісі, дәке.




5

Емшараның өту барысы мен мақсатын анасына түсіндіру.




6

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз, алжапқыш тағу .




7

Дез ертіндіге ылғалданған дәкемен жөргектеу үстелін сүрту.




8

Үстелге жөргекпен клеенканы салу




9

40-60 С жылытылған сүтті лотокка қойыңыз




10

Баланы жөргектеу столына басын көтерінкі етіп қырынан жатқызыныз, омырауын дәкемен жабыныз.




11

Тексерініз: керек жағдайда мұрын қуысын тазаланыз.




12

Зондты қаптан қысқышпен алыныз.




13

Құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және төстік семсершесіне дейін енгізу терендігін өлшеніз.




14

Лейкопластырмен белгі жасап ,зонд канюласын жабыныз.




15

Зонд ұшынан 7-8 см қашықтықта алып мұрын қуысына белгіге дейін енгізініз.(зондты енгізу кезінде балада жөтелсе немесе көгерген болса, тыныс алу жолдарына түскендігін көрсетеді.Ондай жағдайда зондты тез алып тастау керек,балаға ылғалданған оттегі беріп,емшараны қайталаныз).




16

Дәрігердің тағайындау бойынша шприцке жылы ана сүтін сорып алыныз.




17

Зонд канюласын ашыныз,сүті бар шприцті зондқа жалғаныз.




18

Зондты сәл көтеріп баланын асқазанына сүтті жіберініз.




19

Шприцті зондтан ажыратыныз.,канюланы жабыныз.




20

Тамақтандырғаннан кейн зондты салфеткамен ұстап тұрып ақырыдап алып тастаңыз




21

Бала басын жоғары көтеріп бір қырына жатқызыныз.




22

Қолданылған салфеткаларды, шприц, зондты КБУ-ға тастаңыз, қолданылған қысқышты дез ертіндісінесалыңыз




23

Қолғапты шешініз,КБУ-ға салыныз. Қолды жуып,кептірініз.




24

Ескерту:зонд диаметірі баланын салмағына байланысты:1000 гр-№4;1000-2000 гр-№6;2000-2500 гр-№8.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет