Субъективті анкеталау мен объективті мәліметтер жинауына



Дата04.03.2016
өлшемі157.5 Kb.
#36756


Xinhua-Dow Jones IFCDI - 2013
IFCDI (International Financial Centres Development Index) 2010 жылдан бастап іске қосылды және Xinhua News Agency (Пекин, Қытай) мен Chicago Mercantile Exchange Group (CME) (Чикаго, АҚШ) компанияларының бірлесе әзірлеген, 45 халықаралық қаржы орталықтарының (ХҚО) бағалау жүйесі болып табылады.

IFCDI өнеркәсіптің өсуі мен дамуының, аймақтық қаржы нарықтарының қызмет көрсетулері мен саяси тұрақтылығының мүмкіндіктерін объективті көрсететін, әлемдік саяси, ғылыми және бизнес қауымдастықтары, сондай-ақ ірі әлемдік инвесторларымен танылатын рейтинг ретінде айқындалады.

Айта кететін жәйт, бүкіл әлем бойынша 300-ден аса бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде Xinhua, Dow Jones және Thomson-Reuters агенттіктері 400-ге тарта есептер әзірлеу үшін негіз ретінде IFCDI мәліметтерін қолданған.

IFCDI ХҚО келесі сипаттамаларын қарастырады:



  1. қаржы институттарының, халықаралық бизнестің, ірі халықаралық банктердің, брокерлердің, бағалы қағаздардың, сақтандырушылардың, эмитенттердің саны;

  2. халықаралық қаржы нарық жүйесінің даму деңгейі, соның ішінде қор, облигациялары, банкаралық несиелеу, алтын, валюталық нарықтары;

  3. халықаралық қаржы-сауда қатынастарының деңгейі, соның ішінде акциялар шығарылымы мен айналымы, заем алу мен капиталды несиелеу;

  4. инфрақұрылымның даму деңгейі, соның ішінде байланыс желілері, жол жүру қауіпсіздігі, қызметтер саласының дамуы және т.б.

IFCDI рейтингі жыл сайын жарияланады және Xinhua агенттігі мен оның стратегиялық серіктесі AC Neilsen Global Survey ақпарат жинау ғаламдық жүйелері арқылы субъективті анкеталау мен объективті мәліметтер жинауына негізделеді.

Анкеталау қаржы мамандықтарының респонденттері (2013 жылы – 4 856), кәсіби инвесторлар, ғылыми-зерттеу институттары, коммерциялық және орталық банктері, сондай-ақ қаржы секторынан емес мамандардың анкеталарын жинау арқылы жүргізіледі.

Анкета 15 сұрақтан құралады. Анкеталаудың ғылымилығы келесі сипаттамалар бойынша ақпарат жинаудың (%-да) пропорциалды қатысымен дәлелденген:



  1. Респонденттердің географиялық орындарының үйлестірілуі;

  2. Сұралған респонденттердің қызмет жасайтын лауазымдар деңгейі;

  3. Сұралған респонденттердің қызметтерінің диверсификациясы;

  4. Сұралған респонденттер компаниялары көлемінің қатысы (қызметкерлер саны бойынша).


Объективті мәліметтерді жинау, Z/Yen компаниясы (GFCI рейтингі) тәрізді, БАҚ жарияланатын сыртқы мәліметтерді жинау мен талдаудан тұрады. Айырмашылығы –IFCDI ХҚО бәсекелесті мәліметтер индекстерін санау мен формулалар арқылы БРИКС1 мысалында көрсетуінде.

IFCDI 2013 индексін санау бәсекелестіктің симметриялық моделін қабылдады, онда бағалаудың ғылыми амалымен тікелей және қысқаша ақпарат ұсынылған. Мәліметтер бірыңғай форматта өнделеді, онда ХҚО дамуын көрсететін жалпы индексі үшін субьективті зерттеулер мәліметтері мен обьективті көрсеткіштер үйлесін тапты.

Объективті көрсеткіштер жүйесі келесі 5 индикаторлардан тұрады, ал олар өз кезегінде бөлімшелер мен суббөлімдерге бөлінеді:



п/п

Индикатор

1 - деңгей

Индикатор

2 - деңгей

Индикатор

3 - деңгей

1.

Қаржы нарығы

Капитал нарығы

Бағалы қағаздар капитализациясы (акциялар)

Бағалы қағаздар капитализациясы (облигациялар)

Шикізат тауарлары фьючерстері бойынша сауда көлемі

Бүкіл биржалық фьючерстердің көлемі

ЖІӨ-ге қор нарығының үлесі

Бағалы қағаздар нарығының интернационализациясы

Шетел валюта нарығы

Валюталық туынды қаржы құралдарының айналымы

Валюталық резервтер

Валюталық курстың волатильдігі

Банк нарығы

Ірі банктердің саны

Банктердің негізгі активтері

ЖІӨ-ге Орталық Банктің активтері

ЖІӨ-ге банк активтері

Сақтандыру нарығы

Сақтандыру сыйақылары

Сақтандыру сыйақыларының өсімі

Сақтандыру қызметтерінің деңгейі

2.

Өсу мен даму

Капитал нарығының өсуі

Жаңа облигациялардың өсу қарқыны

Листинг компанияларының өсу қарқыны

Акциялармен саудалауының өсу қарқыны

Экономикалық өсу

5 жылдағы ЖІӨ-ң өсуінің орташа қарқыны

Үй шаруашылығы табыстарының үш жылдық өсуінің орташа қарқыны

3 жылдағы бағалардың жалпы индексінің

орташа өсу қарқыны



Салықтар мен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша

өсу қарқыны



Резервтердің инновациялық потенциалы

3 жылдағы ішкі сатып алу қабілеттілігі

өсуінің орташа қарқыны



Ғылыми-техникалық инновациялық потенциалы

Зерттеу мен дамытуға үкіметтік шығындар өсуінің бес жылдық орташа қарқыны

Азаматтарды зерттеу мен дамытуға үкіметтік шығындар өсуінің бес жылдық орташа қарқыны

Инновациялар индексі

3.

Өнеркәсіпті қолдау

Бизнес ортаның қолдауы


Өнеркәсіптің дамуы

Жекелеп-көптеп саудасының дамуы

IT-компаниялардың дамуы

Жоғарғы технологиялар экспорты

Қаржы қызметтерін ұсынушылардың күші

Көп ұлттық компаниялар санының өсуі

Интеллектуалды капитал

Таланттардың тартымдылығы

Халықтың жан басына шаққандағы жоғары білімге мемлекеттік шығындар

Халықтың білім деңгейі

Университеттер саны

Қалалық инфрақұрылымы

Жүк айналымы

Ұлттық әуе тасымалдаушылары

IT-инфрақұрылым

4.

Сервис деңгейі

Әлеуметтік басқару

Қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен

қамту үлесі



Реттеу сапасы

«Электрондық үкімет» қолжетімділігі

Жұмыссыздық индексі

Криминалды статистика

Жұмыс пен өмір

Күнкөріс минимумы

Өмір сапасының индексі

Жұмыс ортасы

5.

Жалпы орта

Экономикалық орта

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ

Бизнес жүргізу үшін жағдайлар

Сыртқы сауданың жалпы көлемі

Тұтынушылық бағалар индексі

Экономикалық бостандық индексі

(«үкіметтік қол сұғушылықтың жоқтығы не тауарлар мен қызметтерді тұтыну мен үйлестіру, шығаруға кедергі жасау, тиісті азаматтық қорғау мен бостандықты қолдаудан өзге»)



Экономикалық экстравертті дәрежесі

(қоршаған орта мен онда іс-әрекет етуге бағытталған



психикалық қойма)

Саяси орта

Халықаралық бақыт индексі

(адамдардың «шынайы» әл-ауқатын және әлемнің түрлі елдерінде қоршаған орта жағдайын көрсетеді)



Саяси тұрақтылық пен күштеу-зорлықтың жоқтығы

Сыбайлас жемқорлық индексі

Ашықтығы

Әлеуметтік глобализация индексі

Желілік дайындық индексі

(әлем елдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар даму деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Дүниежүзілік экономикалық форумымен шығарылады)



Ғаламдық бәсекелестік индексі

Тікелей шетел инвестициялары

Табиғи орта

Географиялық орны

Қала тұрғындарының тығыздығы


IFCDI_рейтингтерін_салыстыру'>GFCI мен IFCDI рейтингтерін салыстыру


ХҚО топ-10 рейтингтерін салыстыру

р/б



IFCDI

GFCI

2013

2012

GFCI'14

GFCI'13

1

Нью-Йорк

Нью-Йорк

Лондон

Лондон

2

Лондон

Лондон

Нью-Йорк

Нью-Йорк

3

Гонконг

Токио

Гонконг

Гонконг

4

Токио

Гонконг

Сингапур

Сингапур

5

Сингапур

Сингапур

Токио

Цюрих

6

Шанхай

Шанхай

Цюрих

Токио

7

Париж

Франкфурт

Бостон

Женева

8

Франкфурт

Париж

Женева

Бостон

9

Чикаго

Цюрих

Франкфурт

Сеул

10

Сидней

Чикаго

Сеул

Франкфурт



GFCI мен IFCDI рейтингтерін салыстыру

Көрсеткіштер

IFCDI

GFCI

Шығу уақыты/жылы

2010

2007

Шығарылым жиілігі

әр жыл сайын

әр жарты жыл сайын

2013 жылдың соңына шығарылымдар саны

4

14

Рейтингтегі ХҚО саны

45

80

Шығарылым елі

АҚШ пен Қытай

Ұлыбритания

Негізгі зерттелетін елдер

БРИКС

Англия мен Оффшорлар

Сауалнамалардың саны

4 856

2 786

Сонымен қоса, айта кету қажет, IFCDI индексі көбінесе халықаралық қаржы орталықтары үшін рейтингтер беруге бағытталған. Сондай-ақ АӨҚО өңірлік/төменгі қаржы орталығы болып табылатындықтан, аталған рейтингті АӨҚО үшін бағдар ретінле қарастыруға тым ерте.




1 БРИКС (англ. BRICS) – бес тез дамып келе жатқан елдердің тобы: Бразилия (Сан Пауло), Ресей (Москва), Индия (Мумбаи), Қытай (Шанхай), Оңтүстік Африка Республикасы (Йоханнесбург)



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет