Т. Айбергенов өлеңдері Перзент жыры Өмір Өкпелемеңдер, АҒалар



бет4/4
Дата17.02.2024
өлшемі25.6 Kb.
#492215
1   2   3   4
Айбергенов өлеңдері

Туған жерден аттанарда...

Сенделiп өрттей сезімнен,


Лапылдап кетіп барамын.
Узуге моншақ көзiмнен,
Жақындап кетіп барамын.

Құдiретiңе о, туған жер,


Сеніп кетіп барамын.
Қимастық, сенің отыңнан
Теңселiп кетіп барамын.

Алысты барам арман ғып,


Ауырың болса арт, өмiр.
Жолына жырдың құрбан ғып,
Басымды тiктiм, әйтеуір.

Сенімге мені бөлеген,


Жандардың мынау алдында.
Ұялас дос ең о, өлең,
Ұятқа мені қалдырма.

Жұлдыздар
Құттықтап жатыр достарым,
Жатырмын сүйіп мен де оны.
Тілекке тілек қосқан үн,
Барады кернеп кеудені.


Не деген мынау тасқын ән,
Не деген мынау ен дәулет.
Жерімнен ұшқан қос қыран
Барады жерді белдеулеп.


Жұлдыз боп ұшқан жұлдыздар,
Жұлдызға қолды жалғатты.
Әрбірі планета болып,
Көтерді жерден салмақты.


Келісті жырлар келді күн,
Құдіреті күшті Отаным.
Ұланы болдым мен бүгін,
Ұласқан үш планетаның.


Тағы ұшты шаттық көңілден,
Дүрсілдеп жүрек тұр қатты.
Қос жұлдыз тағы көгімнен,
Дүниеге бүгін тіл қатты.


Жұлдыз боп ұшқан жандардың,
Бөлекше құяр нұры бар.
Бұдан соң атқан таңдардың,
Ерекше болар түрі бар.


Әлемнің барлық жұлдызы,
Қалса да енді сөніп-ақ.
Жасаймыз түннен күндізді,
Өзіміз жұлдыз болып ап.


Адамдар
О, адамдар, біргемін мен сендермен,
Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.
Сендер менің бақытымның бұлағы,
Сендер менің дарыныма жел берген.
Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,
Жарты құртты бөліп жедім, сырластым.
Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,
Рақатын ойлау үшін бір бастың.
Гүлстанға айналдырған тақырды,
Болат қолдар, алғыр милар ақылды,
Сүйемін мен, сүйемін мен сендерді
Алар демім қалғанынша ақырғы.
Менің үшін бірдей тілің, жынысың,
Көбің ана, көбің аға-інісің.
Достық өскен, ерлік өскен ортаңа
Енген сайын кеңи түсер тынысым.
Не кездессе өздеріңмен көрмекпін
Қарапайым адамдары еңбектің!
Барлығын да бағыштар ем сендерге
Махаббатын маған берсе жер-көктің.
Қолыңнан қала тұрса тас қаланып,
Құдіретіңе табынса аспан алып.
Сен жасаған бақытты көріп тұрып,
Сені сүймеу не деген масқаралық.
Алдымнан көрген емес жол кесіліп,
Келемін демеуіңмен өрге шығып.
О, адамдар, ғапу ет, шалыс бассам,
Кешіріңдер,
Менікі пендешілік.

Үш кезең
Өмір бізді үш толқыннан құрапты,
Дүниеге жалғыз келген жан емен.
Кеше, бүгін және ертең сияқты,
Әкем, балам, ортадағы және мен.

Тіпті өкпелеп тұрса-дағы қаншама,
Үш сүйгенде албырайды сүйгенің.
Үш тартқанда қанша қиын болса да,
Көкірегімде сайрап қалар күй менің.

Әлі талай самғаймын мен алға ұзақ,
Жер гүлінің мүмкін емес солмағы.
Әрқашан да өмір маған жалғыз-ақ,
Үш кезегін беріп тұрса болғаны!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет