Тақырыбы: «Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері» Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу үшін мұғалім нені білуі керек? Тапсырманы қалай әзірлеу керек және тапсырма әзірлеу барысында нені ескеру



бет1/5
Дата06.10.2022
өлшемі1.46 Mb.
#462105
  1   2   3   4   5
бжб тжб


Тақырыбы: «Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері»
Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу үшін мұғалім нені білуі керек?
Тапсырманы қалай әзірлеу керек және тапсырма әзірлеу барысында нені ескеру керек?
Жиынтық бағалау бойынша балл және баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қабылдайды. Сонымен қатар мұғалімнің әр оқушының орындаған жұмысы бойынша объективті шешім қабылдауына бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларына құрастырылған дескрипторлар, тоқсандық бағалау тапсырмалары бойынша құрастырылған балл қою кестелері көмектеседі. Жиынтық бағалау нәтижесінде алынған деректер қалыптастырушы бағалаудағыдай жоспарлау, түзету және оқу процесіне талдау жасау үшін қолданылады.
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау процедуралары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген және 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен толықтырылған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүреді. Айта кететін жай, аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде бөлім бойынша жиынтық бағалау қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
Бөлім
Оқу мақсаттары
Бағалау
критерийлері
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Түрлі деңгейдегі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет