Тақырыбы: Дәнді бұршақ дақылдары

бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі1.57 Mb.
#464629
  1   2   3
Дәнді бұршақ дақылдыры

Тақырыбы:Дәнді бұршақ дақылдары

Орындаған:Кайдаров Анарбек

Тексерген: Алмагуль Абулхаировна

Дәнді бұршақ дақылдары

  •  Дәнді бұршақ дақылдары – бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер; белокқа бай, көбінесе дәні (тұқымы) үшін өсіріледі. Дүние жүзінде 17 туысқа бірігетін 60-тан астам түрі бар. Қазақстанда көп тарағаны: асбұршақ, қытайбұршақ (соя), сүмбілбұршақ (лобия), жасымық, ноғатық, сиыржоңышқа, бөрібұршақ (люпин), атбасбұршақ, майбұршақ, ноқат, үрмебұршақ, т.б. Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары тіп-тік (нұт), шырмалып (үрмебұршақ), өрмеленіп (сиыржоңышқа), төселіп (маш) өседі. Жапырақтары күрделі (бірнеше жапырақшалардан құралады), олар қауырсынды, үш бөлікті және саусақ тәрізді болып бөлінеді. Көбінесе кіндік тамырлы, жемісі бұршақ, онда 2 – 9 ұрық болады. Тұқымы ұсақ (жасымық), ірі (бұршақ), пішіні дөңгелек, қабысқан, бүйрек тәріздес болуы мүмкін. Дәнді бұршақ дақылдары тамырларында түйнек бактериялары болғандықтан, олар ауадан әр га-ға 100 – 400 кг бос азот жинап, топырақты азотпен байытады.

Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабағы мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадағы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырады. Олардың агротехникалық маңызы да зор: тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арқасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет