Тақырыбы: Халық шаруашылығындағы химиялық технологияның маңызы



бет1/3
Дата02.11.2022
өлшемі86.81 Kb.
#463839
  1   2   3
Лекция-6 Хим. тех. манызы

Тақырыбы:

Халық шаруашылығындағы химиялық технологияның маңызы

Жоспары

  • Химияның даму кезеңдері
  • Химиялық технологияның халық шаруашылығындағы маңызы
  • Материалдар дайындау

Кіріспе

  • Химиялық заттар туралы білім жиынтығы ғана емес, басқа ғылым салаларының арасында өзінің әлеуметтік мәні бар, үнемі дамып отыратын, белгілі бір тартіппен қурылған білім жүйесі. Химияның басқа ғылым саласынан ерекшелігі — өзінің зерттеу пәнін өзі жасайды (Д.И.Менделеев). Басқа ешбір ғылым бір уақытта ғылымның да, өндірістін де рөлін атқара алмайды.
  • Барлық химиялық ғылым жүйесі — теориялар, заңдар, әдістемелер мен технологиялар — химияның негізгі мақсаты үшін — қажетті қасиеттері бар заттарды алуға негізделген.Химия ғылымының барлық тарихы, дамуы осы негізгі мәселені шешуге арналған.

Химиялық технология

  • Химиялық технология заттың ішкі белсенділігін пайдалана отырып, механикалық және органикалық дүниенің арасында аралық орын алады.
  • Табиғи шикізатты немесе жартылай өнімді адамзаттың тұтыну өніміне немесе өндірістің қажетті затына өңдеу арқылы айналдыру процестерін зерттейтін ғылым химиялық технология деп аталады.
  • Химия өнеркәсібі қазіргі қоғам өмірі үшін қажет мыңдаған өнімдер шығарады. Халық шаруашылығын химия өнеркәсібінсіз көзбен елестету мүмкін емес.
  • Химиялық технология араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жок. Табиғат бізге тек бастапкы шикізатты — ағашты, кенді, мұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа кажетті тыңайткыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады.

Химияның қолданылуы

  • Химия – сонау ерте заманнан бері қолданыста келе жатыр. От жағуды үйренгеннен бастап-ақ адам химиялық реакцияны қолмен жасап жүрді. Металдарды, мәселен, темір, мыс, алтынды ертеден өңдеп, балқытып, қажетті қару-жарақ, әсемдік әшекейлер жасаған. Таза металдардың өзін ғана пайдалану тиімсіз екенін түсінген алғашқы адамдар олардың құймаларын да жасауды меңгерген. Оған қола дәуірінің тарихта қалдырған ізінен байқауға болады. Бүгінгі күнге дейін жетіп отырған Түркістандағы тайқазан да соның бір дәлелі, оның құрамында жеті металл темір, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс және алтын болғаны анықталды
  • Химиялық технология араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жок. Табиғат бізге тек бастапкы шикізатты — ағашты, кенді, мұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа кажетті тыңайткыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады.
  • Химияның және химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылықтың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етеді. Химиялық технология және оның жетістіктері егеменді еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне, халықтың әл-аукатының артуына ықпал етеді.
  • Химиялық технологиясыз ғылыми-техникалық прогресс болуы да мүмкін емес. Машина және аспап жасау сиякты өндіріс салаларына химиялық конструкциялық материалдар қандай қажет болса, қара және түсті металдарды, кұймаларды, ағашты, шыныны алмастыратын берік, ыстыкка тезімді, оптикалық мөлдір, электроқшаулағыш, жемірілмейтін, т.б. қасиеттері бар полимерлер сондай кажет. Каучуктар, резеңкелер, металдар сияқты материалдардың беріктілігін арттыру үшін радиациялык химия ядролық сәулелендірудің тиімді әдістерін тапты. Мұндай ірі жаңалыктарды шаруашылықтың әр саласынан кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет