Тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру



бет1/4
Дата19.12.2022
өлшемі131.9 Kb.
#467524
  1   2   3   4
жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау

Тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

« ОРМАН, ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯ » ФАКУЛЬТЕТІ 

« ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ КАДАСТР » КАФЕДРАСЫ


Орындаған: КД – 306К тобының студенті Жүмәсілова А.

ЖОСПАР 1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 2. Жерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдар 3.Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі негізгі нормативтік актілер

1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Мемлекеттік бақылау бұл жерді ұтымды пайдалану мен жерді қорғау мақсатындағы жер заңнамасын орындауға бағытталған шаралар жүйесі. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз – топырақты сақтауды, өсімдік пен жануарлар дүниесін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді, қоршаған ортаға әсер ететін кері процестерді шектеуді көздейтін жүйе. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау ҚР – ның Конституциясында, Жер кодексінде және нормативтік актілерде белгіленген ережелерге сәйкес мемлекеттік органдрдың, жеке,заңды және лауазымды тұлғалардың ҚР жер заңнамасын орындаулы ҚР заңнамасын бұзушыларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтауды, жер кадастрын жүргізу мен жерге орналастырудың дұрыстығы және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс – шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылау объектісі – ҚР – ның барлық жер қоры болып табылады. Мемлекеттік бақылау жерді қорғау мен ұтымды пайдалануға ғана бағытталмай, сонымен қатар өндіріс орындар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын жерді ұтымсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартады және тұлғаларға берілген жер учаскелерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартады.

Бақылау келесі кезеңдерден тұрады: - Камералдық дайындық жұмыстары; - Далалық жұмыстар; - Далалық зерттеулер; - Бақылау нәтижелерін безендіру.


Бақылауды жүргізетін органдарға байланысты
1) Мемлекеттік;
2) Қоғамдық;
1)Мемлекеттік бақылау өкіметпен басқарудың мемлекеттік атқарушы органдарымен, заңдардың орындалуын бақылайтын арнаулы бақылау органдарымен, жеке арнайы ведомстволық қызметтердің органдарымен жүргізіледі.
2) Қоғамдық бақылау, әдеттегідей, қоғамдық бастамада белгілі тұлғалардың олардың негізгі жұмыс міндеттерін орындаудан тыс қосымша жүктемесі ретінде жүргізіледі. Бұл ретте құқықтық салдарлар екі жағдайда да бірдей орындауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет