Тақырыбы: «Тіл-өнер меңгере біл, ойыңды әсем көмкере біл»



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі25.24 Kb.
#469212
  1   2   3   4
30.09.2022ж 7Б Тәрбие сағаты


30.09.2022ж Сынып 7 Б Хаджиметова Д.И


Тақырыбы: « Тіл-өнер меңгере біл, ойыңды әсем көмкере біл»
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына,
еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас ұрпаққа ана тілінің
тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың
айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Оқушыларды мәнерлеп көркем сөз оқуға үйрету.
Тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу, ана тілін аялап құрметтеуге
баулу.
Көрнекілігі:Тіл туралы айтылған ұлағатты сөздер, ақын-жазушылардың портреттері,кітаптар,үнтаспа
Барысы:
(Қазақтың әсем ұлттық әуені ойнап тұрады, сахна безендірілген, қанатты сөздер,шарлар ілінген). Фанфара (салтанатты түрде сырнайлатып, кернейлетіп хабарлау)
Қазақстанның әнұраны шырқалады.


1-жүргізуші:Тілдің туын көтерген Майқы биден бастап, от ауызды, орақ тілді би-шешендер, көрнекті ақын-жыраулар мен сөз қадірін ұғар қазақ халқы болды. Жазба тілдің негізін салған Абай, «Алаш» деп ұрандаған Ахмет, сыршыл ақын Мағжан, қазақты әлемге танытқан М.Әуезов, Жамбыл ақын бастаған тілінен май тамған ақындар тобы, сөз өнерінің шеберлері Ғабит пен Ғабиден — тіліміздің ертеңі үшін ой таразысын тербеген жандар.
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар- қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,
Жер иесі- менің тілім мәңгі жас.
Әуезов,Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тіл.
Қанша заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
2-жүргізуші:Құрметті тіл жанашырлары, әдебиетші, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар! Тілдер мерекесіне орай мектебімізде өтіп жатқан «Тіл мәртебесі –ел мәртебесі» атты онкүндік аясында өтетін «Тіл –өнер меңгере біл, ойыңды әсем көмкере біл»атты әдеби танымдық кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:— Дауға салса- алмастай қиған, сезімге салса-қырандай қалқыған, ойға салса- қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бүл дүниеде қымбат не бар екен?! (Н.Ә.Назарбаев)
Бұл жанды тіл- менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім- Қазақ тілім!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет