Тақырып Қауіпсіздік. Қауіпсіздік жүйелері. «Қауіпсіздік» термині. Қорғау объектілерінің басымдылықтары. Қауіпсіздік жүйелері. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі



Дата01.03.2024
өлшемі38 Kb.
#493741
Лекция 5-Введение


Тақырып 5. Қауіпсіздік. Қауіпсіздік жүйелері. «Қауіпсіздік» термині. Қорғау объектілерінің басымдылықтары. Қауіпсіздік жүйелері. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі.
Қауіпсіздік. Қауіпсіздік жүйелері.
Қауіпсіздік - оған зат, энергия және ақпарат ағымдарының барлығының әсер етуі максималды рұқсат етілген шамадан артпайтын қорғау нысанының күйі.
Қауіпсіздік – адам мен қоршаған ортаның қауіптен қаншалықты қорғалғанын көрсететін күй
Қауіпсіздік термині көбінесе қауіптілік көзінің сапасын бағалау үшін қолданылады. Көп жағдайда қауіптілік көзінің экологиялығы термині қолданылады, ол адамға , биосфераға және техносфераға оның рұқсат етілген әсері сақталатын көздің күйі. экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi. Қорғау нысандарының басымдылықтары:
- адам;
- қауымдастық;
- мемлекет;
- табиғи орта;
- техносфера.
Қауіптілік жүйелері

Қауіптілік түрлері

Қорғау нысаны

Қауіпсіздік жүйесі

Адам іс-әрекеті ортасының қауіптілігі

Адам

Еңбек қауіпсіздігі (қорғау)

Тіршілік ортасы мен демалыстың, қаланың қауіптілігі, техносфера қауіптіліктері

Адам

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

Техносфера қауіптіліктері

Табиғи орта

Қоршаған ортаны қорғау

Биосфераның, техносфераның төтенше қауіптіліктері

Адам,
Табиғи орта,
Материалдық ресурстар

Төтенше жағдайлардағы қорғаныс, өрт және радиациялық қорғау

Ішкі және сыртқы жалпы мемлекеттік қауіптіліктер

Қоғам,
Ұлт

Елдің қауіпсіздік жүйесі, ұлттық қауіпсіздік

Бақыланбайтын және басқарылмайтын іс-әрекеттер қауіптілігі (халық санының, жаппай жою қаруларының артуы, климаттың жылынуы)

Адамзат,
Биосфера,
Техносфера

Глобалды қауіпсіздік

Космос қауіптіліктері

Адамзат,
Жер планетасы

Космостық қауіпсіздік



Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі – әрбір адамға қауіп төндіретін жалпы қауіптіліктерді зерттейтін және олардан қорғанудың тәсілдерін дайындайтын ғылыми білім саласы.
«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» ғылымының міндеттері:
- техносфера қауіптіліктерін идентификациялау;
- қауіптіліктен қорғану құралдарын дайындау және қолдану;
- техносферадағы үздіксіз бақылау мен мониторинг;
- жұмысшылар мен халықты қауіптіліктен қорғанудың негіздерімен таныстыру;
- қауіптілік салдарларын жою бойынша шараларды дайындау.
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің мақсаты – техносферадағы адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, оны техногенді, антропогенді және табиғи текті қауіптіліктерден қорғау, тіршілік әрекетінің оңтайлы жағдайларын жасау.
Қауіпсіздік туралы ғылым өзінің даму тарихын Аристотель мен Гиппократ кезеңінен бастаған.
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің ғылым ретінде дамуы өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан басталған, қазір өзінің қалыптасу сатысында.
Өзінің дамуында тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан қорғау, профилактикалық медицина, биология салаларындағы теориялық және практикалық жетістіктерге сүйенеді.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің аксиомалары:
-барлық іс-әрекет потенциалды қауіпті болып табылады ;
- егер техносферадағы күнделікті зат, энергия және ақпарат ағымдары шекті мәннен артық болса, техногенді қауіптіліктер болады;
- техногенді қауіптіліктер кеңістік пен уақыт бойынша әрекет етеді;
- қауіптілік көздерін жетілдіру, гомосфера(жұмысшы аймақ) мен нокосфераны (қауіпті кеңістік) кеңістіктік және (немесе) уақытша бөлу,қорғаныс шараларын қолдану арқылы техногендік қауіптіліктен қорғануға қол жеткізуге болады.
- қауіптілік әлеміндегі адамдардың компетенттілігі мен олардан қорғану тәсілдері- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне жетудің қажетті шарты.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет