Тақырып Кіріспе. Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары. Сұрақтар Технологиялық процесстер жүруінің жалпы заңдылықтары «Процестер және аппараттар»


«Процестер және аппараттар» ғылымының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата11.10.2023
өлшемі254.83 Kb.
#480365
1   2   3   4
дарис 1

«Процестер және аппараттар» ғылымының даму тарихы. 
Шетелдік және бұрынғы Кеңес үкіметінің ғалымдарының үлкен ғылыми жұмыстарының 
нәтижесінде «Процестер және аппараттар» ғылымы құрылды. Д.И. менделеев 1897 жылы «Фабрикалық-
заводтық өнеркәсіптің негіздері» атты кітабында процестер және аппараттар пәні құ рылымының 
принциптерін және химиялық технологияның түрлерін көрсеткен болатын. Д.И. Менделеевтің айтқан 
идеялары А.К.Крупский, И.А.Тищенко және т.б. ғалымдармен жетілдіріліп әрі қарай өркендетілді. 
А.К.Крупский 40 жылдың 
көлемінде Петербург технологиялық 
институтында сабақ береді. 
Ресейде «Процестер және аппараттар» пәні бірінші рет 1913 жылы пайда болды. Бұл профессор 
И.А. Тищенконың «Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттар» деген кітабы еді. 
Одан кейінгі көптеген ғалымдар осы пәннің жан-жақты өркендеуіне елеулі еңбектер жасады. Олардың 
ішінде тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Бұлардың ішінде Киев политехника 
институтының профессоры А.А. Кировтың атап өтуге болады. Ол 1923 жылы «Химиялық 
технологияның процестері және аппаратурасы» деген кітабын шығарды. «Процестер және аппараттар» 
пәнін жетілдіруге профессорлар М.А.Кичигин және Г.Н.Костенконың буландыру аппараттарын
есептеуде, Беларуссия академисының академиясының академигі А.В.Лыковтың және профессор 
А.С.Гинзбургтың кептіру теориясын жасауда, профессор Г.М.Знаменскийдің сүзу және центрифуга, 
профессор П.М.Силиннің экстракция, профессор В.Д.Поповтың кристаллизация процестерін зерттеуде 
орасан еңбектерін атап өту қажет. 


Тамақ өндірісінің процестері және аппараттарын жетілдіруде профессор Г.А.Куктің еңбегі көп. 
Оның тамақ өні мдерін пастерлеу теориясын жасауы және «Сүт өнеркәсібінің процестері және 
аппараттары» деген кітабының шығуы дәлел. Тамақ өні мдерін кептірудегі үлкен зерттеулеріне және 
«Ет өнеркәсібінің процестері және аппараттары» кітабына байланысты профессор Н.Е.Федоровтың 
еңбегі үлкен. 
Тамақ өндірісіндегі масса алмасу процестерінің теориясын жасауда және «Тамақ өндірісінің 
процестері және аппараттары» атты ең бірінші оқулық жазған профессор В.Н.Стабниковтың 
елеулі еңбегі бар. 
Қазақстанда бұл пәннің одан әрі жетілуіне өздерінің үлкен үлестерін қосқан ғалымдар Ұлттық 
академияның корреспондент мүшесі, профессор О.С.Балабековті, Инженерлік академияның 
корреспондент мүшесі, профессор Ш.М.Молдабековті және т.б. атауға болады. 
Курста оқылатын процес терминін (латын тілінің «processus» - қозғалу ) - физикалық, химиялық, 
механикалық және басқа әрекеттердің әсеріненен бастапқы материал тағам өнімдеріне айналатын 
өңдірістік процес. Бұл айналулар заттың агрегаттық күйінің, ішкі құрылысының және химиялық 
құрамының өзгеруімен жалғасады. 
Процестер технологиялық аппараттарда (латын тілінің apparatus - құрал, жабдық) жүреді. 
Көбінесе аппарат әр түрлі түтіктер (трубалар), торлар, полкалар, сақиналар, тарелкелер, сұйық 
тамшыларды бөлу үшін сепараторлар және т.б. қозғалыссыз орналасқан сыйымдылықтар. Кейбір кездері 
аппараттарда сұйық заттарды араластыру үшін айналмалы механизмдерді орнатады 
2. Тамақ технолгиясының процестерінің түрлері. 
Поцестер өту жылдамдығын анықтайтын негізгі заңдарға байланысты төмендегіше болады: 
1) Гидродинамикалық процестер - өту жылдамдығы гидродинамиканың заңдарымен 
анықталады. Бұларға төмендегі процестер жатады: сұйықтарды тасымалдау, газдарды 
тасымалдау және сығу, сұйықты және газды әртекті жүйелерді ауырлық күштің (тұндыру), 
ортадан тепкіш күштің (центрафугалау) және қысым күшінің (сүзу) әсерлерімен ажырату, 
сұйық ортаны араластыру. Процестің қозғаушы күші қысымдар айырмасы немесе ортадан 
тепкіш күш болады. 
2) Жылу процестері - өту жылдамдығы жылу тасымалдау заңдарымен анықталады. 
Бұларға: жылыту, суыту, конденсациялау, қату, балқу, булану және буландыру процестері 
кіреді. Процестердің қозғаушы күші – температуралар айырмасы. 
3) Масса алмасу (диффузиялық) процестері. Мұндай процестер қоспаның бір немесе 
бірнеше құрамдастарының бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталады. Бұларға: абсорбция, 
ректификация, айдау, экстракция, адсорбция, кристаллизация, кептіру процестері кіреді. 
Процестің қозғаушы күші концентрациялар айырмасы. 
4) Химиялық процестер - өту жылдамдығы химиялық кинетиканың заңдарымен 
анықталады. Бұл процестерге каталитикалық, крекинг, пиролиз, гидротазалау және т.б. кіреді. 
Процестің қозғаушы күші әрекеттесетін заттардың концентрациялары болады. 
5) Механикалық процестердің өту жылдамдығы қатты заттар механикасының 
заңдарымен анықталады. Бұларға: қатты денелерді ұсақтау, іріктеу, араластыру және 
тасымалдау процестері кіреді.
6) Микробиологиялық процестер – микроорганизмдердің өмір сүруінің биологиялық 
заңдарымен анықталады. Мысалы: ашытқы жасау, сүтті ашыту және т.б. 
7) Электрофизикалық процестер әлектр тогының әсерімен өтеді. Қозғаушы күші 
потенциалдар айырмасы - ∆U.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет