Тақырып Кіріспе. Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары. Сұрақтар Технологиялық процесстер жүруінің жалпы заңдылықтары «Процестер және аппараттар»


Ұйымдастыру тәсілдері бойынша былай жіктеледі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата11.10.2023
өлшемі254.83 Kb.
#480365
1   2   3   4
дарис 1

Ұйымдастыру тәсілдері бойынша былай жіктеледі: 
1)Мерзімді әрекетті процестер. Белгілі уақыт ішінде аппаратқа шикізат материалы 
жүктеліп, ол өңделіп болған соң, дайын өнім алынады да, аппаратқа жаңадан шикізат 
жүктеледі. Процестің барлық сатысы бір жерде (яғни бір аппаратта), бірақ әртүрлі кезеңде 
өтеді. 
2)Үздіксіз әрекетті прцестер. Апппаратқа шикізатты жүктеу және одан дайын өнім алу 
үздіксіз болады. Мұнда процестің барлық сатысы (стадиясы) бір уақытта, бірақ аппараттың 
әртүрлі нүктелерінде өткізіледі. Сонымен бірге аппарат көлемінің әр нүктесіндегі 


температураның, қысымның, концентрацияның және т.б. параметрлердің мәні уақыт бойынша 
өзгермейді. 
3)Құрастырылған әрекеттегі процестер. Мұнда үздіксіз әрекеттегі процестің кейбір 
сатысы мерзімді әрекетте өтеді немесе керісінше.
Үздіксіз әрекеттегі процестердің мерзімді әрекеттегі процестерге қарағанда мынадай 
артықшылықтары бар: 
А) Дайын өнім үздіксіз алынады. 
В) Процесті механикаландыру және автоматтандыру оңай. 
С) Алынатын өнімнің сапасы біркелкі болады, себебі, процестің өту режимі тұрақты. 
Д) Жабдықтың ықшамдылығы, яғни материалдық және эксплуатациялық шығындары аз. 
Г) Аппараттың жұмысында тыныс болмағандықтан, берілетін (немесе алынатын) жылу 
толығымен пайдаланылады және шыққан жылуды пайдалану мүмкіндігі бар. 
Бөлшектердің аппаратта болу уақытының таралуы және соған байланысты процеске 
әсері бар басқа факторлардың температура, концентрация және т.б. уақыт бойынша 
өзгеруіне байланысты үздіксіз әрекетті аппараттың екі теориялық моделін қарастырады: 
А) Идеалды ығыстырғыш, мұнда барлық бөлшек белгілі бағытта, ешқандай 
араласпастан,алдыңғы бөлшектерді толық ығыстырады, яғни қатты поршень тәрізді жылжиды. 
Мұндай аппараттарда барлық бөлшектердің аппаратта болу уақыты бірдей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет