Тақырып Кіріспе. Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары. Сұрақтар Технологиялық процесстер жүруінің жалпы заңдылықтары «Процестер және аппараттар»



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата11.10.2023
өлшемі254.83 Kb.
#480365
  1   2   3   4
дарис 1



Дәріс 1.
Модуль 1. Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары мен 
түсініктер.Гидростатика және гидродинамика негіздері.
Тақырып 1.Кіріспе. Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары. 
Сұрақтар 
 
1. Технологиялық процесстер жүруінің жалпы заңдылықтары 
2. «Процестер және аппараттар» ғылымының даму тарихы. 
3. Тамақ технологиясының процестерінің түрлері. 
Жоғары сапалы тамақ өнімдерін алуға мүмкіндк беретін жаңа, тиімділігі жоғары 
технологиялық процесстер мен аппараттарды өндіріске енгізу үшін «Процестер және 
аппараттар» жөніндегі білімді тереңдету және жетілдіру қажет. 
Тамақ өнімдерінің әртүрлі болуына қарамай олардың алынуында, көптеген тамақ өндірісіне ортақ, 
біртипті процестер қолданылады. Мысалы, ысыту, суыту, араластыру, сүзу, кептіру және т.б. 
Сонымен қатар әрбір өндірістің тек қана өзіне тән арнаулы процестерді, мысалы, ашыту 
өндірісінде - ашыту; қызылша қанты өндірісінде - сатурация; консерві өндірісінде - қуыру және т.б. 
болады. Бұл процестер арнаулы пәндерде қарастырылады. 
Сонымен, тамақ өндірісінің процестерін жалпы және арнаулы деп бөлуге болады. «Процестер мен 
аппаратар» пәні технологияның процестерін өндіріс түріне байланыссыз қарастырылады. Мысалы, 
араластыру процесі оның нақты қант немесе спирт өндірісінде қолдануына байланыссыз жалпы түрде 
қарастыралады. Процестерді мұндац жолмен оқытуда студенттер механиканың, гидродинамиканың, 
термодинамиканың заңдарын қолдануға негізделген процестердің өту жолының жалпы заңдылықтарын 
біліп, кең инженерлік дайындық алады. 
Технологиялық процестерді үйренуде, зерттеуде жалпы заңдылықтарды білудің қажеттілігін 
процестер және аппараттар жөніндегі ғылымның негізін қалаушы ғалымдар - Петербург 
технологиялық институтының профессоры А.К.Крупский /1909ж./ және МЖТУ-дың профессоры 
И.А. Тищенко /1913ж./ өздерінің еңбектерінің айтып кеткен. 
«Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары» пәнін оқу үшін теориялық және 
қолданбалы механика, физика, термодинамика, физикалық химия пәндері бойынша білім болу қажет. 
Екінші жағынан «Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары» пәні тамақ өндірісінің 
арнаулы технологиясы мен жабдықтары жөніндегі пәндерінің негізгі және кіріспесі болып табылады. 
«Процестер және аппараттар» пәні негізгі процестердің теориясын, аппараттар мен машиналардың 
құрылысын және есептеу тәсілдерінің үйрететін пән. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет