Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесі



Дата21.06.2016
өлшемі47.5 Kb.
#151412
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесі.
«Қазығұл» медициналық мекемесі медициналық көмектің кепілді көлемін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы 2007 жылдың 11 мамырында берген №000421 LF медициналық және дәрігерлік қызметке арналған Мемлекеттік лицензияға және оған қосымшаларға сәйкес көрсетеді.
Тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі (ГОБМП) азаматтарға төмендегідей үлгіде көрсетіледі:

  1. Амбулаториялық-емханалық көмек, қоса алғанда:

  • Алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек; (2011 жылға бекітілген халық саны 9884 – 20млн 254 мың тенге барлық сомаға);

  • Консультативтік-диагностикалық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және профилдік мамандардың жолдауымен (2011 жылға мемлекеттік тапсырыс 26000 қаралу - 23 млн 350 мың тенге жалпы сомаға);

  1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының немесе жоспар шеңберінде жатқызуға жолдайтын медициналық мекемелердің жолдамасы бойынша ауруханалық медициналық көмек (2011 жылға мемлекеттік тапсырыс 890 ем алу - 49млн 707 мың тенге жалпы сомаға), жедел жағдайларда жолдаманың болуына қарамастан;

  2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының немесе медициналық мекемелердің жолдамасы бойынша ауруханалық ем алуды ауыстыру жолымен (күндізгі стационар) медициналық көмек (2011 жылға мемлекеттік тапсырыс 1340 ем алу - 14млн 522 мың тенге жалпы сомаға),

Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінде өзгерістер жүргізілді, қатерлі ісік ауруының патологиясын, қан айналу жүйесінің ауруларын ерте анықтау мақсатында үлкендер арасында белгіленген жастағы тұрғындар және барлық балалар профилактикалық тексерулерден өткізіледі. Осы бағдарлама бойынша жергіліскті бюджеттен 1 млн 854 мың тенге қаржы бөлінді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті терапевтер, педиатрлер, акушер-гинекологтар, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер көрсетеді.



Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің амбулаториялық- емханалық көмегі азаматтарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультативтік-диагностикалық емхана түрінде ұсынылады және қоса кіреді:

  1. Офтальмолог, отоларинголог, дерматолог, невропатолог, хирург, санолог мамандарының қарауы (байқауы), кеңес беруі.

  2. Зертханалық және құрал жабдықтармен тексеру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының және /немесе/ басқа профильдік мамандардың жолдамаларымен медициналық көрсеткішке сәйкес 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар,адрестік әлеуметтік көмек алушылар,жасына байланысты зейнеткерлер,қоршаған ортаға қауіп туғызатын аурулармен, жұқпалы аурулармен, әлеуметтік қауіпті топтағы аурулармен науқастанғандарға (ары қарай әлеуметтік қамтылмаған топ);

  3. Медициналық қызметтер (медициналық мекемеде қолданылатын материалдарды қолдану арқылы екпе егу, тану, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтольмологиялық, оториноларингологиялық және амбулаториялық іс шаралар);

  4. Медициналық көрсетуге сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға физиоемдеу;

  5. Халықтың әлеуметтік-қамтылмаған тобына жедел стоматологиялық көмек, Ортодонтикалық және ортопедицлық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек;

  6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде іс шаралар:

  • Салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау,

  • Отбасын қорғау, аналық, әкелік және балалық бағыттарда халықты оқыту

  1. Тұрғындардың жекелеген санаттарын белгілі бір аурушаңдықтарымен тегін және жеңілдіктермен дәрімен қамтамасыз ету;

  2. Тұрғындардың жекелеген тобын, уәкілдік ұйым бекітуіне сәйкес профилактикалық медициналық тексеру;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен тізіміне сәйкес жұқпалы және празиттік ауруларға қарсы профилактиткалық егу жұмыстарын жүргізу;

  4. Жұқпалы аурулар ошағында санитралық- эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу;

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде ауруханалық көмек көрсету үшін 40 төсек жұмыс істейді, оның



  • 23 төсегі терапиялық науқастар үшін

  • 17-сі – хирургиялық науқастар ем алуға.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің ауруханалық көмегі түрінде көрсетілуі мыналардан тұрады:

  1. Мамандардың қарауы (байқауы), кеңес беруі;

  2. Денсаулық сақтаудың үлгісіне сәйкес зертханалық және құрал-жабдықтармен тексеру;

  3. Медициналық қызмет (ақылы көмекті қоспағанда), медициналық көрсетумен дәрілік формулярға сәйкес дәрімен қаматамсыз ету;

  4. Медициналық көрсетумен қан құрамымен және оның компоненттерімен қамтамсыз ету;

  5. Талапқа сәйкес күтіммен және аспен қамтамсыз ету;

  6. Паллиативтік көмек және медбикелік күтім.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің ауруханалық ем алуды ауыстыру жолымен (күндізгі стационар) медициналық көмек көрсетуге 16 төсек бөлінген, оның 6 төсегі ауруханада, 10 төсегі емханада.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің ауруханалық ем алуды ауыстыру жолымен (күндізгі стационар) медициналық көмек көрсету тұрады:

  1. Мамандардың қарауы (байқауы), кеңес беруі;

  2. Медициналық көрсетумен дәрілік формулярға сәйкес 4-тен 8 сағатқа дейін бір күн ішінде медициналық қызмет (ақылы көмекті қоспағанда) көрсетілу, дәрімен қаматамсыз ету;

Кадрмен қамтылуы:

«Қазығұл» емдеу мекемесінде 22 дәрігер қызмет істейді:

оның ішінде:


  • 1 жоғары санатты – 4,5%

  • 11 дәрігерде бірінші санат – 50%

  • 2 дәрігерде екінші санат – 9,1%

  • 8 дәрігер маман сертификатымен – 36,4%

Осы мекемеде жұмыс істейтін 45 орта буын медицина қызметкерлерінен:

  • 13 медбике жоғары санатты – 28,9%

  • Бірінші санатты – 3 – 6,7%

  • Екінші санатты – 3 – 6,7%

  • 26 медбикеде маман сертификаты бар – 57,7%

«Қазығұл» емдеу мекемесінің медицина қызметкерлерінің негізгі тапсырмасы – денсаулық сақтау мекемесінің материалдық-техникалық базасын күшейту, медициналық көмек көрсетудің жаңа үлгілерін еңгізу, емдеуде технологияның жаңартуларын қолдану.

Қазіргі уақытта оториноларинголог дәрігер ЛОР патологиясымен науқастарға контактсыз адам организіміне электромагниттік әсермен емдеу әдісін қолдануда.



Қорта келгенде «Қазығұл» емдеу мекемесінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті ұйымның белгілеген медициналық көмектік кепілді көлемін орындауға барлық мүмкіндік және жағдай бар.

«Қазығұл» мекемесінің директоры: Е.О.Санкайбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет