технологиясы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабағында балаларды ғылыми жоба жазуға баулу Педагогикалық жоба



бет1/13
Дата19.04.2024
өлшемі1.21 Mb.
#499254
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
PBL педидея қазақ тілі


PBL –технологиясы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабағында балаларды ғылыми жоба жазуға баулу


Педагогикалық жоба


Түсінік хат
ХХІ ғасырда білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оның сапасы да жаңаша сипатталып, білімнің – құндылық, жүйе, үрдіс, нәтиже ретінде төрт жақты сипаты біртұтас қарастырылады. Біздің елімізде білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті жаңа сапалық сипатқа ие болуда. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі – білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталудан біліктілік алуға көшуді міндеттейді. Сондықтан да әлемдік білім беру кеңістігінде таралған, өркениетті елдерге тән білім беру ісі нәтижеге бағытталған білім үлгісін заманауи технология көмегімен, оқушы үшін қызықты етіп жеткізу үрдісі өзекті болып табылады. Қазіргі таңның оқушылары үшін білім алу процессі іш пыстырарлық және мағынасыз болып көрінеді. Технологияны жетік меңгерген бүгінгі оқушыны интерактивті әдіс сабағы да қызықтыра қоймайды. Жарқ-жұрқ еткен әлем мен лездік видеороликтер олардың санасын тез жаулап алды, сондықтан да оқу педагогикалық идеясына оқушыны қызықтыру заманауи тұрғыдан келуді міндеттейді. Сондықтан Project Based Learning (PBL) жобасын жүйелі қолдануды жөн деп санаймыз.
PBL – білім беруді дамыту және бағалау негізіндегі жоба. PBL жобалау арқылы білім беруді іске асырады. Яғни жоба жасау арқылы білім бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне жол ашады. Бұл оқыту тәсілі бұрыннан оқу үрдісіне «практика негізінде оқыту» (ағыл. learning by-doing) деген атпен енген болатын, ал қазіргі жаңашыл педагогтар «PBL- жоба арқылы білім беру» деп атап жүр. PBL оқушыларды әр деңгейдегі зерттеулерге қатыстыра отырып, оқыту процесін жеңілдетеді. Жаңа өмір талабына сүйенсек, біздің міндетіміз – ересек өмірге дайын, келешекке сенімді түрде енетін оқушы тәрбиелеу. Мектепте алған білімді барлығы бірдей өмірде пайдалана білмейді. «Алып жатқан білімім бүгін болмаса, ертең қажетіме жарайды» деп оқыған бала ғана ертеңінен үміт күтеді, сенім пайда болады, қазірден бастап өмірін жоспарлауға мүмкіндік алады. Сондықтан да PBL-ді оқу үрдісіне дәстүрлі тәсіл ретінде енгізсе құп болар еді деп ойлаймыз.
Ал PBL-Project Based Learning жоба негізінде өтілген пәндерде оқушылар белсенді және алған білімін қазіргі өмірмен ұштастыра алады. XXI ғасырда жұмыста жетістікке жету үшін негізгі білімге ие болу жеткіліксіз. Ал PBL баланы тереңдетілген біліммен қоса жауапкершілікке, досына сенім артуға, топпен жұмыс істеуге үйретеді және шығармашылық қабілетін арттырады.
Бұл педагогикалық идеямен жұмыс жасау арқылы мұғалім оқушының өз пәніне қызығушылығын арттырып, оқушының пәнді жаңа қырынан тануына жол ашады. Мұғалім өз пәнінің құндылығын арттыра алады. Бұл педагогикалық идеяның түпкі мақсаты - бүгінгі таңда оқушы үшін зиян деп жүрген дүниелерді пайдалы тұсынан қолдандыра отырып, оқушыны сабақ оқуға бейімдеу. Ал жұмыс барысындағы оқушының ізденіске түсетіні, ой қорытатыны, ақпаратты қолдануды үйренетіндігі, қорғау кезіндегі көпшілік алдында сөйлеуі, сұрыпталған ақпаратты жеткізе білуі, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларының жетілуіне әкеледі. Функционалдық сауаттылыққа баулуда аталған жобаның алатын орны ерекше.
Педагогикалық идеяның негізгі бөлімінде шынайы өмірдің құбылыстарын біліммен байланыстыра, ұштастыра оқытудың білім алушының пәнге деген ынта-ықыласын арттырып, білім алуға деген құлшынысын, сүйіспеншілігін оятады, күш-жігер беретіндігіне педагогикалық тәжірибелік дәлелдер арқау болады.
Біздің ойымызша, жоба үдерісінде баланың интеллектуалды қабілеті проблемалық сауал мен өмірдің шынайы көрінісінің төңірегінде пайда болатын танымдық қақтығыс пен әр түрлі пікірді дәлелдеуден қалыптасатыны әбден мүмкін. Бұл қақтығыс – білім алу жолындағы күрес, проблемалық сұраққа жауап алу жолындағы күрес. Сол күресте бала білімі толығып, толықсиды.
Жауап іздеуде проблемалық жағдаят барысында түсінік қалыптасады, басқалармен бірігіп, командалық жұмыс жасауды үйренеді, өз жұмысын сараптауды үйренеді, сұрақ қоя білуге дағдыланады, сауалнама алады, зерттеу жүргізеді, проблеманың шешіміне жұмыс жасайды, креативті пікір айтады, гипотеза туындатады. PBL үдерісінде білім алушыда қызығушылық туындайтыны педагогикалық тәжірбиеде анықталды.
Тәжірибеге негізделіп жазылған авторлық педагогикалық идея жан-жақты талданып, әріптестер мен арнайы мамандардың пікіріне сүйеніп, барлық дереккөздер ескеріліп жасақталды.
Мектеп және колледж мұғалімдеріне, жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, болашақ мұғалімдерге қолдануға ұсынылады.
Педагогика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған К.Д.Ушинский: «Нашар мұғалім балаға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген екен. Тақырыпты терең меңгеруге, оны барлық жағынан қарауға жетелейтін PBL жобасы да оқушыны ізденіске үйретеді. Бұл тәсілдің негізгі шарты — ғылыми жобаны кәдімгі өмірмен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауды және көптеген ақпаратты коммуникациялық технологияларымен жұмыс істеуді үйретеді.
Жоба негізінде оқыту (PBL) жетекшінің қадағалауымен, қағазға басылған ақпаратты қолдану және оқыту-жаттату тәсілдері арқылы білім беру түрлеріне баламалы болып табылады. Аталған әдістің жақтаушылары оның білім беруде тақырыпты терең түсінуге, пәнді кең ауқымды қабылдауға, жеке оқушылармен және топпен байланыс құруда коммуникациялық қабілет, лидерлік, шығармашылық және сауаттылық қабілеттің артуына үлкен септігін тигізеді деп есептейді. Осындай ұтымды жақтары бұл жобалық тәсілдің тиімділігінің дәлелі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет