Тәлімі мол тәрбие сағаты Соқтықпалы, соқпалы, тар жол тайғақ кешулі ғұмыр кешіп, Алаштың аспанынан ағып түскен жарық жұлдыз – Сәкен Сейфуллин. Сәкен десе көз алдымызға жұртымыздың сыры мен жыры, әні мен сәні, жаны мен ары келеді



Дата15.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
Тәлімі мол тәрбие сағаты
Соқтықпалы, соқпалы, тар жол тайғақ кешулі ғұмыр кешіп, Алаштың аспанынан ағып түскен жарық жұлдыз – Сәкен Сейфуллин. Сәкен десе көз алдымызға жұртымыздың сыры мен жыры, әні мен сәні, жаны мен ары келеді. Ол - әсемдіктің, тазалықтың, елдік пен ерліктің символындай есім.

Қаламыздағы №69 мектеп-гимназиясында Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы, дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазықсыз жаламен тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «СӘКЕН - СҰҢҚАР» атты тағылымды тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатына Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург, ақын, әнші, актёр-Қанат Жүнісов қатысты. Тарбие сағатына Қанат Жүнісовтың арнайы шақырылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, ол театр қойылымдары мен бейнебаяндарда Сәкендей саңлақ тұлғаның бейнесін сомдаған. Ал екінші жағынан ол кісінің балалары біздің мектеп-гимназиясында білім алады. Жас ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта қоғамның өзекті мәселесі болып келеді. Жас ұрпақты болашаққа жетелейтін білім мен тәрбие жолы екені сөзсіз. Тәрбие мен білім беру ажырамас ұғым. Баланың талантын, дене және ақыл ой қабілетін дамыту, өз халқының мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеуде мектеп пен отбасы, ата-анасы бірлесе отырып тәрбие берудің маңызы зор. Сондықтан да отбасы мен мектеп тәрбиесінің таза үлгісі ретінде халықтың рухани өміріне атсалысып жүрген Қанат Жүнісов арнайы шақырылды. Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы байланысын ұштастыра отырып білім берудің аса пайдалы екенін тілге тиек етті. Қанат мырза қойылған сұрақтарға тұжырымды жауаптар бере отырып, Сәкен өмірі мен шығармашылығынан оқушыларға көптеген мағұлматтар берді. Арасында өзі бейнесін сомдаған «СӘКЕН- СҰҢҚАР» атты бейнебаян көрсетілді. Балалардың сұрауы бойынша қонақ кәде ретінде өнерін ортаға салды.

Тәрбие сағаты барысында Мұқаммедәлі Жаннұр, Совет Азиз, Ниғыматов Ерлан, Әлбосын Таңнұр, Құрманәли Жазира, Аманбек Фариза сияқты мектеп оқушылары Сәкен жырларын жатқа оқып, әндерін тамылжыта шырқады. Әсіресе, Қанат Жүнісовтың қаламынан туған «Сәкеннің жары Гүлбақырамның монологын» оқыған Ақжан Қанатқызы көрермендердің көзіне жас алдырды. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өте әсерлі өтті. Кездесу соңында мектеп директоры-Қоңқабаев Оразымбет Жансейітұлы қорытынды сөз сөйлеп, халықтың рухани өміріне атсалысып жүрген Қанат Мырзаға естелік силық тарту етті. Сәкеннің аты, әні, сәні ел аузында, қайраткерлігі халық жүрегінде мәңгі сақталады.
№69 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Азамат Мәлжанбайұлы

22 қазан 2013 жыл










Каталог: files -> sites -> 1383501759934256 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> Қазақ хандығына 550 жыл Сценарий Мақсаты
files -> Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар Психологиялық тренинг «Топтық сәлемдесу»
files -> Мектеп- директордың тәрбие ісі №69мектеп-гимназия жөніндегі орынбасары директоры О. Ж. Конкабаев А. Б. Тілеген
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеті
files -> Психологиялық тренинг Тақырыбы: Ашуынды тежей біл Мақсаты
files -> Емтихан кезіндегі стрестен қалай арылуға болады? Мақсаты: стресс жағдайынан пайда болған үрейді жеңудің негізгі әдістерімен бітірушілерді таныстыру. «Үрейлі және сабырлы қалып»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет