Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі практикалық сабақҚа прналған әдістемелік нұСҚама



Дата17.07.2016
өлшемі122.68 Kb.
#205796










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА ПРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі

Пән, пәннің коды - Терапиялық стоматология пропедевтикасы модульі ПДО

Мамандық: 051302 «Стоматология»

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА
Тақырыбы: Композиттердің адгезивті жүйесі. Композиттік пломбылық материалдармен пломбылау техникасы.


Курс-4

Семестр-7


2011ж

Құрастырушы: м.ғ.к. асс. Смагулова Е.Н.

асс. Уразбаева Б.М.

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі отырысында талқыланды.

Хаттама №_______ «_____» 2011ж

Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулнің жетекшісі

м.ғ.д. проф. __________________Баяхметова А.А.



Тақырыбы: Композиттердің адгезивті жүйесі. Композиттік пломбылық материалдармен пломбылау техникасы.
2. Мақсаты:

А) Білімді қалыптастыру:

  • Композиттік адгезивті жүйенің жіктелуі;

  • Кондиционер құрамы бойынша;

  • Кондиционер қасиеттері бойынша;

  • Кондиционерді қолдану ерекшелігі бойынша;

  • Праймера құрамы бойынша;

  • Праймердің қасиеті бойынша;

  • Праймерді қолдану ерекшелігі бойынша;

  • Адгезивтің құрамы бойынша;

  • Адгезивтің қасиеті бойынша;

  • Адгезивті қолдану ерекшелігі бойынша;

Б) Операциональды дағдаларды қалыптастыру:

  • Кондиционерлеу әдістері;

  • Адгезивті жүйені жағу тәсілдері;

В. Коммуникативті дағдылар, қалыптастыру

  • Жаңа терминдерді енгізу: «майлы қабат», «адгезия», «адгезивті жүйе», «кондиционер», «кондиционерлеу», «адгезив», «праймер», «бонд», «гибридті аймақ», «жылтыр дентин», «коллаген талшыктарының коллапсы».

  • Бір-бірімен қарым-қатынаста вербальді және вербальды емес комуникативті дағдыларды дамыту

  • Жазбаша, ауызша және топтық коммуникациялық дағдыларды дамыту

  • Аргумент және сұхбат алу дағдыларын дамыту

Г) Құқықтық компетенцияны оқып, қалыптастыру

  • кондиционерлеу әдісінің нұсқасы;

  • адгезивті жүйені жағу әдіснің нұсқасы.

Д) Студенттердің мотивациясын жетілдіру: «Тісжегі» бөліміне, соның ішінде «пломбылық материалдар» тақырыбына мән беру

Оқудың міндеттері:

  1. Адгезивті жүйенің жүйеленуіне мән беру.

  2. Кондиционерлер түрлерімен танысу.

  3. Кондиционерлеу әдістерін көрсету.

  4. Әр ұрпақтың адгезивті жүйелерімен таныстыру.

  5. Әр ұрпақтың адгезивті жүйелерді салыстырмалы сипаттамасын беру.

  6. Композивті пломбылық материалдармен пломбылауда адгезивті жүйелерді жағу әдістерін көрсету.

  7. Жаңа терминдерді енгізу: «майлы қабат», «адгезия», «адгезивті жүйе», «кондиционер», «кондиционирлеу», «адгезив», «праймер», «бонд», «гибридті аймақ», «жылтыр дентин», «коллаген талшыктарының коллапсы».




  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Адгезивті жүйенің жіктелуі;

  2. Кондиционерлеу ұғымы;

  3. Кондиционер, құрамы,қолдануы;

  4. Кондиционерлеу әдістері;

  5. Праймер ұғымы;

  6. Праймер құрамы, қолдануы;

  7. Адгезия ұғымы;

  8. Адгезив құрамы, қолдануы;

  9. Әр ұрпақтың адгезивті жүйелерін жағу әдістері;

5. Оқытудың және сабақ жүргізудің тәсілдері: ауызша сұрау, тест тапсырмалар, топтап жұмыс істеу, студенттермен кері байланыс орнату,дискуссия,фантомды құрлымдарда жұмыс істеу,демонстрация,мұғалім жұмысын бақылау.

Оқу құралдары: Әр ұрпақтың адгезивті жүйелерімен таныстыру,тақырыптық альбомдар,әсер ету негізін көрсететін болжамалы схемалар,пломбылауға арналған құралдар тобы.


  1. Тақырыптың қысқаша хронометражы





Тақырыптың кезеңдері

Оқудың құрылымы

Оқудың тәсілі

Бақылау тәсілі

Кезеңге берілген уақыт

1.

Кіріспе

Амандасу, тақырыппен танысу, мақсаты, мотивациясы. Тақырыптық тапсырма

-

-

5минут

2.

Сабаққа дайындығын бақылау

Сабаққа дайындығын бағалау




  1. Ауызша сұрау

  2. Жазбаша сұрау

  3. Блиц-сұрақ

  4. тесттеу

45 минут







Үзіліс







10мин

3.

Негізгі кезең

1.Оқытушы студенттерге адгезивті жүйені жағуды көрсетеді,түсіндіреді (фантомды құрлымда) 2.Мұғалім сәулемен қатаятын композиционды материалдармен пломбылау әдістерімен таныстырып,көрсетеді (фантомды құрлымда)

Түсіндіру, демонстрация,

тренинг





50 минут


4.

Сапасын тексеру кезеңі

1.Соңғы бақылау




1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Блиц-сұрақ

4.тесттеу



15

минут








2. Кері байланыс







10

минут








3.Бағалау чек парақты толтыру,баллдарын санау







5

минут








4.Оқу журналына қойған бағалармен таныстыру







5

минут








5.Келесі сабақтың тақырыбымен таныстыру







5

минут





Қортынды

170 минут (3 академиялық сағат 50 минуттан, 150 минут, үзіліс 10 минуттан 2 рет



6. Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.П. и др. Терапевтическая стоматология. Учебник для студентов медицинских вузов - М.: «Медицинское информационнное агентство», 2007. – 840 б.

2. Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии – Москва, 2005 . – 320 б.

4. Лукиных Л.М. Кариес зубов. Нижний Новгород, 2004 – 172б.



Қосымша:

  1. Борисенко А.В. Кариес зубов - Киев, 2005 – 416 б.

  2. Мамедова Л.А. Кариес зубов и его осложнения – Нижний Новгород, 2002 – 192б.



7.1 Когнитевті компетенцияны бағалау :

Сұрақтары;

  1. Адгезивті жүйенің жіктелуі.

  2. Адгезивті жүйелер,кұрамындағы заттардың қызметі

  3. Адгезивтін дентинмен байланысу механизмі, «майланған қабат», гибирдті аймақ ұғымы

  4. Адгезивті жүйенің құрамындағы заттар,олардың қызметтері .

  5. Кондиционер, құрамы, қолдануы, кондиционерлеу әдісі.

  6. Праймер, құрамы, қолдануы.

  7. Адгезив,қолдануы;

  8. Адгезивті жүйелерін жағу әдістері;


Тестік түрдегі тапсырмалар:
Тапсырма №1

«Майланған» қабат кандай жағдайда пайда болады:



  1. Егеп тазалағаннан кейін

  2. Қышқылмен уландырғаннан кейін

  3. Пломбаланғаннан кейін

  4. Адгезивті жаққаннан кейін

  5. Дәрілермен өңдегеннен кейін

Тапсырма №2

Адгезивті жүйе буыны қандай жүйенің пайда болуынын басталады:

1) 3-ші

2) 4-ші


3) 5-ші

4) 6-шы


5) 7-ші

Тапсырма №3

Ортофосфор қышқылының тиімді концентрациясы дентин беткейін және кіреукені уландыруда ұлпаға ұлы әсер етпейді.



  1. 1-2%

  2. 10-20%

  3. 20-30 %

  4. 30-40%

  5. 40-50%

Тапсырма №4

Кіреукені уландырудың тиімді уақыты қандай:



  1. 1 минут

  2. 20 минут

  3. 2 секунды

  4. 30 секунд

  5. 3 минут

Тапсырма №5

Дентинді уландырудың тиімді уақыты қандай;



  1. 1 минут

  2. 20 минут

  3. 20 секунд

  4. 15 секунд

  5. 3 минут

Тапсырма №6

Ортофосфор қышқылымен дентинді 15 секунд уландырғанда дентиннің гидрооксиапатиті қандай тереңдікте ериді. 1 – 2 мкм



  1. 5-10 мкм

  2. 10-30 мкм*

  3. 30-40 мкм

  4. 40-50 мкм

Тапсырма №7

Тіс бетінде бұданды қабат қалай пайда болады:

1)Егеп тазалағаннан кейін

2)Қышқылмен уландырғаннан кейін

3)Пломбаланғаннан кейін

4)Адгезивті жаққаннан кейін

5)Дәрілермен өңдегеннен кейін

Тапсырма №8

Адгезивті жүйеде праймер не үшін қажет:



  1. Майланған қабатты құру үшінсоздания

  2. Дентин түтікшелеріне адгезивтің енуіне жағдай жасайды

  3. Дентин сұйығын бұлау үшін

  4. Дентин өзекшелеріндегі тықпаны еріту үшін

  5. Бұданды қабаттың пайда болуы үшін

Тапсырма №9

Адгезивтердің әр түрлі бұындағы өкілдері бір бірінен қандай қасиеттерімен және белгілерімен бөлекшеленеді:



  1. Дентинмен байланысу қуатымен

  2. Қышқылдың концентрациясы және уландыру уақытымен

  3. праймера және адгезивтің компонент санымен

  4. Дентинмен байланыс механизмімен

  5. Кіреукемен байланысу қуатымен

Тапсырма №10

Адгезивті жүйенің дентинмен байланыс қуаты қандай?



  1. 1-5 МПа

  2. 10-15 МПа

  3. 150-200 МПа

  4. 20-30 МПа*

  5. 0,5- 1 МПа

Тапсырма №11

Адгезивтердің қандай буынды өкілі буданды буын болып табылады.



  1. 1-ші

  2. 7-ші

  3. 4-ші

  4. 2-ші

  5. 3-ші

Тапсырма №12

Дентиндік адгезивтер қашан пайда болды:



  1. 60-ы жылдары ΧΧ ғасырда

  2. 80-і жылдары ΧΧ ғасырда

  3. 90 ы жылдары ΧΧ ғасырда

  4. ΧΧ ғасырдың басында

5) ΧΧ ғасырдың 50 жылдары

Тапсырма №13

Тісжегі қуысын уландырғаннан кейін дентинді қатты кептіру қандай асқынулардың пайда болуына себепкер болады:



  1. коллаген талшықтарының коллапсы

  2. Кіреукенің сынуы

  3. Тісегі сезімталдықтың пайда болуы

  4. Коллаген талшықтарының жабысуы

  5. Екіншілік тісжегенің пайда болуы

Тапсырма №14

Адгезивті жүйенің құрамынадғы қандай еріткіш ең жоғарғы байланыспен қамтамасыз етеді.



  1. Ацетон

  2. спирт

  3. су

  4. этанол-су

  5. эфир

Тапсырма №15

Адгезивті жүйемен өңдеу нәтижесінде қандай байланыс пайда болады:



  1. механикалық

  2. хеляциондық

  3. микромеханикалық

  4. ковалентті

  5. иондық

Тапсырма №16

Біркомпонентті адгезивті жүйені анықтаңыз.



  1. I Bond

  2. Optibond

  3. Scotchbond

  4. Gluma

  5. C Bond

Тапсырма №17

Дентинді не үшін уландырамыз:



  1. Байланыс алаңын ұлғайту үшін

  2. Дентин бетінен микробты жою үшін

  3. Дентин түтікшелерінен тығынды алу үшін

  4. Дентин бетінде тегістік емес алаң жасау үшін

  5. Тіс сезімталдығын азайту үшін

Тапсырма №18

Қандай органикалық қышқыл кондиционер ретінде өте жиі қолданылады

1) Ортофосфор

2) Фосфор

3) Құмырсқа

4) Алма


5) Малеин

7.2 Операциональды компетенция орындалған тапсырма нәтижесі бойынша бағаланады;

7.3 Құқықты компетенцияны бағалау орындалған тапсырма нәтижесі бойынша бағаланады;

Құқықты компетенцияны бағалау сұрақтары;

  1. адгезивті жүйені жағу әдісінің нұсқауы;

  2. кондиционирлеу әдісінің нұсқауы;

3. сәулемен қатаятын композиттік материалдармен жұмыс істеу нұқауы.


Страница из 13



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет