Тәрбие сағаты «Мен оқыған бір ертегі» Күні



бет1/6
Дата22.05.2024
өлшемі67.86 Kb.
#501718
  1   2   3   4   5   6
4 сынып

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағаты

«Мен оқыған бір ертегі»

Күні

15.01.2023

Сынып жетекші:

Айтбек Сандуғаш

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)

«Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы –ой, Ақылды ой,алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», Ғ.Мұстафин.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.



Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Презентация, нақылдар жазылған плакат,кеспе әріптер, ақын жазушылапрдың фотосуреттері мен кітаптары, слайдтар және видеоролик.



Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде –кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің тірлігім!

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің «Ана тілім - ардағым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!Тәрбие сағатымыздың мақсаты: мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

Әнұран орындалады.
1 кезең «Жүзден жүйрік» бұл кезеңде әр топ топ атымен және ұрандарымен таныстырады.
1-топ. Топтың аты- «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.


2-топ. Топтың аты- «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.


3-топ. Топтың аты: «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз,
Көркейтеміз елді біз.


Қазақ тілі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды


Ардақта тіліңді

Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар


Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.


Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.




Оқушылар тіл туралы жыр шумақтарын айтады

Компьютер


Деректі фильм.«Тіл-ұлттың басты негізі»



Ортасы (20 мин)



  1. Тіл не үшін керек?

  2. Тілдер мерекесі қашан?

  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  4. Орыстілінбілуқажетпе?

  5. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп кім айтқан?

  6. Сенің ана тілің қай тіл?

  7. Сөйлеудің қандай түрі бар?

  8. Әнұранның авторлары кімдер?

«Мақал сөздің – мәйегі» (Мақал-мәтелдің жалғасын табу)


1. Тіл мәртебесі – . . . (ел мәртебесі)
2. Тіл қылыштан . . . (өткір).
3. Өнер алды . . . (қызыл тіл).
4. Бас кеспек болса да, . . . (тіл кеспек жоқ).
5. Ана сүті бой өсіреді, . . . (ана тілі ой өсіреді).
6. Тілмен байланған . . . ( тіспен шешілмес).
7. Тіл – буынсыз, . . . (ой – түпсіз).
8. Тіл тас жарады, . . . ( тасжармаса бас жарады).
9. Шебердің қолы ортақ, . . . (шешеннің тілі ортақ).
10. Басқа бәле . . . (тілден).
11. Бал тамған тілден . . . (у тамар).
12. Жеті жұрттың тілін біл, . . . (жеті түрлі ілім біл).
13. Тіл жүйрік емес, . . . (ой жүйрік).
14. Тіл жүйріктен де . . . (озады).




Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
«Адасқан сөздер» ойыны:сөздерден мақал-мәтел құрастыру
Қына тасқа бітеді , білім басқа бітеді.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.



Компьютер

Соңы



-Өз ана тілімізде сөйлеу – біздің басты міндетіміз. Өз тілімізде сөйлей отырып өзге тілді де меңгеруіміз керек. Көп тіл білу – заман талабы. Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген болатын.
Сондықтан «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деп, ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет