Тыныштықтағы сұйықтар мен газдардың заңдылықтарын зерттейтін механиканың бөлімі



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі35.07 Kb.
#470249
  1   2
гидродинамика (копия)


Тыныштықтағы сұйықтар мен газдардың заңдылықтарын зерттейтін механиканың бөлімі гидро-аэростатика дейді.Ал олардың қозғалыстағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімін гидро-аэродинамика дейді.
Гидростатиканың негізгі міндеті тыныштықта тұрған сұйықтың ішіндегі қысымды анықтау.Сұйықтардың қысымы тереңдікке байланысты өзгеріп отырады.Тереңдік артқан сайын қысымда артады,яғни;

(1)
Бұл қысымды сұйықтардың статикалық қысымы дейді.


Егер сұйықтың беті ашық болса бұл қысымға атмосфералық қысым қосылады:

(2)
Гидростатиканың негізгі заңы Паскаль заңы деп аталады.


Сұйықтың немесе газдың кез келген нүктесіне түсірілген қысым барлық бағыттарға бірдей таратылады.
Паскль заңы механикада гидровликалық процес жұмысында кеңінен қолданылады.
Архимед күші.Сұйыққа батырылған денеге
онымен ығыстырылып шығарылған сұйы ауырлық күшіне модулі жағынан тең кері итеруші күш әсер етеді.
Мұндағы сұйықтың тығыздығы,сұйыққа батырылған дененің көлемі.
Егер дене сұйыққа жартылай батырылған болса,онда батырылған бөліктің көлемі.
Архимед күші кемелердің жүзу шартында негізгі рөль атқарады.
Гидродинамикада идеал және
нақты (реал) сұйықтар ұғымы бар. Идеал
сұйық ұғымын, үйкеліс күші өте аз әсер ететін
жағдайдағы сұйық қозғалысын жеңілдету
мақсатында, 1755 ж. Эйлер ұсынды. Идеал
сұйық – сығылмайды және бөлшектері
арасында ішкі үйкеліс (тұтқырлық) болмайды.
Тіршілікте барлық сұйықтар бір дәрежеде
сығылады және тұтқырлы; олар нақты
немесе тұтқырлы сұйықтар деп аталады.
Нақты сұйықтар тамшылы (сұйықтың өзі)
және серпімді (газдар) болып бөлінеді.
Сұйықтың негізгі қасиеттер
тұтқырлық
тығыздық (меншікті салмақ)
беттік керілу
Тұтқырлық - сұйықтың қозғалысқа
кедергі көрсету қасиеті. Сұйықтың
бұл қасиеті үйкеліс күшін тудырады. Қысым: сұйық өзі тұрған ыдыстың қабырғасы мен
түбіне, және оған батырылған кез-келген дене бетіне
қысым түсіреді. Тыныштықтағы сұйықтың ішкі көлеміндегі
кейбір элементарлы ауданға әсер ететін және осы ауданға
нормаль бойынша бағытталған күш - гидростатикалық
қысым күші . Бұл күштің аудан бірлігіне қатынасы орташа
гидростатикалық қысым деп аталады. Қысым сұйықтың
барлық нүктесінде барлық бағыттар бойынша бірдей.
Cұйық дегеніміз аққыштық қасиетке ие болатын, өзі құйылған ыдыс пішінін толығымен алатын физикалық дене.
Сұйықтықтың негізгі механикалық сипаттамаларының бірі – сұйықтықтың тығыздығы.


Сұйық денесінің массасының m, көлеміне V қатынасын сұйықтықтың тығыздығы ρ (кг/м3)деп атайды. Біртекті сұйықтық үшін:












(1.1)



мұндағы m - V көлеміндегі сұйықтықтың массасы.
Сұйықтықтың тығыздығына температура мен қысым әсер етіп, гидравликалық жүйенің жұмысына күрделі кедергілер келтіруі мүмкін. Мысалы, температура өзгерісі кезінде сұйықтың көлемдік кеңеюі нәтижесінде ол өзі құйылған резервуарды толтырып, ал егер ыдыс жабық болса, онда оны бұзуы мүмкін.
Сұйықтықта ішкі үйкеліс күшінің барлығын алғаш рет И.Ньютон қарастырған. Оның 1687 жылы келтірілген гипотезасы бойынша, сұйықтықтың екі қабатының арасында пайда болатын үйкеліс күші F қысымға емес, сұйық тегіне, қабаттардың жанасу ауданына және ағуының салыстырмалы жылдамдығына тәуелді. 
Өзенде ағатын сұйықтықтың (судың) жоғарғы қабаты төменгісімен салыстырғанда жоғары жылдамдықпен ағатыны белгілі. Сұйық ағымын ойша қабаттарға бөліп, олардың арасында өзен түбіне жақындаған сайын жылдамдықты төмендететін, тіпті өзен түбіндегі жылдамдықты нөлге жақындататын, үйкеліс күші бар екендігіне көз жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет