Тіс ұлпасының микробты ластануынан, химиялық, термиялық және басқа да тітіркендіргіштерден сақтау үшін алдыңғы тістер пластмассалы сауыттармен, ал бүйір тістер штампыланған алюминийлі қақпақшалармен уақытша қапталады



Дата03.06.2022
өлшемі13.13 Kb.
#458953
Документ (2)


Тіс ұлпасының микробты ластануынан, химиялық, термиялық және басқа да тітіркендіргіштерден сақтау үшін алдыңғы тістер пластмассалы сауыттармен, ал бүйір тістер штампыланған алюминийлі қақпақшалармен уақытша қапталады. Алынған қос көшірме бойынша мықтылығы жоғары гипстен үлгі құйылады және параллелометр көмегімен тіреу тістерінің параллельдігін тексерді (Алмалы протездер құрылғысын жоспарлау тарауын қараңыз). Қажет жағдайда тістің қосымша аршып тазалауын жүргізеді және жаңа көшірме алынады. Сосын гипсті үлгіні қайталап дайындайды. Ең алдымен тіреу тістерінің айналасындағы қызыл иек бөліктерін сақтықпен кеседі. Ол ары қарай сауыттың мойын аралық шетін отқа төзімді үлгіде үлгілеуді жеңілдетеді. Жуу кеңістігін жасау үшін жоқ тістер маңайындағы альвеолярлық өсінді бюгелді балауыздың екі қабатымен жабылады. Құйылған сауыт пен табиғи тістің сауыты арасында цементке арналған кеңістікті жасау үшін үлгіден аршып тазаланған тістің қалдығын қайнап тұрған балауыздың жұқа қабатымен жабады. Кертік ойық жерлер (жартылай сауыт астына аршылған тістегі) және кертіксіз аршып тазаланған тістің қызыл иек астының бөлігі жабылмайды. Біріктірілген сауыттармен протездеуде тістің вестибулярлық немесе ұртты беттерін балауыз қабатпен жабады. Гипсті үлгінің қайталап дайындаудан бұрынғы ақырғы дайындығы гипстің артығын алып тастаудан және тегіс емес жерлерді тегістеп құюдан тұрады. Оның қайталама қоспаның гипсті үлгіден бөлінуін қиындатуы мүмкін. Қайталаудан кейін Силамин немесе кристосил қоспасынан отқа төзімді үлгі дайындалады, көпір протезінің қаңқасы үлгіленеді және оның құйылуы жүргізіледі. Алынған протез қаңқасын тазалайды, үлгіде тексереді және ауыз қуысына кіргізеді. Сосын протезді пластмассамен қаптайды. Сауыттың кертіксіз аршылосын протезді пластмассамен қаптайды. Сауыттың кертіксіз аршылған шетін 0,2-0,3мм-ден артық болмайтындай етіп қызыл иек астына кіргізеді және тазалау барысында жоққа жеткізеді. Отқа төзімді үлгіде құйылған көпір протезінің үлгісі дәл болып шығады және оларды әзірлеу онша қиындық туғызбайды. Құйманың мықты болуына байланысты көпір протезі қаңқасының элементтерін қаптау материалына мүмкіндігінше көп орын қалатындай етіп жұқылап үлгілейді. Мұндай протездер көркемдік жағынан анағұрлым қолайлы болып табылады. Әзірленген протез қаңқасы окклюзиялық беттің түзетуін талап етпейді. Тұтас құйылған көпір протездері өте әдемі, жеңіл соған қарамастан мықты болып келеді. Отқа төзімді үлгіде құйылған олар тіреу тістерін сауытымен дәл қоршап жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет