Тс-тб-тұ-53/08 тіл – Ұлттың тірегі



бет1/3
Дата05.02.2024
өлшемі51 Kb.
#490805
түріСабақ
  1   2   3
Тәрбие сағаты Тіл - ұлттың тірегі


ТС-ТБ-ТҰ-53/08

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ


1. МАҚСАТЫ
Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
2. КӨРНЕКІЛІКТЕР
Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
3. САБАҚТЫҢ ТҮРІ
Ой талқылау


4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


4.1 Кіріспе сөзі
Топ жетекшісі:
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,
Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,
Сенімен мейірімді ананы ұқтым,
Сенімен мейірімді даламды ұқтым.

  • деп бүгінгі «Тіл-ұлттың тірегі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Шамсонова Диана: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Әуезхан Айдана: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Рысмурат Улмира: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
Базарбаев Төлеби: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
Топ жетекшісі: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.- деген Абай атамыз.
Оңланбек Аяужан: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет