Туған жер тарихы Апырай! Туған жер ай!



Дата23.07.2024
өлшемі16.06 Kb.
#503028
туған өлкенің тарихы 13.02


Туған жер тарихы

Апырай! Туған жер - ай!


Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазағым - ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім - деп ақиық ақын жырлағандай кіндік қаның тамып, туып өскен мекеніңді табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, Отаншылдық рухпен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Әр адам туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейді. Туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз.”Ит тойған жеріне – ер туған жеріне” немесе “Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас”- деп ерекшелеп көрсетеді.
«Тозған ел тарихын жаспен жазады,
Озған ел тарихын таспен жазады» деген халық даналығында. Өзінің туған жерін тани білген адам ел тарихын, жер тарихын, өз өлкесінің қадір қасиетін қастерлей біледі.
Әркімнің туған өлкесі өзіне ыстық. Ал мен өмір сүріп жатқан Ақсу өлкесінің тарихы Ақсу өзенінің бойына 5-6 мың жыл бұрын адамдардың келуімен басталады екен. Оған дәлел археолог ғалымдардың зерттеулері бойынша өзен маңынан тас дәуірінің екі қонысы,қола дәуірінің төрт қорымы мен қонысы табылған.Зерттеушілердің мәліметтері бойынша бұл жерлерде әр тарихи дәуірлерде әр түрлі тайпалардың көшу бағыттары өткені даусыз. Ақсу өзені Степногорск қаласы мен Ақсу кентінің ортасынан Ертіс маңы жазығына ағатын шағын өзен. Бұл өзенде ежелгі тас дәуірінен бастап тұрақты су режимі болғаны анықталған. Ежелде «Масалы» деп аталған бұл жер,қазірде Ақсу өзенінің атымен аталады.Ақсу өлкесі тарих тұрғысынан сан қилы сырын ішке бүккен өзгеше өңір.
Туған жерімнің табиғаты мен жер қойнауындағы байлығы осы кезеңге дейін халыққа пайдасын тигізіп отырғаны ақиқат. Ақсу өңірінде Ақсу өзені,Сарыбұлақ, Қарабұлақ қайнарлары,тоғайлар, Барлыкөл,Құмдыкөл,Алтайсор сияқты көлдері бар.
Осы жерлерде ата-бабаларымыз қоныстанып,ұрпақтарын өрбіткен даусыз. «Сая ағаш» «Төре ағаш» деген атаулар жақсы қоныс, құтты мекен болғанын дәлейді.
Кезінде бұл жерде күллі қазаққа аты мәлім болған Паң Нұрмағамбет мекен еткені
тарихтан белгілі.Паң Нұрмағамбет асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысқан,саятшы, ұлттық этнографияны жаңғыртушы болған.Ол кісінің патшаға сыйлаған ақ киіз үйі Париж қаласындағы көрмелерге қойылып, қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы екен.Кезінде Паң Нұрмағамбеттің Алаш көсемдер Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,
М.Дулатов басқарған ұлт өкілдеріне қаржылай көмек көрсеткені белгілі.
Ата-бабаларымыз жайлаған ордалы мекеннің тағы бір мақтанышы, жер асты байлығы-киелі алтын кені. 1925 жылдан Ақсу табиғат байлықтарын зерттеп,алтын кен орындары бар екені анықталған. 1929 жылы ерікті алтын іздеушілер жергілікті қазақ
Ж.Жүйкеновтың айтуымен алтын орындарының ізін тапқан.

А.Багаудин





Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет