Тузелбаева Анаргул Акабаевна Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы



Дата11.07.2016
өлшемі17.07 Kb.
#190542
Тузелбаева Анаргул Акабаевна

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы

Онды орта мектебі,

Физика пәнінің мұғалімі

Тәрбие басы тал бесік

«Тәрбие басы тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, «Ел болам десең бесігіңді түзе», - деп емірене айтыпты. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді?


Осы жөнінде азырақ ой айтсам. Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.

Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ. 


Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы. «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған.
  Ал біздің бүгінгі отбасыларымыз бен бала бақшаларымызда, мектептеріміз бен жоғарғы оқу орындарымызда қазақы тәрбие беріліп жатыр және үкіметіміз қазақы тәрбиеге дендеп көңіл бөліп отыр деп айтуға бола ма? Кесіп айту қиын. Алайда «Балапан» телеарнасының ашылғандығы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының барлық бағдарламаларын таза қазақ тілінде жүргізе бастағандығы және «Мәдениет» телеарнасының ашылағандығы үкіметіміздің қазақы тәрбиеге шындап бет бұрғандығының айғағы. 


Ұлттық тәрбиенің басты құралы – ұлттың тілі. Тіл мәселесі ешкімге сыр емес, кемшін тұстарымыз баршылық. «Ұлттың тілінің кеми бастауы оның құри бастағанын көрсетеді» - деген данышпан Мағжан атамыз, «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр» - деп қазақ тілінің қасиетін қастерлеп көрсетіпті. Ендеше өркениеттің ұлы көшінен кеш қалмайық десек ең әуелі ұрпағымызға қазақы тәрбие беру құралы болған ұлтымыздың тілін қастерлейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет