Векторлық әдісті есептерді шығаруға қолдану



бет1/16
Дата05.11.2022
өлшемі1.22 Mb.
#464078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
vektorly-ds




Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3


1. Математиканы оқытуда векторлық алгебраны қалыптастыру..................5
1.1 Математиканы оқыту және оның ғылыми-жаратылыстық
білім беруде алатын орны..............................................................................5
1.2 Векторлар туралы жалпылама түсінік және оларға
сызықтық амалдар қолдану............................................................................8
2. Векторлық әдісті есептерді шығаруға қолдану........................................13
2.1 Векторлар және оларға сызықтық амалдар қолдану..................................13
2.2 Алгебралық есептерді шешуде векторлық әдісті қолдану........................20
Қорытынды............................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32


Кіріспе

Еліміздің егемендікке ие болып, Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын шаққа жетіп отыр. Еліміздің елдігін танытып, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ сондықтан да еліміздің болашағы жас жеткіншектің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді.


Сондықтан адал ниет жас жеткіншектерге білім мен тәрбие есігін ашу мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім тәрбиенің негізі, демек баланың жеке басының қалыптасу кезеңі мектеп қабырғасында қаланады.
Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды.
Геометрия курсы қандай жолмен құрылмасын онда міндетті түрде теоремаларды дәлелдеудің, есептерді шығарудың әртүрлі әдістері қарастырылады. Олардың ішінде векторлық әдіс, координат әдісі және геометриялық түрлендірулер әдісі ерекше орын ала¬ды. Бұл әдістер өзара тығыз байланысты.
Геометрияның теориясын дәлелдеу мен есептерін шешудегі барынша тиімді әдістердің бірі -векторлық әдіс. Есептерді жалпы түрде шешуде де векторлардың атқаратын мәні зор. Бұл жөніндегі көптеген теориялық мәселелер мазмұнында теория тікелей қолданатын есептермен қосарланып баяндалу керек. Теориялық тұжырымдарды қолданып есептер шеше алған оқушы ғана сол оқу материалын меңгере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет