Xix ғасыр философиясы xix-ғасыр иррационалистік философиясы



бет1/3
Дата09.10.2022
өлшемі24.28 Kb.
#462254
  1   2   3
XIX ғасыр философиясы


XIX ғасыр философиясы
XIX-ғасыр иррационалистік философиясы;
А. Шопенгауэр, Ницше және т.б. ілімдері;
Гуссерль феноменологиясы
XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды.
Марксизм филрсофиясындағы принциптік жаңалық адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның барысында өзі де өзгереді. Бірақ, марксизмде адам мәселесін, оның өмірінің мәнін, бостандығын, т.б. мемлекет, тап басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктер мүдесінің көлекесінде қалдырды.
XIX ғасыр философиядағы екінші бір философиялық ағымдар, ақыл-ой және сананың дүниені танудағы мүмкіндігіне шек келтіретін идеялар мен тұжырымдар туғызады. Осының нәтижесінде классикалық философияда ақыл-ой күшіне, жеке сананың құдіретіне толық сенуін, ол ақыл-ойдың жетілуі ─ ғылымның дамуына алып келді деген тұжырымның орнына ырық, интуиция, инстинкті қойды.
Неміс философтары Шопенгауэр мен Ницше ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені тануға болмайды деген тұжырымды айтты. Бұлардың көзқарасына сабақтас санасыздықты – психикалық ақиқат пен адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп, оны билейді деген ілімді З. Фрейд ұсынды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.
Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалек­тиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ «Капитал» пайда болды.
Марксизимнің пайда болуының тарихи алғышарттары мыналар:

  1. Капитализмнің, ірі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пролетариат табының пайда болуы.

  2. Капитализмнің ары қарай дамуы, пролетариат үшін ауыр жағдай тудырды, соның салдарынан оларды стихикалық күреске шығуға мәжбүр етті.

  3. Олардың күресін саналы дайындау, ұйымдастыру үшін нақты теориямен қаруландыру қажеттілігі туды. Бұл Маркс пен Энгельсті ойландырып, арнаулы ғылыми ілім жасауға ұмтылдырды. Бұған ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы ғылым саласындағы аса маңызды жетістіктер де әсер етті. Оларға:

  1. Энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы;

  2. Тірі организмдердің клеткалық құрылымның ашылуы (клетка теориясы);

  3. Эволюциялық ілім - дарвинизм жатады.

Майер - бірінші заңның авторы, Г. Гельмгольц пен М. Фарадей оны теория және тәжірибе арқылы негіздеді. Дж. Джоуль мен Э. Ленц жылудың механикалық эквивалентін тапты, яғни механикалық энергияның қаншасы жылу энергиясының бірлігіне сәйкес болатынын есептеп шығарды. Неміс биологтары М. Шлейден мен Т. Шванн 1838-39 жылдары клетка теориясын жасады. Олар жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылымы негізінен бірдей болатынын, екеуі де бір физиологиялық қызмет атқаратынын анықтады. Бұл теория барлық тірі организмнің ішкі бірлігін дәлелдеді, сөйтіп олардың шығу тегін жаңа түрде көрсетті. Дарвиннің эвоюциялық теориясы жануарлар мен өсімдік түрлерін ешнәрсемен байланыссыз, кездейсоқ, «Құдай жаратқан» және өзгермейтін деп қараушылықты жойды. Сөйтіп, алғашқы рет теориялық биологияны ғылыми негізге қойды. Ол жануарлар мен өсімдік түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың бірлігін дәлелдеді. Дарвиннен бұрын Д. Дидро биология түрлерінің эволюциялық өзгеріп отыратыны жөнінде болжам айтқан еді.
Марксизм ХІХ ғасырдағы қоғамдық ғылымдардың үш саласын жалғастырушы, олар:

  1. Классикалық неміс философиясы (Гегель мен Фейербах философиясының үйлескен қосындысы).

  2. Ағылшын саяси экономиясы (Адам Смит пен Давид Рикардо).

  3. Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы теориялары (оларды утопиядан

ғылымға айналдырды).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет