Ядроның құрылысы мен қызметі



Дата07.07.2022
өлшемі375.02 Kb.
#459629
Ядро

Ядроның құрылысы мен қызметі

Жоспары

Ядроның құрылысы мен қызметі

  • 1833 ж. Роберт Броун өсімдік материалынан жасушалық ядроны ашқан. Ол микроскоп арқылы тозаң жіпшелерінің жасушаларын қарап, дөңгеленген формалы денешіктерді тапқан. Оны "nuclei" — ядро деп атаған. Ядро жасушаның ортасында орналасқан дөңгелек немесе сопақша формалы жасушаның ең ірі органоиді. Ядро үш бөліктен тұрады: ортасында орналасқан — ядрошықтан, ядроның сұйық бөлігі — нуклеоплазмадан және ядролық мембранадан.

Мембрана

  • Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған, ішкі мембрана тегіс болады. Электронды микроскоп арқылы зерттеу ядролық мембрананың жасушалық мембрана жүйесінің бір бөлігі екендігін көрсетті. Сыртқы ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды. Ядроның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасу басты рөл аткарады.

Ядрошық

  • Ядродағы ядрошықтар саны 1—2, кейде 3—4 болатын дөңгелек, кейде сопақша денешіктер. Ядроға қарағанда ядрошық тығыз келеді. Ядрошық ядродан толық бөлінбеген және ядролық плазманың ішінде еркін козғалып жүреді. Ядрошық РНҚ синтезінің орталығы.

Хромосомалар

Хромосомалар

  • Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік. Хромосоманың құрамында 40 ДНҚ, 40 гистон, 20 қышқыл нәруыз және аз мөлщерде РНҚ болады. 

Соңғы профазадағы — митозметафазасындағы хромосома құрылымының сызбасы. 1 —хроматида; 2 — центромера; 3 — қысқа иық; 4 — ұзын иық.

  • Соңғы профазадағы — митозметафазасындағы хромосома құрылымының сызбасы. 1 —хроматида; 2 — центромера; 3 — қысқа иық; 4 — ұзын иық.

Генетикалық инженерия

  • 1972 жылы америкалық ғалым Пол Берг әріптестерімен алғаш рет организмнен тыс (in vitro) жағдайда рекомбинатты ДНҚ-ны алған. Генетикалық немесе гендік инженерия дегеніміз — организмдердің тұқым қуалау аппаратына жана гендерді ендіру. Олар организмге адам үшін пайдалы жана қасиеттер береді.

Қорытынды

  • Ядро жасушаның ортасында орналасқан. Ол екі мембранамен қоршалады. Ядроның басты элементі — хромосомалар.
  • Организмнің әрбір жасушасында жұп (диплоидті) хромосомалар жиынтығы болады. Ал жыныс жасушаларында жалғыз (гаплоидті) хромосомалар жиынтығы болады.
  • Генетикалық инженерия әдісі маңызды қасиеттері бар жаңа гендерді организмге ендіруге негізделген


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет