Зайсан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар



Дата05.07.2016
өлшемі73 Kb.
#179170
Зайсан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау басқармасы бойынша 2012 жылы

атқарылған жұмыстар
2012 жылы Зайсан ауданында кенеттен және топталып тіркелуден аса қауіпті, карантинді және жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы тіркелген жұқпалы аурулардың жағдайы төмендегідей: бактериалды дизентерия-3 инт. көрс-8,09 (2011ж-1) 2 жағдайға өсті; жіті ішек ауруы-4 инт көрс-10,7 (2011ж-6) 2 жағдайға төмендеді; вирусты гепатит А-3 инт көрс-8,09 (2011ж-5) 2 жағдайға төмендеді; тубекулез – 32 инт көрс-86,3 (2011ж-47), қышыма қотыр-2 (2011ж-2) бір деңгейде; педикулез-3 (2011ж-2) 1 жағдайға өсті; жұқпалы жоғары тыныс жолдары ауруы (ОРВИ) -516 (2011ж-1124) өткен жылмен 1,8 есе азайды.желшешек-95 (2011ж-38) 2,5 есеге өсті; скарлатниа 2 (2011ж-6) 4 жағдайға төмендеді; сарып-11 (2011ж-11) бір деңгейде; трихофития -7 (2011ж-13) 6 жағдайға төмендеді.

Ауданда Зайсан ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында эпидемиологиялық маңызы бар 295 нысан бақылауда тұр. Олар мыналар: қоғамдық тамақтандыру орындары-30, сауда орындары-92, тамақ өнеркәсібі-21, базарлар-2, мектеп-27, мектеп интернат-1, Шілікті , Мукарама мектебі жанындағы интернат-2, бала бақша-4, жеке кәсіпкерлерге жалға берілген мектеп асханасы-4, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі-1, емдеу-сауықтыру мекемелері-24, орталықтандырылған су көзі-7, орталықтандырылмаған су көзі-8, шашатараз-13, монша-2, қонақ үйі-7, дайын дәрі-дәрмек саудалау дәріханасы-13, қатты қалдық жинау орны-9 санитарлық талапқа сәйкестендірілуін, аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, жалпы білім беру мекемелерінде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін, өндіріс орындарында жұмысшылардың еңбек жағдайларының жақсартылуын қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы эпидемиологиялық шаралар ұйымдастырылып жүргізілуде. Бақылаудағы осы нысандарды тексеру, жұқпалы ауруларқа қарсы эпидемиологиялық шараларды ұйымдастырып жүргізуге басқармада 15 мемелекеттік қызметкерлер (мамандар) қызмет атқарады. Олардың ішінде 7 қызметкер жоғары білімді, 8 қызметкер орта білімді.



«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүектегі Кодексінің 19 бабының 5 тармағы негізінде Қазақстан Республикасының 2011жылдың қаңтар айының 6 күнгі №377-IV «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13 бабы 3 тармағына сәйкес биылғы жылы ЗАМСЭҚ Басқармасында бақылауда тұрған 295 нысандар эпидемиологиялық қауіптілігіне байланысты үш топқа бөлінеді. Республикалық прокурормен бекітілген жоспарда бірінші топта (тексеру жиілігі айына бір рет) тексерілуге жатқызылған нысан жоқ.. санитарлық-гигеналық тексеруге 295 нысан жоспарланды оның: екінші топта 157 нысан (тексеру жиілігі 3 рет), үшінші топта 138 нысан (тексеру жиілігі жылына бір рет). Жоғарыда жоспарланған нысандардың санитарлық-гигиеналық талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 237 тексеру жүргізіліп онда 204 айыппұл 1 270 180 теңгеге салынды. Жоспардан тыс (өтініш, эпид көрсеткіштер, шағыммен) 174 тексеру болып, тексеру нәтижесінде 28 айыппұл 174694 теңгеге салынды. Барлық салынған айыппұл толығымен ұсталды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша нысандарды санитарлық талаптарға сәйкестендіру мақсатында 210 санитарлық ұйғарым берілді, 19 адам уақытша жұмыстан шеттетілді. Санитарлық нұсқаудың орындалуы бойынша тексеру қортындысының нәтижесінде Көгедай,Сартерек орта мектептерінің ісі аудандық сотқа қарауға берілді.
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Алдын ала санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейту» туралы № 51 бұйрығына сәйкес алдын ала санитарлық қадағалау шаралары бойынша 32 нысанның құрылыс жобалары қаралды оның 4-і санитарлық нормаға сәйкес болмауына байланысты сәйкестігіне келісім берілмей 4 жоба қайта қаралып санитарлық-эпидемиологиялық қортынды берілді. Құрылыс салуға 29 жер теліміне құжаттары қаралып оның 4-не сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілмеді. Салынып жатқан 29 нысанның 10-ы мемлекеттік комиссиямен мемелекеттік қабылдаудан өткізіліп, пайдаланылуда.

Бақылауда тұрған нысандарды тексеру кезінде арнайы мониторнинг негізінде зертханалық тексеруге:физикалық факторлар бойынша мектептерде санитарлық гигиеналық мониторинг бойынша микроклиматтқа 277 өлшеу жүргізіліп 28 өлшеу талапқа сай емес жарыққа 210 өлшеу жүргізіліп 12 өлшеу талапқа сай емес, нысандардағы электромагниттік кеңістікті өлшеуге 429 өлшеу жүргізілді, 5 санитарлық талапқа сай еместігі анықталды кемшіліктер үшін шаралар қолданылып, қайтадан нормаға сәйкестендірілді, шуға 36 өлшеу жүргізілді, вибрацияға 120 өлшеу жүргізілді. Сапасыз тамақтың анықталып жойылуы жөнінде 30 сауда дүкенін жоспарлы тексеру барысында 15 сауда орындарынан жыл көлемінде сақтау мерзімі өткен тамақтар барлығы 120 кг тамақ, 33 л алкоголсіз сусын, 2 кг балалар тамағы саудалауға жарамсыз екендігі анықталып, жеке кәсіпкердің қатысуымен жойылды.

Микробиологиялық бақылауға 314 тамақ алынып, санитарлық нормаға сәйкес еместігі-14, ол 4,4 пайызды құрады. 2169 жұғын алынып оның 65 оң таңба берген, барлық алынған жұғынның зертханалық тексеру нәтижесі бойынша санитарлық нормаға сәйкес еместігі-2,9 пайызды құрады. Орталықтандырылған су көздері, орталықтандырылған емес су көзі, ашық су көздері мен мектептер, мектеп-интернат, бала-бақшалардан- бактериологиялық зертханалық тексеруге барлығы-222 су сынамасы алынып, оның 7 су сынамасы санитарлық нормаға сәйкес емес екендігі анықталды. Санитарлық-химиялық көрсеткішке-2019 су сынамасы алынды оның 3-уі саннормаға сәйкес келмеді. Сол сияқты санитарлық-химиялық зертханалық тексеруге жасөспірімдер мен балалар мекемелерінен тамақтың қуаттылығын анықтауға 57 тамақ алынып 2 термиялық өңдеуге сай болмағаны, тамақтың құнарлығын анықтауға 58 тамақ сынамасы тексеріліп, 2 тамақ сынамасы санитарлық талапқа сай болмағаны анықталды. Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер үшін тиісті шаралары қолданылып, санитарлық норпамға сәйкестендірілді. Аудан мектептеріндегі өзекті мәселенің бірі орталықтандырылған суы бар Кеңсай, Біржан, Дайыр ауыл мектептеріндегі шағын орталықтарға орталықтандырылған су жүйесі жүргізілмей отыр.

ЕГУ-ЕКПЕ жұмыстары Зайсан ауданы бойынша бақылауда профилактикалық егу екпе жұмыстарын жүзеге асыратын 22 емдеу мекемесі бар оның ішінде: 9 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 10 ФП, Зайсан аудандық бірлестігінің перзентхана бөлімінің егу кабинеті..

Профилактикалық егулер Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу



мерзімдеріне сәйкес, белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

Профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу үшін 8 жылжымалы егу бригадасы құрылған. Жылжымалы егу бригадалары автокөлікпен, термоконтейнерлермен, анафилактикалық шокқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілген. Барлық жүргізілген профилактикалық егулер медициналық құжаттардың есепке алу нысандарына толтырылады. 2012 жылы

0-16 жас аралығындағы «Мақсаттық топтың» қамтылуы- 99,7-100 пайызды құрады. 2012жылы тұмау ауруының алдын алу мақсатында Тұмауға қарсы егілуге 3706 адам жоспарланған, барлық егілгені-3889. Оның ішінде ақылы егілгендер-2830, облыстық бюджеттен қатерлі топта тұрғандарға 350 доза бөлінді, егілуі 100 пайыз. Аудандағы өндіріс орындары яғни, жұмыс берушінің есебінен 709 адам егілді «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС, «Сайхан» ЖШС. Жылма жыл аудан халқының 10 пайызы тұмау ауруына қарсы егілуі нәтижесінде 2012жылы аудан көлемінде жұқпалы жоғары тыныс жолдары аурулары 1,8 есеге азайып отыр.

Аса қауіпті аурулардың бірі әлеуметтік ауруға жататын өкпе туберкулез ауруы-Зайсан ауданында туберкулез ауруының 2012жылғы эпидемиологиялық көрсеткіштері төмендегідей: 2012жылы-32 жағдай Инт көр-86,35 (2011ж-47 жағдай тіркелген Инт көр-128,42) Оның ішінде өкпе туберкулезі-30 , инт көрс-80,95 /2011ж-41/, БК+7 науқас /2011ж-12науқас/, 14 жасқа дейінгі бала-3, жасөспірім-1.
Тубекулезден қайтыс болғаны-1 /2011ж-5/ болды. Тубекулез ауруымен ауырғандар арасынан асқынған түрімен тіркелген жоқ.

Туберкулез ошақтарымен жұмыстар:

Науқастардың ішінен тіркелген жаңа жағдайдың бактерия бөлушілері , МТ + 7 - 7 жұмыссыз, шағымы бойынша бактериоскопия әдісімен анықталған- 6 – 18,8 % құрайды,

32ошақ фтизиатормен бірігіп тексерілді,оның ішіндегі 7 МТ+ ошақтары бойынша жеке сауықтыру жоспарлары жасалып, жұмыс жүргізілді.,Бұл ошақтағы қатынастағы адамдар 26,түгелдей тексеріліп,оның ішінде анықталғандар жоқ , МТ+ ошағындағы 4 бала Первомайка санаториясына жіберілді.

Бактерия бөлушілерді оқшауланған адам тұратын ауданмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша,барлығы 5 адам баспанаға мұқтаж. Бұл жөнінде Аудан әкіміне, Зайсан қаласы әкіміне және Аудандық ЖКХ бастықтарына хабарлама жазылды. Аудан әкімінің әкімдік мәжілісінде қаралып арнайы тапсырмалар беріліп, 2012жылы бір науқасқа баспана берілді . Аудан бойынша ФЛГ тексеруі жоспарланғаны-21275 өткені-20354 ол 95,6 пайызды құрады, оның ішінде анықталғаны-23 ол 0,11пайыз.

Туберкулездi Манту әдiсiмен анықтау мақсатында,Зайсан ауданында қатерлі топтың және туб қатынаста болған балалар мен жасөспірімдердің тізімі анықталды:Зайсан ауданы бойынша 14 жасқа дейінгі бала саны – 9008. Балалар арасында туберкулез ауруының алдын алу мақсатында аудан бойынша Манту сынамасына жатқызылған бала саны- 5729, Манту сынамасы қойылғаны 5856 бала -102,2% құрайды олардың ішінде туберкулез ауруына бейінді 176 бала анықталып, оларға арнайы ем жүргізілді. Тіркелген науқастармен қатынастағы адамдар 318 адам ,оның ішінде ересектер 193, бала 93,жасөспірімдер 19.Барлығы ФЛГ тексеруден уақытылы өтіп отыр, манту сынамасымен тексерілгені 212 бала.

Туберкулез ауруын азайту мақсатында 2 млн 600 мың тенге аудан бюджетінен бөлінді Қатерлі топтағы 61 баланы санаториге жіберуге жол қаражатына 250000 мың тенге , қатерлі топтағы124 туб вираж балаға 522000 тенге ыстық тамақпен қамтамасыз етуге бөлінді.1 млн 56000 тенге ақша ересек науқастарға жол қаражатына және 1 реттік ыстық тамаққа бөлінді, бөлінген ақшалар түгелдей игерілді. Бүгінгі күні Первомайка сауықтыру орнында 61 бала сауықтырылды. Туберкулез ауруына қарсы күрес жолының бірі : бұрын ауданда балаларға арналған бала-бақша жанынан ашылған санаториялық топ болған. Туберкулез ауруы Зайсан ауданында соңғы 2 жылда 14 жасқа дейінгі балалар арасынан тіркелуде, сондықтан ауданда балаларға арналған санаториялық топтың ашылуы өте қажет.

2012 ж 3айында туберкулезге 142500 ірі қара тексерілді, малдар арасында туберкулез ауруы аудан бойынша тіркелген жоқ.



Сарп ауруы

Зайсан ауданында табиғи-ошақ індеттерінің алдын алу мақсатында Зайсан ауданының әкімімен бекітілген кешенді жоспар жасалынған 2011-2013ж. 2012 жылы аудан бойынша 11 сарып ауруы тіркелді .Олар Зайсан қаласынан 2 , Дайыр ауылынан 3, Жалши 1, Көгедай ауылынан 1, Қарабулақ ауылынан-1 , Ақ аралдан-1,Бақасу -2, тіркелгендердің ішінде 5- і 14 жасқа дейінгі бала.Ошақтағы алдын алу шаралары вет мамандармен жүргізілді Ошақтан сынамалар алынып ,қатынастағы адамдар тұгелдей тексерілді,анықталған аурулар жоқ. 2011жылмен салыстырғанда сарып ауруы бір денгейде ,инт көрсеткіш 29,6. 2012 жылы Зайсан ауданында сарып ауруы бойынша шектеу қойылмады. Сарып ауруын азайту мақсатында: аудан әкімінің шешімімен 2012 жылы Зайсан ауданы бойынша ауылдық округтері әкімдіктері аумағында Бүгінгі күні ауданда 2 ДУК автокөлігі жұмыс істейді , барлығы 34166м3 залалсыздандыру жұмыстары сарып ошағында жүргізілді.Зайсан ауданы бойынша Зайсан қаласы және Кенсай, Біржан, Жарсу , Дайыр, Қаратал,Айнабулақ , Сартерек ауылдарындағы мал сою алаңдары жұмыс істеуде. 2011 жылы Сартерек және Шілікті аулдарында мал сою алаңдары пайдалануға берілді.

Ауданда 85 шаруа қожалықтары бар , малшылар және уақытша жұмысқа алынғандар төлдемеге дейін барлығы терапевтпен тексеріліп,серологиялық тексерулерден өтті.және аудандағы вет мамандар ,мал сою пункітінің жұмысшылары ,мал сою алаңдарының жұмысшыларының тізімдері анықталып жоспар бойынша тексеруден өтеді. Барлығы 1317 адамнан сарып ауруына қан алынды,оң таңба бергендер төлдемеге дейін 2 адам,төлдемеден кейін 5 адам оң таңба берді. Оң таңба бергендер 6 айға «Д» есепке алынып, дәрігер инфекционист кеңесіне жіберілді.
Зайсан ауданы бойынша оң таңба берген және сарыппен ауырған науқастармен қатынаста болған 223 адам тіркелді,оның ішінде оң таңба бергендер 8 адам және 1 адам сарып ауруымен тіркелді. 11 ошақтан (сыртқы ортадан)14 сынама алынды,оның ішінде сарып ауру қоздырғышы анықталғандар жоқ. Сарып ауруын ауданда азайту мақсатында аудан әкімінің атына 2 хабарлама жазылды және 27.06.2012 жылы акимят отырысында қаралды.
Оң таңба берген малдардың ошағын аудандық вет инспекция басшыларымен бірлесе тексеріліп анықталған кемшіліктер бойынша 6 ауылдық вет дәрігерге айыппұлдық хаттама толтырылды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында сарып ауруының тіркелуіне байланысты. Зайсан ауданы прокуратурасына 2 іс жолданды .

Зайсан ауданы халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

Зайсан ауданында есеп беріліп отырған 2012 жылдың желтоқан айында статистика бойынша 37599 халық тұрады, оның ішінде жалпы таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отырғаны 69,9 пайызды құрады.

Оның ішінде Зайсан қаласында орталықтандырылған жер асты суымен қамтамасыз етілгені -15270 тұрғын,ол 100%. Ауыл тұрғындардың орталықтанған сумен қамтамасыз етілген адамдар саны-10151, ол 45,4 % құрайды.

Аудан бойынша орталықтандырылмаған су көзінен ауыз су ішіп отырғандар саны-12036, ол 53,9% құрады.

1 санаттағы ашық су көзінен Жана Тұрмыс өзенінен су ішіп отырғандар саны-142 адам, ол -0,4 % құрайды.

2012 жылда орталықтандырылған су көзінен бактериологиялық көрсеткішке жоспар бойынша 99 су сынамасы алынды, бак көрсеткіш бойынша сәйкес келмегені жоқ, сан хим көрсеткішке жоспар бойынша 96 су сынамасы алынды, оң таңба бергені жоқ.

Орталықтандырылмаған су құбырларынан жыл көлемінде 60 су сынамасы алынған(оның 12 жоспарсыз түрде) бактериялогиялық көрсеткішке алынған, оң таңба бергені жоқ, 48 су сынамасы химиялық зертханаға алынған оның 3 кермектік жағынан оң таңба берген.

1 санатты ашық ашық су көзінен 2 су бактериялогиялық көрсеткішке алынған, оң таңба бергені жоқ, 2 су сынамасы химиялық зертханаға алынған оң таңба берген жоқ.

2 санатты ашық ашық су көзінен 4 су бактериялогиялық көрсеткішке алынған, 2 оң таңба берген, 4 су сынамасы химиялық зертханаға алынған 1-уі оң таңба берген. Кемшіліктер үшін ауылдық округі әкімдеріне, жауапты адамдарға хабарлама дайындалып, шаралар қолданылды.

Есеп беріліп отырған жылда 7 орталықтанған су құбырын тексеру жоспарланған, тексеру 100 пайызға қамтылды.

2012жылы аудан әкімінің " Елді мекендерді көгалдандыру, көркейту, санитарлық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы" 2 айлық тазалық айлығы жариялануына байланысты ЗАМСЭҚБ мамандары тарапынан төмендегідей іс-шаралар атқарылды. Ауданға қарасты барлық округ әкімдеріне, орталықтанған су құбыры иелеріне хабарламалар жіберілді. Әр ауыл әкімдігінде тазалыққа жауапты адамдар бекітіліп, комисия құрылып комисия құрамына ауыл дәрігерлері, мұғалімдер , ауыл ақсақалдар алқасы жұмылдырылып жұмыс жоспарларын ұсынылды. Аудан бойынша 9 күл-қоқыс төгетін орын ауыл округтері орталығында және 26 күл-қоқыс орын ауылдарда орналасқан барлық қатты қалдық тастайтын орындар бар. 2012 жылы 6 қатты қалдық тастайтын орынжоспарлы тексеріліп онда анықталған кемшіліктер бойынша жауапты адамдарға 6 айыппұл салынды. ЗАСЭҚБ мамандары тарапынан көше тазалығына байланысты 41рейд жүргізіліп оның 17-сі ІІБ қызметкелерімен ауыл және қала әкімшілігі қызметкерлерімен бірігіп кешенді түрде тексерулер жүргізілді. Ауылдар мен қала тазалығын тексеру қорытындысы бойынша 9 қалалық, ауыл округі әкімдіктеріне хабарлама беріліп, 13 айыппұл 50158 теңгеге салынды. Аудандық "Достық" газетіне 4 мақала берілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламасын өрбіту кезеңі бойынша 2011-2015 жылдардағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуде аса қауіпті, карантинді, паразитарлық және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында



Зайсан ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарымен-982 лекция, БАҚ-қа 23 мақала берілді. 203 семинар ұйымдастырылды, 2 шешім қабылданды. 2 іс аудандық сотқа қарауға берілді. Жұқпалы аурулардың эпид кезеңі бойынша айлықтардың ұйымдстырылып өткізілуі жалғасын табуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет