Зейнетақы жүйесін жаңғырту



Дата25.02.2016
өлшемі103.64 Kb.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту

Айрықша жиі қойылатын сауалдар және олардың жауаптары



1. Зейнетақы жүйесін не үшін ауыстыру қажет?

Зейнетақы жүйесі өзгеріске ұшырамайтынын айта кету қажет. Ол бұрынғы үш деңгейде қалады. Жалпы, жүйенің тиімдігін көтеру үшін өзгерістер енгізіледі.

Қазіргі уақытта ғаламшардағы орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты жетекшіден дамушыға дейінгі әлемдегі көпшілік ел өзінің зейнетақы жүйесін түзетуде.

Біздің еліміздің қолданысындағы зейнетақы жүйесін талдауда «жас» жүйеге (қолданыста бар болғаны 15 жыл) байланысты бірқатар кемшіліктер, азаматтардың төмен жинағы және төмен инвестициялық табыстылығы анықталды. Сонымен қоса, қомақты зейнетақыға құқығы бар адамдар азғантай еңбек өтілі мәселелерімен кездеседі.

Өздеріңізге белгілі, 1998 жылға дейін КСРО уақытында зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және жалақы мөлшерінің негізіне тәуелді, анағұрлым еңбек өтілі болған сайын соғұрлым жоғары төлемдер болды.

1998 жылы зейнетақы жүйесі енгізілді. Негізінде сол бұрынғы формула, анағұрлым еңбек өтілі және жинақ болған сайын соғұрлым зейнетақы. Сонымен қоса, қосымша ерікті жинақтау мүмкіндігі заңмен қарастырылған.

Қолданыстағы жүйенің ережесі бойынша 1998 жылдан кейін де еңбек етуді жалғастырған тұлғаның зейнетақы мөлшері мынаған тәуелді:

1) еңбек өтілі, 1998 жылға дейінгі жинақ;

2) 1998 жылдан бастап жинақ сомасы (жалақыдан 10 пайыз)
Сонымен қоса, қолайлы өмір деңгейін сақтау үшін зейнетақы төлемі жеткіліксіз болған адамның үлесі артылатынын айта кету қажет. Бұл мынаған қатысты:

1) 1998 жылға дейінгі азғантай еңбек өтіліне;

2) Жинақтың жетіспеушілігі және оның тиімділігінің жеткіліксіздігі.

Тек сол себептен барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын сақтау үшін ел Президенті зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша шұғыл шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
2. Зейнетақы жүйесін жаңғырту не себептен жасалуда?

Қазіргі таңда келесі жаңғырту бағыттары қарастырылуда:

- Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы жүйесін (БЗЖЖ) құру және зейнетақы жинақтаушы жүйесінің (ЗЖЖ) тиімділігін көтеру;

- ұдайы зейнетақы аударымын жүргізіп отырған ЗЖЖ қатысушыларын арттыру;

- Зейнет жасын теңестіру;

- зейнетақылық қамсыздандырудың ең төменгі кепілдеме жүйесін;

- Ерекше еңбек жағдайларындағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды еріктіден міндетті мамандандырылған жүйеге көшіру;

Келесіні айта кету қажет: 2013 жылдың маусымында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру туралы нақты шешім қабылданды. Қалған жаңғырту аспектісі, оның ішінде әйелдердің зейнет жасын көтеру қазіргі таңда ведомствоаралық Жұмыс тобының ұсыныс мәртебесінде тұр.



3. Міндетті зейнетақы төлемінің мөлшері өзгертіле ме?

Жоқ! Талқыланған заң жобасындағы міндетті зейнетақы мөлшері бұрынғы қалпында қалады –барлық жалақы төлемінен 10 пайыз.

МАҢЫЗДЫ СӘТ - Ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын тұлғалар үшін 5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы төлемі енгізіледі деп жобалануда. Айта кетер ерекшелігі - бұл төлемдер салық төлем шотына жұмыс берушілермен жүргізіледі. Сонымен, осы зейнеткерлер санатына арналған жақсарту жағдайлары еңбекақы қорының артуына және бизнеске қосымша қаржылық жүктеме әкелмейді.
4. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры (БЗЖҚ) қолданыстағы жеке зейнетақы жинақтаушы қорынан (ЖЗЖҚ) қандай айырмашылықпен ерекше?

Бірыңғай қордың негізгі басымдылығы оның бірлігінде, мемлекеттің толық кепілі және бұл анағұрлым жоғары тиімділікті, оның жұмысының шекті сенімділігін және максималды айқындығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақыттағы ЗЖҚ жұмысының негізгі кемшіліктеріне зер салайық, жалпы жүйенің төмендетілген тиімділігі. Бұл біріншіден, зейнетақы жинақтаушы жүйесіне жаңа салымшыларды тарту бойынша жұмыстың жоқтығы.

Екіншіден, есеп жүйесінің қателігі: зейнет жасына жеткен болмаса шет елге шығып кеткен және қайтыс болған салымшыларды есептеу жағдайлары кездеседі.



Үшіншіден, зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды тиімділігі және айқындылығы жеткіліксіз жеке қорлар жүзеге асырады. Кей уақытта олар салымшылардың емес өз құрылтайшыларының мүдделеріне әрекет етеді.

Жалпы қор табысының төмендеуінен, бірқатар жағдайлардан, жыл қорытындысы бойынша шығындардан көруге болады.

Төртіншіден, ЗЖҚ комиссиялық мөлшеріне қатысты көптеген шығындар.

Қолданыстағы МЗЖҚ (Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры) базасында Бірыңғай қордың құрылуы өзекті мәселелерді шешеді. Бірінші кезекте, жеке зейнетақы шоттарын есептеуді қамтамасыз етеді.

Жаңа модель бойынша зейнетақы активтерін басқарумен және инвестициялаумен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айналысатын болады. Сонымен қоса, инвестициялық стратегия және Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін (яғни, қайда және неге салады) орналастыру үшін рұқсат етілген тәсілдерді таңдау ҚР Президенті жанындағы Кеңес - мәселені кеңесіп шешетін орынмен қалыптасады.

Инвестициялау – табысты алу мақсатында зейнетақы аударымын инвестициялық портфельдерді басқаратын мекеме нарық бәсекелестігінің қағидаттарын сақтаумен орналастыратын болады. Конкурс негізінде іріктеумен Ұлттық банк айналысады.

Тағы да МАҢЫЗДЫ СӘТТІ білдірсек – портфель басқарушыға арналған инвестициялық стратегияны Кеңес орнататын болады. Ал, ҚР Ұлттық банкімен конкурстық іріктеу барысында табыстың қажетті/ шекті рұқсат деңгейі орнатылатын және қолданылатын болады.

Сонымен қоса, Бірыңғай қордың үлкен көлемінің тиімділігі зейнетақы жинақтаушы жүйесін қалыптастыруда әкімшілік шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.


5. Жеке зейнетақы жинақтаушы қорларға не болады?

Заң күшіне енгеннен кейін Зейнетақы жинақтаушы қорының бекітілген кестесіне сәйкес (әрі қарай-ЗЖҚ) Бірыңғай қорға өзінің зейнетақы активтерін және міндеттерін тапсырады. Осы сәттен ЗЖҚ зейнетақы төлемдерін тартуды және зейнетақы төлемін жүзеге асыруды тоқтатады. Дегенмен қолданыстағы қорлар меншікті активтерін сақтайды және инвестициялық портфельді басқарушы ретінде немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қоры рөлінде жұмыс жасай алады.


6. Мен жеке ЗЖҚ –мен келісім-шарт жасастым. Менің зейнетақы жинақтарыма не болады? Оны мемлекет ала ма?

Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры қолданыстағы барлық зейнетақыны қамтамасыз ету туралы келісім-шарттың құқықтық мұрагері болады.



Сонымен қоса, салымшыларға өздерінің зейнетақы жинағына меншік құқығының сақталуына толық көлемде кепілдеме береді.

ЗЖҚ нан толық көлемде жинақ түсетін салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының жүйесі бұрынғы қалпында қалады. Бірыңғай қорға міндеттерді және зейнетақы активтерін табыстауға қатысты барлық шығындар коммерциялық қордың меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі. Салымшылардың келісім шарт қатынастарын рәсімдеудің заңды тәртібі және БЗЖҚ кешірек анықталатын болады


7. Менің зейнетақы жинағымның сақталуына кім кепіл бере алады?

БЗЖҚ құруда толық көлемде қолданыстағы жеке ЗЖҚ-нан азаматтардың жеке жинағына аударылатын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының жүйесі сақталатын болады.

Міндетті зейнетақы жарнасы бойынша оның сақталуына мемлекеттік кепілдеме сақталатын болады.
8. Зейнетақы жинағын қайда салатынымызды енді кім шешеді?

Зейнетақы активтерін инвестициялауды және басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұл ретте Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін орналастыру үшін ҚР Президенті жанындағы Кеңес инвестициялық стратегия және шешілген тәсілдерді таңдауды (бағалы қағаз түрлері, экономика саласы және т.б) өңдейтін болады.


9. Менің зейнетақы жинақтарым қалай инвестицияланатыны туралы ақпаратты ала аламын ба?

Әрине, Бірыңғай қор құрудың басты міндеті зейнетақы жүйесінің максималды айқындылығын арттыру болып табылады. Инвестициялық стратегияны өңдеуде Үкіметтің, Ұлттық банктің өкілдері, қаржы нарығының қатысушылары, тәуелсіз сарапшылар қатыса алады. Бұл ретте барлық салымшылар барлық ақпаратқа ұдайы қол жеткізе алады.


10. Мен өз зейнетақы жинағым және олардан инвестициялық табыстар туралы ақпаратты қалай аламын?

Салымшыларды жинақ сомасы және инвестициялық табыс мөлшері туралы ақпараттандыру жүйесі бұрынғы қалпында қалады.


11. Қазіргі зейнеткерлерге жаңа жүйе қалай әсер етеді?

Зейнетке шыққан адамдарға төлемақы есебі өзгертілмейді. Жаңғырту тек қана экономикалық белсенді тұрғындарға ғана қатысты – зейнетақы жинақтаушы жүйесінің қатысушылары. Олардың зейнетақысы міндетті зейнетақы төлеміне (барлық еңбекақы төлемінен 10 пайыз) және жинақ санына тәуелді болады.


12. Зейнетақы төлемдері немен құралады?

Қазіргі уақытта зейнетақы төлем мөлшері бірнеше компоненттерден құралады:

1) Базалық зейнетақы төлемі (күн көріс минимумынан 50 пайыз, 2013 жылы бұл 9 330 теңге)

2) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айдан кем емес еңбек өтілі болған жағдайда ЗТБМО –нан Зейнетақы төлемі. Бұл көрсеткіш орта айлық табысы және жұмыс өтілін есептеумен есептеледі. Осы сұрақ бойынша жан-жақты кеңес алу үшін Сіз ЗТБМО бөліміне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Департаментке жүгіне аласыз.

3) Зейнетақы төлемі болған жағдайда ЗТБМО-нан зейнетақы төлемі.

4) Осындай төлем болған жағдайда ерікті зейнетақы жинақтаушы қорынан зейнетақы төлемі.


13. Мен қандай зейнетақыны аламын?

Әр нақты зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесі компонентіне қатысатын адамға тәуелді.



Бірінші топ 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетке шыққан, сонымен қоса, 1998 жылы 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтарға (қомақты зейнетақы жүйесі) қатысты. Олар қазіргі таңда қомақты зейнетақы жүйесінен және зейнетақы төлем базасынан күн көріс минимумынан 50 пайыз мөлшерде болмаса 2013 жылдың жағдайы бойынша 9 330 теңгені алады. .

Екіші топқа 1998 жылдан кейін құралған зейнеткерлер, қазіргі таңда зейнеткерлік демалысқа шыққан адамдар жатады. Олардың зейнетақы төлемі қомақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы төлемінен құралады.

Үшінші топ – зейнетақы жинақтаушы жүйесінің қатысушылары ғана. 1998 жылдың 1 қаңтарында еңбек өтілі жоқ тұлғаларға қатысты. Олардың зейнетақы төлемі тек жинақтан, жинақ жеткілісіз болған жағдайда ең төмен кепілденген зейнетақы төлемінен тұратын болады. Қазір бұл 9330 теңге.

Қомақты, жинақтаушы жүйенің қатысушысы болып табылмайтын азаматтар ақырында базалық зейнет төлемін алу құқығына ие бола алады.


14. Зейнетақы мөлшері еңбекақы төлеміне тәуелді ме?

1998 жылдың 1 қаңтарында еңбек өтіліңіз болмаса 6 айдан кем өтіліңіз жоқ болған жағдайда зейнетақы төлемі тек қана міндетті және ерікті зейнетақы аударымының жинағы есебінен құралатын болады. Жинақ төлемі барлық еңбекақы төлемінен 50 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасына тікелей тәуелді.


15. Мен зейнетақы жарнасын жасамаймын. Мен енді зейнетақы ала алмаймын ба?

Бұл жерде шынайы әлеуметтік қағидаттары әрекет етеді – қанша салдың сонша алдың.

Әрбір қазақстандық өздерінің қарттық шағын қамтамасыз ету үшін өздерінің жинақтарын барлық еңбекақы төлемінен міндетті зейнетақы аударымы 10 пайызы есебінен қалыптастырады. Еске сала кетсек, сондай-ақ, азаматтың өзі және үшінші тұлғамен оның пайдасына аударуы мүмкін ерікті зейнетақы аударымы қарастырылған.

Сонымен қалыптастырылған зейнетақы жинағы зейнет жасына жету бойынша қомақты төлемді қамтамасыз етеді.

Өзінің алаңғасарлығымен, түрлі себептермен зейнетақы төлеміне қаржы бөлмеген азаматтар үшін мемлекет күн көріс минимумынан ( болмаса 2013 жылдың жағдайы бойынша 9 330 теңге) базалық 50 пайыз мөлшерінде зейнетақы төлемін алу құқығын сақтайды.
16. Зейнет жасына жеткенде жұмыс жасауға құқығым бар ма?

Әрине, кез-келген азамат зейнет жасына келгеннен кейін де еңбек қызметін жалғастыра алады.


17. Зейнетақы жүйесін жаңғырту аясында өзгертулер әрекетін енгізу қашан жоспарлануда?

Қазіргі уақытта 2013 жылдың шілдесінде ұйымдастырылуы қажет Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорын құру үшін ғана мерзім бекітілді. Қалған жаңғырту бағыттары, оның ішінде қазіргі кезде талқылау сатысында тұрған әйелдердің зейнет жасын көтеруге қатысты жаңғырту бағыттарын кезең-кезеңімен жүргізу ұсынылуда.


18. Зейнетақы жинақтаушы жүйесіндегі өзгерістер туралы толық ақпаратты қайдан алуға болады?

Зейнетақы заңнамасындағы сәйкестендірілген өзгерістер туралы ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің ресми www.enbek.gov.kz сайтынан, сонымен қатар, 1411 тегін тікелей желісі бойынша алуға болады. Сонымен қоса, бұл тақырып БАҚ көздерінде кең түрде жарияланатын болады.


19. Әйелдердің зейнет жасын неге көтереміз деп шештіңіздер?

Бұл ұсыныс неге негізделген? Бірінші кезекте, мемлекет зейнетке шыққаннан кейін лайықты өмір сүру үшін әйелдерге жаңа жағдайда жеткілікті қаржыны жинақтау мүмкіндігін беруге ұмтылады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, зейнет жасының көтерілуі зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттырудың бірден бір жолы болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ЗЖЖ аясында әйелдер үлесіне 45 пайыз келеді. Бұл ретте әйелдердің орташа зейнетақы жинау мөлшері ерлерге қарағанда 25 пайызға төмен.

Әйелдердің жинағы бірқатар себептер бойынша төмен:

- жүктілікке және туу бойынша демалыста болуы, ең төмен зейнет жасы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін төмендетеді.

- Әйелдердің еңбекақы төлемдерінің деңгейі ерлерге қарағанда төмен.

Сонымен әйелдердің зейнетке шыққаннан кейінгі орташа өмір сүру ұзақтығы 20,8 жасты құрайды, және бұл айтарлықтай көп, ер азаматтарға қарағанда - 12,9 жас.

Бұдан, зейнет жасының көтерілуі әйелдерге өздерінің зейнетақы жинағын арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер беретіні айқын көрінеді. Бұл ұсынысты қолдаған жағдайда зейнетақы жасының 63 жасқа дейін көтерілуі 10 жыл ішінде жылына 6 ай сайын кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сонымен:

Бірінші жылда зейнетақы жасын көтеруде әйелдердің зейнетке шығуы 58 жас және 6 айды құрайды.

2-жылда – 59 жас.

3 жылда – 59 жас және 6 ай.

4 жылда – 60 жас.

Ж.ә.қ.

20. Әйелдер қашан зейнетке шыға алады?

Қолданыстағы заңнама 58 жасқа жету негізінде зейнетке шығуды қарастырады. Дегенмен бұл жастан ерте зейнетке шығу келесі жағдайда мүмкін:

1) 53 жаста – туған және 5 және одан да көп балаларды кәмелет жасқа толғанға дейін тәрбиелеген әйелдердің 20 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі.

2) 45 жас – 29.08.1949 жылдан 05.07.1963 жыл аралығында он жылдан кем емес төтенше және максималды радиациялық тәуекел аймақта өмір сүрген әйелдердің 20 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі.



3) 50 жас – ЗЖҚ-да жеткілікті зейнетақы жинағы болған жағдайда.

21. Биыл мен 58 жасқа келемін. Ендеше мен зейнетке 63 жасқа дейін шыға алмаймын ба?

Жоқ, егер Сіз 58 жасқа келсеңіз, Сіз зейнетке бірден шығуға құқығыңыз бар.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет