Зертханалық ЖҰмысты орындауға арналған әдістемелік нұСҚау №1 Зертханалық жұмыстың аты



бет1/15
Дата17.11.2022
өлшемі50.56 Kb.
#465065
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практ лаб (копия)




ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

1 Зертханалық жұмыс




Зертханалық жұмыстың аты: Коммуникативтік тренинг
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Практикалық психологияда қолданылатын тренингтер.
Жұмыстың мақсаты: білімгерлердің кез келген ұжымның психологиялық ахуалын жақсартуда қолданылатын қарым-қатынас тренингін жасап үйрену.
Пререквизиттер: Психологиядан қолданылатын тренингтер жайлы мәлімет.
Постреквезиттер: Психологиядағы тренингтердің ерекшеліктері мен ықпалын білу, жүргізілуге машықтандыру.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:

  1. Психологияда қолданылатын тренингтерді білу.

  2. Әрбір психикалық процестер, қасиеттер, мінез-құлықты, темпераментке арналған тренингтердің жүргізу жолдарын білу.

Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Практикалық психологияда қолданылатын коммуникативтік тренингтерге шолу жасау.

  2. Тренингтердің түрлерін қарастырып келу.

Жұмысты орындау реті:

  1. Білімгерлер шеңбер бойымен орналасады.

  2. тақырыпқа сай дайындап келген тренингтерін орындайды.

  3. Соңында қай тренинг тиімді және қызықты болғаны талқыланады.

Қысқаша теориялық мағлұмат:
Мақсаты: Эмоционалды жағымды қатынас жасауға, кәсіби әрекетті орындауға ерекшелігінен танысу арқылы мүмкінділігін дұрыс пайдалана білуге, дағдылар арқылы қаылптасытру.
Қажетті құралдар: магнмиафон, қағаз, фломастер.
Әрбір жеке тұлға - өз ісінің қожайыны. Кәсіпкер, басшы, директор және т.б. қызметтерде қожайын болудың бір саласы. Адамда өзіне қожайын сезімін ояту үшін, тренингке қатысушыларға жаттығу жасату қажет. Жүргізуші топ мүшелерінің ішінен бір қатысушыға қожайын ролін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде санауы керек. Ол барлығына бұйрық береді. Дауыс ырғағы көтеріңкі, жуан аудитория еститіндей болуы міндетті. Ол қатысушыларға кез-келген әрекетті бұйрық беру арқылы орындата алады.
Жүргізушіге ұсыныс: Барлық қатысушылар осы рольде ойнауларына болады. Соңында топ оның рольді қалай ойнағандығын бағалайды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алатын болса онда жаттығу қайталанылады. Қожайын қызметіне түсу үшін қатысушыға өзіндік ішкі дайындық, ойын тиянақтауға уақыт беріледі. Содан кейін ғана дайын қатысушы ортаға өз еркімен шығады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет