Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі134 Kb.
Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 Қаулысы



      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   


Yкiметiнiң       
2004 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1413 қаулысымен    
бекiтiлген      

 Зоологиялық коллекциялар жинау


және оларды мемлекеттiк есепке алу
ережесi

 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу және бақылау тәртiбiн айқындайды.
      2. Зоологиялық коллекцияларға ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылықты танытатын, белгiленген тәртіппен тіркелген:
      1) тiрi организмдердің;
      2) жануарлар түрлерi мен олардың бөлiктерiнiң дымқыл және құрғақ препараттарының;
      3) тұлыптарды, ұшаларды, терілерді, сүйек қаңқаларын және олардың бөлiктерiн қоса алғанда, ылғалды және құрғақ тiркелген организмдердiң;
      4) жұмыртқалардың жүйелендiрiлген жинақтары жатады.
      3. Зоологиялық коллекцияларға:
      1) үй жағдайларында, жанды мҮйiстерде, виварийлерде, серпентарийлерде және инсектарийлерде, аң фермаларында, зоологиялық дүкендерде, сауда базаларында және өзге де сауда ұйымдарында ұсталатын тiрi жануарлардың жинақтары;
      2) ғылыми ұйымдардың, оқу мекемелерiнiң және мұражайлардың жүйеленбеген жиналымдары;
      3) осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген, жеке тұлғаларға тиесiлi жекеленген даналар;
      4) шығу тегi зоологиялық объектiлердi қолданумен жасалған бұйымдар;
      5) шаруашылық мақсаттарда пайдалануға арналған жануарлар бөлiктерiнiң жинақтары жатпайды.

 2. Зоологиялық коллекциялар жинау тәртiбi

      4. Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiледi. Зоологиялық коллекциялар жинау үшiн арнайы рұқсат алу талап етiлмейдi.
      5. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекциялар жинау мен оларды толықтыруы үшiн Қазақстан Республикасының әызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн аулауға және жинауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында (акваторийiнде), континенттiк шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының әызыл кiтабына енгiзiлгендерден басқа, жануарлар дүниесi объектiлерiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекцилар жинау мен оларды толықтыру үшiн аулауы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

 3. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк


есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi

      8. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алу оларды тиiстi уәкiлеттi органның зоологиялық коллекциялардың тiзiлiмiне енгiзуi жолымен жүзеге асырылады (1-қосымша).


      9. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында тиiстi уәкiлеттi органға мына материалдарды ұсынады:
      1) зоологиялық коллекцияны тiркеу туралы өтiнiш;
      2) объектiлердiң (экспонаттардың) мемлекеттiк тiлдегi, орыс және латын тiлдерiндегi тiзбесi;
      3) коллекцияның сатып алынғанын және оны иеленудiң (билiк етудің) заңдылығын растайтын құжаттар;
      4) зоологиялық коллекцияның болуын және оның жай-күйiн растайтын тиiстi уәкiлеттi органның аумақтық органының құжаты.
      10. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекцияның иесi ұсынған материалдарды ескере отырып және тиiстi уәкiлеттi орган жанындағы зоологиялық коллекциялар жөнiндегi комиссияның оң қорытындысының негiзiнде зоологиялық коллекцияны тiзілiмге енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
      Тiзiлiмге енгiзiлген зоологиялық коллекцияның иесiне белгiленген нысандағы куәлiк берiледi (2-қосымша).
      11. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнiң оның жай-күйі және коллекциялық экспонаттардың айналымы туралы есептi жылдан кейінгі 20 наурыздан кешiктiрмей беретiн жыл сайынғы есебiнiң негiзiнде тiзiлiмге енгізілген зоологиялық коллекциялар экспонаттары айналымының есебiн жүргiзедi.
      12. Тiзiлiмге енгiзiлген зоологиялық коллекциялардың иелерi  зоологиялық коллекцияларды жұртшылық алдында көрсете, зоологиялық коллекцияны толықтыра, зоологиялық коллекциялардың экспонаттарын әкете және әкеле алады, бұл ретте жануарларға көзқарастың мейiрiмдiлiк және этикалық нормаларын сақтауы, ерекше ғылыми, мәдени және эстетикалық құндылығы бар зоологиялық экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет.
      13. Белгiленген тәртiппен тiркелген зоологиялық коллекцияларды және олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкету және оның аумағына әкелу тиiстi уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады (3-қосымша).
      14. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшаларына енгізiлген жануарлар түрлерiнiң зоологиялық коллекциялары мен олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкету және оның аумағына әкелу үшiн осы Конвенция бойынша міндеттемелердi орындайтын әкiмшiлiк органның рұқсаты негiздеме болып табылады.
      15. Мәдени-тарихи құндылықтарға жатқызылған коллекциялардың экспонаттары болып табылатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн әкелу және әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы          


Үкiметiнiң                 
2004 жылғы 29 желтоқсандағы        
N 1413 қаулысымен бекiтiлген      
Зоологиялық коллекциялар жинау және 
оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне
1-қосымша                 

 Мемлекеттiк есепке алынған зоологиялық


коллекциялар тiзiлiмiнiң
нысаны

      1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi.


      2. Тiркелген күнi.
      3. Коллекцияның атауы.
      4. Иесi.
      5. Иесiнiң мекен-жайы және коллекция орналасқан жердiң мекен-жайы.
      6. Меншiк нысаны (мемлекеттiк ұйымдар үшін ведомстволық бағыныстылығы).
      7. Коллекцияның мақсаты (ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және басқалар).
      8. Коллекцияның негiзi қаланған жыл.
      9. Негiзгi топтар бойынша коллекция объектiлерiнің номенклатурасы мен санын көрсете отырып, оларды сақтау бiрлiктерiнiң саны, тiзбесi.
      10. Коллекцияның шығу тегi (коллекцияны иемденудiң, оған иелiк етудiң, жинаудың заңдылығын растайтын құжаттар).
      11. Коллекцияның сипаттамасы (тiрi организмдер, тұлыптар, жұмыртқалар, құрғақ және ылғалды препараттар және басқалар).
      12. Бiрегей объектiлердiң болуы (әызыл кiтапқа енгiзiлген типтер, паратиптер, түрлер).
      13. Коллекция құрамындағы өзгерiстер (айналымы).
      14. Коллекцияны сақтау (ұстау) шарттары.
      15. Сараптама комиссиясының зоологиялық коллекциялар бойынша қорытындысы.
      16. Коллекцияның қайта тiркелгенi туралы белгi. 

 

                                      Қазақстан Республикасы


                                            Үкiметiнiң
                                     2004 жылғы 29 желтоқсандағы
                                   N 1413 қаулысымен бекiтiлген
                                 Зоологиялық коллекциялар жинау және
                             оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне
                                            2-қосымша

                  Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге


                           енгiзу туралы
                              N_куәлiк

____________________________________________________________берiлдi,


                             (иеленушi)
__________________________________________________________________
           (тiрi жануарлар, ұшалар, тұлыптар және т.б.)
____________________________________________________________тұратын
      (таксономикалық топтардың атауы, экспонаттардың саны)
__________________________________________________________коллекция
                        (коллекцияның атауы)
__________________________________________________________қойылған.
                      (иеленушінiң мекен-жайы)

200_жылғы "_"___ N ___ мемлекеттiк есепке алынған зоологиялық


коллекциялар тiзiлiмiне енгізiлдi.

Куәлiктiң қолданылу мерзiмi тiркелген сәттен бастап 5 жыл.

Берiлген күнi 200_жылғы "_"___________

________________________        ____________


   (Т.А.Ә. лауазымы)               (қолы)

                                   М.О

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     2004 жылғы 29 желтоқсандағы
                                   N 1413 қаулысымен бекiтiлген
                                 Зоологиялық коллекциялар жинау және
                             оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне
                                            3-қосымша 

                 Зоологиялық коллекцияларды және олардың


                    жекелеген экспонаттарын Қазақстан
              Республикасынан тысқары әкетуге және/немесе
                    оның аумағына әкелуге берiлген
                               N__рұқсат

200 жылғы "_"____________бастап 200_ жылғы "_"_______________дейiн


қолданылады.

Елге әкелу________________________________________________________


Елден әкету_______________________________________________________
Жөнелтушi_________________________________________________________
Алушы_____________________________________________________________
Коллекциялардың атауы_____________________________________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және күні 200_ жылғы "_"_________N____
Коллекциялық материалдың сипаттамасы және даналар саны____________
__________________________________________________________________
Мақсаты___________________________________________________________
Ерекше шарттар____________________________________________________
Берiлген күнi 200 жылғы "_"________________

Уәкiлеттi органның басшысы_______________         ______________


                              (Т.А.Ә.)               (қолы)

                                                  M.О.



      
Каталог: cms -> uploads -> files
files -> Перечень лекарственных средств, отпускаемых бесплатно
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі n 1140 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
files -> Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы
files -> Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
files -> Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы
files -> Сауалнама асбк мүшелігіне кіру үшін өтініш
files -> Акционерное Общество «Алматинский вагоноремонтный завод» объявляет о проведении закупок – Товарно-материальных ценностей
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет